В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Жылжымалы емхана

27.09.2017

Қарау саны: 43

; assetEntryID = 700820

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің қызметкерлері алғаш рет медициналық мекемелерге бармай-ақ профилактикалық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Енді дәрігерлер шахтерлер мен кен байытушыларға өздері келеді. Жасалған шарттың негізінде Семей қаласының кеңес беру-диагностикалық орталығы өзінің Жылжымалы медициналық кешенін ұсынып отыр. 

«Мұндай жылжымалы медициналық кешенді пайдалануға аудандық ауруханалардағы білікті дәрігерлер мен тиісті медициналық жабдықтардың жоқтығы себепкер болды. Айталық, Шемонаиха орталық аудандық ауруханасында аллерголог, психиатр мамандар жоқ. Ал қажетті дәрігерлер болмаса, сапалы медициналық тексерістің болуы да екіталай. Яғни, біз белгілі бір ауруды бастапқы кезеңде анықтай алмаймыз деген сөз», – дейді  Ринат Нұриманов, «Шығыстүстімет» ЖШС-нің профпатолог дәрігері.

Мамандардың айтуынша кәсіби ауруларды қасқана жасыру жағдайлары да кездесіп жатады. Мұның зардабы ауыр екені айтпаса да түсінікті.

Жылжымалы медициналық кешенде қан алу, гинеколог, УЗИ, ЭКГ, рентген кабинеттері бар. Бұл емдеу-алдын алу мекемесі медициналық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізіп, ауруларды ерте кезеңде анықтай алады. Бұған қажетті барлық медициналық жабдықтары да бар.

«Жылжымалы медициналық кешен кез-кезген өндірістік алаңға, кенішке немесе фабрикаға бара алады. Медициналық тексерістер ауысымның алдында немесе ауысымнан кейін жүргізіледі. Тағы бір артықшылығы – мұнда артық адамдар болмайды. Тек қана біздің компанияның қызметкерлері ғана тексерістен өтеді», – дейді Ринат Нұриманов.

Барлық қызметкерлерді қамту үшін жылжымалы медициналық кешен әр кәсіпорынның жанында қажетті уақыт тұрақтайды. Жоспарға сәйкес тамыз-қыркүйек айларында ЕӨК, қыркүйекте ОӨК және қазан-қараша айларында АӨК қызметкерлері тексерістен өтпек. Егер қажет болса, дәрігерлер қайталап келуі де мүмкін. Медициналық тексерудің нәтижелері бойынша мамандар Шығыстүстіметтің қызметкерлеріне жеке нұсқаулар береді. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов