В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Жеңістің дәмі тәтті

27.09.2016

Қарау саны: 58

; assetEntryID = 715467

"Біздің өміріміздегі корпоративтік құндылықтар" конкурсының жеңімпазы KPBV құрылыс бөлімінің құрастыру жұмыстары жөніндегі кураторы Мерей Кенесарин  мен күміс жүлдегер - Анель Даутованың анасы KPBV алматылық кеңсесі әкімшілік департаментінің басшысы Лейла Даутова kazminerals.info редакциясына конкурс нәтижелерін білген кездегі сезімдерімен бөлісті.  

- Мерей, Лейла, алдымен сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Нәтижелер жарияланғанда қандай сезімде болдыңыздар?

ЛД: Рахмет сіздерге! Конкурстың қорытындыларынан қызымның есімін көргенде балам үшін мақтаныш сезімі болды! Яғни оны оқыту мен тәрбиелеуге кеткен еңбегіміз зая кетпегені қуантты. Сонымен қатар бұл өте маңызды жеңіс біз үшін. Себебі өмірдің өзі жарыс қой.  Біздің компаниямызда көп адам жұмыс істейді. Сол себепті бәсекелестік те айтарлықтай. Есесіне жеңіс те тәтті.

МК: Рахмет! Жеңіс үнемі жақсы көңіл-күй сылайтыны рас! Оның үстіне фотосурет өнерімен айналысып жүргенімен көп уақыт болған жоқ. Дегенмен ол өзінің жемісін бергені қуантады. 

- Лейла, қызыңыздың суреті көркемдік жағынан ең ерекше туынды болды. Суретті салу қалай өрбіді? Идея авторы кім болды? 

ЛД: Конкурс туралы хабарландыру келгенде оны бірден қызыма көрсеттім. Көмек болсын деп корпоративтік құндылықтар туралы брошюраны да көрсеттім. Ал кейін тіптен жақсы көмек болсын деп мазасын алмадым. Шынымды айтсам, суреттің алғашқы эскиздерін және өлең жолдарын көргенде қатты таң қалдым. 

- Мерей, сіздің туындыңыз корпоративтік газеттің мұқаба бетінде болды. Сіз үшін тосынсый болды ма?

МК: Мен конкурста жеңіске жеткеніме қуанып жүргенде мен түсірген сурет газеттің мұқаба бетіне шығып, ерекше тосын сый болды! Жұмысқа қатты кірісіп, конкурс туралы мүлдем ұмытып кетіппін. Сосын сайтта жарияланған газеттің мұқабасын көріп қатты қуандым!

- Конкурсқа жолданған суреттерді түсіру қалай жүзеге асты? Идея авторы кім? Шабыт қалай келді? 

МК: Суреттерді түсіру кезінде менің әріптес достарым атсалысты. Идеяларды бірге талқыладық. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Молдашева Динараға, Сүйінбеков Данирге, Әбен Дінмұхамедке және Иманбердиев Жандосқа мені конкурсқа қатысуға көндіргендері үшін алғыс айтқам келеді. 

- Конкурстың атауы "Біздің өміріміздегі корпоративтік құндылықтар". Өздеріңіз өмірде қандай құндылықтарды ұстанасыздар? 

ЛД: Компаниямыз басым бағыт ретінде таңдаған бес құндылық та кез-келген істегі табыстың кепілі. Өмірлік және кәсіби жолда мен көптеген адамдармен жұмыс істедім. Осы адамдар мен ең басты құндылық болып табылады. Себебі олар айналаңдағы барлық құнды нәрсенің себепкері. Адамдар және олардың қасиеттері - біздің басты құндылығымыз.

МК: Мен үшін бұл конкурс пайдалы, әрі жағымды болды. Біз ауызбіршілігімізді көрсетіп, креатив жасай білдік. Корпоративтік құндылықтар тек фотосуретте ғана емес, шынайы өмірде де бар. Біз оларды бұлжытпаймыз. 

- Жауаптарыңызға рахмет! Шығармашыл ұжымға айтарыңыз бар ма? 

МК: Конкурсты ұйымдастырғаныңыз үішн рахмет! Мен осындай іс-шараларға қатысуға үнемі дайынмын.  Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

ЛД: Өз басым өмір сүйгіш, әрі күйгелек адаммын. Кез-келген конкурсқа қатысуға тырысамын. Себебі ол жерде көптеген адамдармен тынысасын. Сол себепті барлықтарыңызға жаңа конкурстар мен тың идеялар тілеймін!

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов