В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Жаңарған зертханалар

13.12.2017

Қарау саны: 64

; assetEntryID = 699036

«Шығыстүстімет» ЖШС-де талдау зертханаларын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталуға шақ қалды. Жоба бірнеше кезеңге бөлінген. Алғашқысы – Артемьев өндірістік кешенінің талдау зертханасын жаңғырту.

«Қазіргі уақытта Николаев кен байыту фабрикасының аумағында жаңа зертхананың ғимараты салынды. Қосымша талдау жабдықтары, зертханалық жиһаз сатып алынды, оларды іске-қосу реттеу және жиһазды құрастыру жұмыстары басталды. НБФ аумағы тектен тек таңдалып алынған жоқ. Бұл жеделдікті қамтамасыз етеді. Сынамалар 5-10 минуттың ішінде фабрикадан зертханаға жеткізіледі. Оларды тасымалдауға қосымша көліктік шығындар қажет болмайды. Адамдарды да қосымша жұмылдырудың қажет жоқ. Сонымен қатар өндірістік алаң болғандықтан мұнда күзет пен қауіпсіздік техникасының лайықты деңгейі сақталады», – дейді Айсұлу Короткова, «Шығыстүстімет» ЖШС талдау зертханаларын жаңғырту» жобасының жетекшісі.

Сонымен қатар қазір Ертіс өндірістік кешенінің зертханасын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың қасбеті жөнделіп, жылыту және инженерлік желілер ауыстырылды, зертхананың электртехника саласы ауыстырылуда. Алдағы жылға әрлеу жұмыстары жоспарланған. Жақында өткен инвестициялық кеңесте Орлов өндірістік кешенінің химиялық зертханасындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізу туралы шешім қабылданды. Жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алды. Жаңғырту жұмыстары зертхананың қолданыстағы ғимаратын қамтиды. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов