В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Зертханадағы ауыр атлет

09.06.2017

Қарау саны: 20

; assetEntryID = 703207

Әрбірімізде осындай жағдай болған шығар - әріптесіңмен күнделікті бірге жұмыс істейсің, оны бүге-шүгесіне дейін танитын сияқтысын. Ал сайып келгенде оның кәсіпқойлығынан басқа да көптеген қырлары бар болып шығады. Осындай жандардың бірі - Александр Яковлевич Кривицкий. Ол таңқаларлық адам, спортты жанындай сүйеді. Оның аты Қазақстаннан тысқары жерлерге де танымал. Өзі АӨК өлшеу құралдары мен есептеу зертханасының БӨҚ таразысын жөндеуші болып қызмет етеді.

Ол 18 жасында ауыр атлетика спорт шеберіне үміткерліктің нормативтерін орындаса, 19 жасында спорт шебері атанды. Бір кездері КСРО құрама командасының қатарында өнер көрсеткен. Осы жылдар ішінде ол бүкіл Кеңес Одағын және басқа да көптеген елдерді аралады. Бресттегі әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері, Констанциядағы (Румыния) Достық кубогының иегері атанған. Сонымен қатар, КСРО халықтары чемпионатында жеңіске жеткен. Дегенмен Александр халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен республикалық санаттағы төреші атақтарын ерекше құрметтейді. 

«Спорт – адамның мінезін қалыптастырады. Қай жерде және кім болып жұмыс істемесең де адамның мінез-құлқын спорт қана шынықтырады. Бұл менің пікірім. Біреу онымен келісер, біреу келіспес. Мен спортсыз өмірімді елестете алмаймын», - дейді Александр Кривицкий.

Дәл осы қасиетінің арқасында біздің әріптесіміз көптеген қиындықтарды жеңе білді. Жас зіл теміршінің спорттағы мансапы қарқынды дамыды. Тіпті 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына қатысуға үмітті спортшылардың қатарында оның аты да бар еді. Алайда Измайловодағы спорт кешеніндегі іріктеу жарыстарында Александр ауыр жарақат алып, біршама уақыт спорттан тыс қалады. 

Кейінгі жылдар әріптесіміз үшін оңай болған жоқ. Дегенмен ол спорт саласындағы жоғары білім алып, спортты аңсап жүреді. Тіпті Үлбі металлургиялық зауытының цехында жұмыс істеп жүріп, спортты ұмытқан емес. 5 разрядты аппаратшы болып жұмыс істеумен қатар, зауыттың барлық жарыстарына қатысып жүрді. 

Усть-Таловка кентіне келгенде шипажайға массаж маманы болып жұмысқа орналасады. Денсаулығын түзеуге келген көптеген адамдар оның  қолының дерт жаза алатын қасиетін әлі күнге дейін айтып жүр.

Сөйтіп, тағдыр оны тағы да спортпен қосады. Елді мекенде спорт кешені салынып, оның басшылығын Александр Яковлевичке ұсынады. Басшылық пен тұрғындар тарапынан артылған сенімнің жүгін сезінген ол жұмысқа жанымен беріледі. Спорт кешенінде 12 спорт түрінен 16 секция жұмыс істеп тұрды. Кривицкий мырза басшылық еткен 15 жылдың ішінде спорткешенінің қабырғасынан кеншілер кентінің атын шығарған көптеген талантты спортшылар түлеп шықты. 

Бұдан кейін әріптесімізді тағдыр тағы да сынамақ болды. Әдетте талай адамды төсекке таныған жамбасқа жасаған операциядан кейін ол өз аяғымен жүріп қана қоймай, жаттықтырушы болып жұмыс бастап кетеді. Алайда спорткешенін Шемонаиха ауданының әкімдігіне берген соң қызметкерлер саны қысқарады. Александр жұмысшы мамандығын еске алып, өндіріс саласына жұмыс келед. Қазір ол АӨК өлшеу құралдары мен есептеу зертханасының БӨҚ таразысын жөндеуші болып жұмыс істейді. Өзінің жұмысын жедел жәрдемге теңестіреді. 

«Жұмысты тиянақты атқару керек. Қолға алған ісің болса, оны аяғына дейін жеткізген жөн», - дейді кейіпкеріміз.

Қазір Александр бос уақыты бола қалса, спорт үйірмесін жүргізеді. Ол республикалық олимпиадалық резервтің филиалы ретінде тіркелген. Оның қатысушылары республикалық жарыстарға дайындалып жатыр.0

«Маған Александр Яковлевичте жаттыққан ұнайды. Бізге бар білгенін үйретеді. Жақында жарысқа барамыз. Жаттықтырушының сенімін ақтауға тырысамыз», - дейді Андрей Прядко. Ол 12 жасында 1-ересектер разрядын алып үлгерді. 

Қазір Александр спорт үйірмесіне арналған басқа орын табуды аңсап жүр. Өйткені балалардың мектеп төлесінде шынығып жүрген жайы бар. Жақында өткен жарыста оның 3 оқушы алтын медаль алып, ШҚО-ның ауыр атлетикадан құрама командасына кірді. 

 

Константин Докучаев,

Усть-Таловка кенті

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов