Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Тепе-теңдік пе?

13.12.2016

Қарау саны: 0

Бір айдың ішінде редакциямызға қардан немесе өзге материалдардан жасалған үздік мүсінді анықтайтын конкурсқа қатысуға компания қызметкерлерінен және олардың отбасыларынан 20 астам туынды келіп түсті.

Туындылардың көпшілігі Шығыс Қазақстаннан келді. Қатысушыларға қапалақтап жауған қар да, конкурс жарияланғаннан кейін бір апта ішінде түскен үскірік аяз да кедергі бола алмады. Мүсіндерді жасау барысында ұжымдар мен отбасылар нағыз командалық жұмыс пен адалдықты көрсетті. Ұйымдастырушылардың атына фото немесе бейне сүйемелдеуі жоқ бірде-бір туынды келген жоқ.

«Барлық қатысушылар нағыз шығармашылыққа беріліпті. Бірлеулер мүсіндерді қолда бар материалдардан үйде отырып жасаса, енді біреулер дәстүрді бұзбай, далада қардан мүсін жасап жатты. Біз Аяз Ата  мен Ақшақарды, Аққала мен қызыл әтешті, тіпті слесарьді жасап жатқаны туралы фото және бейне дәлелдерді көрдік! Мүсіндердің барлығы әртүрлі. Дегенмен олардың бәрі керемет. Сондықтан осы жолы нақты бір қатысушыны жеңімпаз деп атай алмадық», – дейді Айжан Закирьянова, KAZ Minerals  Тобы Корпоративтік байланыстар департаментінің маманы.

Конкурс Жаңа жыл қарсаңында өтіп жатқандықтан ұйымдастырушылар ешкімді бөлектемей, барлық қатысушыларға пледтер мен термокружкалар сыйлауды ұйғарды.

Туындылардың арасында таң қалдырғандары да болды.  Айталық, Николаев кен байыту фабрикасының алдында тұрған, әрі адамның бойынан екі есе асып түсетін мүсіндер.

«Аяз Ата мен Ақшақарды жасау туралы идея маған және менің әріптестім – фабриканың аға диспетчері Наталья Щестацкаяға келді. Мүсіндерді жасаумен сүзгілеу және тиеу бөлімінің тиеушісі Әлібек Шаяхметов айналысты. Ал мүсіндерді сырт келбетін сәндеген  -  флотатор Ольга Дьяченко», – деп жазды хатында Елена Шангутова, Николаев кен байыту фабрикасының ӘТК меңгерушісі. «Бұл мүсіндерді жасау үшін көп қар керек болды. Абырой болғанда биыл Усть-Таловкада қар жеткілікті. Алдымен үлкен шаршы түріндегі қар бөліктерінен үйінділер жасап, сосын артық жерлерін алып тастадық. Соңында бояп шықтық», – дейді Әлібек Шаяхметов.

Сөйтіп, жаңажылдық мерекенің басты кейіпкерлеріне келер жылдың символы да қосылды.

«Мүсінді жасаудағы ой – алдағы жылдың символы – Қызыл қоразды жасау еді. 12 қарашада Усть-Таловкада көп қар жауды. Кешке дейін қарды бір жерге жинадық. Ал келесі күні үйінді қардан әтештің бейнесін жасай бастадық. Артынан бүкіл отбасымызбен боядық. Бұл символ келер жылы жаңа жетістіктер, жұмыста табыс және жақсы көңіл күй алып келсін», – деп жазыпты Қанат Қанғалаков, «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешені жөндеуді жоспарлау бөлімінің жетекші инженері.

Востокэнергоның ұжымы мүсінге нысан таңдап алуда креатив танытты.

«Біздің кәсіпорынның  негізгі іс-қызметі жылу және су жеткізу болғандықтан біз құдықтан шығып келе жатқан слесарьді жасадық, – дейді Анастасия Рузавкина, «Востокэнерго» ЖШС еңбекті ұйымдастыру жөніндегі инженері». – Мұндай керемет конкурсқа қатысу мүмкіндігі пайда болғанда өте қуандық. Бір сергіп қалдық, әрі жағымды эмоцияларды бастан кешірдік. Мереке құтты болсын!»

«Анашым екеуіз  аққаала жасап, оған Теплосерд деп ат қойдық. Енді қыстың кереметіне онымен бірге қуанып жүрміз. Себебі бұл сиқырлы кезеңде барлық арман-тілектер орындалады», – деп хат жолдапты жеті жасар  Мирас, KAZ Minerals  Бозшакөл қаржылық басқармасының бастығы Салтанат Байқадиеваның ұлы.

«Бұл қызымыз Диананың  тұңғыш аққаласы», – деп мақтанышпен хабарлады Ирек Зиннуров, KAZ Minerals Бозымшақ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы.

«Менің атым Таисия. Мен бес жастамын. Бала бақшаға барамын. Менің әкем Захаров Иван Юрьевич, Артемьев шахтасында жұмыс істейді. Міне, менің кішкентай аққалам».

Ал Шығыстүстіметтің заңгерлері конкурсқа басқа жағынан кірісіпті.

«Командалық жұмыс  корпоративтік құндылығын іске асыру мақсатында «Шығыстүстімет» ЖШС заңгерлік басқармасы жаңажылдық конкурсқа қатысуға бір ауыздан келісті.  Басқарманың қызметкерлері Өскемен қаласындағы Протозанов көшесі №117-119 үйлерінің ауласында балаларға арналған сырғанақ төбешік жасады», – деп баяндады  «Шығыстүстімет» ЖШС заңгерлік басқармасы.

Басқа қатысушылар мүсіндерді үйде жасауды ұйғарыпты. Ең танымал құрылыс материалы ретінде бір реттік пластик стакандар пайдаланылды.

«Бұл аққаланы  осылайша жасауды әйелім ұсынды. Негізгі қолданылған құралдар  - ол пластик стакандар, степлер, желім және түрлі-түсті қағаздар», – дейді Жәнібек Алтынбеков, «Шығыстүстімет» ЖШС тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу басқармасы сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің маманы.

Қатысушылардың біреуі кезінде танымал болған папье-маше технологиясын сәтті жаңғыртты.

 «Аққаланы  жасау үшін ескі газеттер, ақ қағаз, жүгері крахмалы, ақ бояу және әуе шарлары қажет. Алдымен газет пен қағаздан көп қылып бөліктер кестік. Содан кейін крахмалдан клейстер дайындап қойдық. Шарларды әртүрлі қылып үрлеп, оларға бірнеше қабат қағаз жапсырдық. Сосын оны шамалы уақыт кептіріп, ақ бояумен сырладық. Екі шарды біріне-бірін қосып едік, аққаланың денесі пайда болды. Одан кейінгі қадам – мүсіндердің киімін сурет қылып салу. Бітті, мүсіндер дайын!  Киндер-сюрпризді де дәл осылай жасадық», – дейді Дина Гизатулина, Артемьев шахтасының ЭЕМ операторы.

«Ақтоғайдағы жаңажылдық ертегі» мүсінін жасау үшін зертханалық жиһаздың қаптама матриалдарын – пенопластты пайдаланған. Өндірістік зертхананың қызметкерлері пенопласттың бөлшектерін скотпен және құлақ тазалайтын таяқшалармен бекіткен. Сөйтіп, түрлі-түсті маркерлермен және қаламдармен бояған.

 «Любая нам работа по плечу,

Мы просто излучаем позитив.

У каждого есть «надо» и «хочу»,

А вместе мы – отличный коллектив».

«Өз қолыммен жасалған жаңажылдық шырша»,  – Наргиза Куватбекова, KAZ Minerals Бозымшақ қызметкерлер жөніндегі департаменттің маманы, өзінің туындысын осылай атапты.  

«Біз конкурсқа қатысамыз деп шешкен уақытта Алматыда мүлдем қар жоқ еді. Сондықтан аққаланы жасайтын материал табу керек болды. Көп ойланып, ақырында жіптен жасайтын болдық. Яғни, жіпті үш орама етіп, оларды желіммен бекіткеннен кейін сәндеу ойымызға келді. Жіптен жасалған шарларды кептіріп жатқанда Алматыда қар жауды. Амал нешік?... Терезеге бір қарап қойып, ісімізді әрі қарай жалғастыра бердік. Әп-әдемі аққала болып шықты. Қазір ол үстелдің үстінде тұр және әрдайым Жаңа жылдың, сиқырлар мен сыйлықтардың мерзімі жақындап қалғанын еске салады», – дейді Денис Желтов, KAZ Minerals Management қосымшалар әкімшісі- бас маман.

Ұлыбританиядағы әріптесімізден де конкурсқа өтініш түсті.

«Сәлеметсіздер ме! Мен Лондонда тұрамын және KAZ Minerals-та жұмыс істеймін. Әйелім екеуіміз Солтүстік Ирландияның тумасымыз. Ал ұлымыз Уилл 3 жыл бұрын Лондонда дүниеге келген. Әрине, Лондон Қазақстандағы біздің шахталардан алыс орналасқан. Сондықтан Уиллдан «мүсінді тау-кен ісіне қатысты жасағың келе ме?» деп сұрағанда «Жоқ!» деп жауап берді. Онда Рождестволық тақырыпты ұсындық. Бұған де келіспеді. Өз ойын сұрап едік «Пеппа торайын жасаймын» деді! Нәтижесі суретте», – деп хат жолдады Алекс Кэмпбелл, KAZ Minerals PLC корпоративтік хатшысының аға ассистенті.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов