В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Темірдей мықты ханымдар

07.03.2020

Қарау саны: 3572

; assetEntryID = 692535

Абашкиндар-Климовтар әулетін матриархаттық деп атауға болады. Отбасыда әйелдер басым – олардың барлығы жігерлі және белсенді. Ерлер әзірше екеу ғана. Біз бүгін Орлов шахтасының вертикальды шахта ішіндегі көлік (ШІК-1) учаскесінің ғажайып әйелдер әулеті туралы сөз қозғаймыз.

Светлана Васильевна Абашкинаны «Орловкада» көбі біледі. Басшылардың өзі оны жүзінен таниды және оған аты-жөнін айтып сөйлеседі. Бұл Светлана Васильевнаның жасына емес, беделіне деген сыйластық. Светлана Васильевна 2014 жылдан бастап зейнеткерлік жаста, бірақ кеніштен 2016 жылы ғана жұмыстан шықты. Оны қазірге дейін еске алады. Оның шені мен лауазымына қарамастан қарамай кез-келген адамның алдында өз пікірін қорғаудағы табандылығы мен жігерлігі есте қалған. Өзінің еңбек қызметін ол Орлов ӨК кәсіподақ белсендісі қызметімен қоса атқарған. Ол әрдайым жұмысшылар арасында беделге ие болған, ал кейбір басшылар оның «өткір сөзінен» тайсалатын. Зейнетке шығуына байланысты жұмыстан шығар алдында Светлана Васильевна «Еңбек ардагері» («Ветеран труда») медаліне лайықты деп танылды.

«Жезкентке мен 1979 жылы келгенмін, алғашқыда қонақ ретінде. Жас кентке, оның айналасындағы бұрқылдап жатқан энергияға тәнті болдым. Ол салынып жатты және келешегінің үлкен болатынына сендірді. Мен көшу туралы шешімді оңай қабылдадым. Жезкентте жұмыс көп болды, жас мамандарға тұрғын үй берілді - бастапқыда жатақхана, кейін, өте жылдам, кезек бойынша жайлы пәтерлер. Мен Орлов шахтасының пайдаланылған кеңістігін толтыру учаскесіне (бұрын БГТ – бетонды-гидравликалық түйін) жұмысқа орналастым.

Ұжым сол кездері жақсы еді, учаскенің бастығы Виталий Андреевич Магильный болды. Жұмыс жеңіл жасалатын, жұмысқа мейрамға барғандай баратынбыз! Сол жерде, БГТ-да, мен өз тағдырымды – болашақ жұбайым Сергей Абашкинды кездестірдім. Сол кезде оны шахтадан қоймада құмды скреперлеуге жіберген. Кейін мен вертикальды шахталық көлік учаскесіне оқпаншы болып ауыстым.

Сергейдің анасы Фаина Александровна Абашкина сол кезде Жезкент тау-кен байыту комбинатының аға геологы болып жұмыс істеген, менің жұбайымның апайы Людмила Климова Орлов шахтасында учаскелік геолог қызметін атқарған. Мен де шахтерлар отбасынан шыққанмын - әке-шешем көмір шахтасында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта менің балаларым сол жерде – Орлов ӨК-нде еңбек етеді. Қызым Галина – көтеру қондырғысының машинисті, мен сияқты белсенді, бригадир, оның бригадасында 22 машинист бар. Оның жұбайы, яғни, менің күйеу балам Николай Климов - учаске шебері. Ұлым Александр сол учаскеде конвейер машинисті болып еңбек етеді. Менің сүйікті келінім Ксения да көтеру қондырғысының машинисті. Жалпы, біз барлығымыз шахтермыз және «көтерменің» шахтер қыздарымыз.

Менің екі немерем бар. Үлкені, Валерия, Барнаул қаласындағы университетте «Экономикалық қауіпсіздік» факультетінде оқиды, бүлдіршін, Софья, үшінші сыныпта.  Ол келешекте кім болатынын әлі анықтаған жоқ, бірақ жануарларды, әсіресе, жылқыларды өте жақсы көреді. Біздің отбасымызда әйелдер басым. Мен ерте жесір қалдым, балаларды өзім аяққа тұрғыздым және бұны мақтан етемін, өйткені олар тамаша болып өсті.

Көктемнің және әйелдердің керемет мейрамы қарсаңында, компанияның барлық жұмысшы әйелдеріне мықты денсаулық, махаббат және әйел бақытын тілеймін!»

Қызы Галина:

- Көтерме машинисті болып жұмыс істеуді ешқашан армандаған емеспін, мектептен кейін тауартанушылық колледжінде оқыдым. Бірақ мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмадым. Кейін анамның беделінің және оның кеңестерінің арқасында, мен «көтермеге» жұмыс істеуге бардым. Біраз қобалжыдым. Бұл үлкен жауапкершілік – жүкті, оған қоса адамдарды түсіру-көтеру. Бақытыма орай, тәлімгерлер жақсы болды – Гүлжан Дисюнгалиевна Бариева. Ол қазір біздің учаскеде басқару пультінің операторы болып жұмыс істейді, менің оған алғысым шексіз. Біздің ұжым негізінде әйелдерден құралған, сол себепті қарапайым емес. Қыздардың бәрін жақсы көремін, бірақ қатал болуға тырысамын, онсыз болмайды. Бізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Шын мәнінде, әйелдер нәзік жанды екені туралы пікірді ескірген деп ойлаймын. Кейде жұмыста едәуір қатты психологиялық сынақтарды бастан кешіресін. Бірақ мен өкінбеймін, жұмысымды жақсы көремін. Барлық әйелдерге ештеңеге қарамастан, көңілді, табанды, әдемі болып қалуды тілеймін! Әйелдер мейрамында барлық көктемгі гүлдер біз үшін болсын!

Келіні Ксения:

- Мен Абашкиндер отбасына келген кезде, ешкім менің қайда және кім болып жұмыс істейтінім туралы ұзақ ойланған жоқ. Енемнің кеңесі бойынша, мен еш күмәнсіз «көтермеге» жұмысқа орналасуға бардым. Әрине, бірден оңай болған жоқ, бірақ мен Светлана Васильевнаның учаскесіне түстім. Туыстарымның мұндай қолдауымен маған қорқынышты болған жоқ, әрдайым қасымда Светлана Васильевна, Галина болды, менің жұбайым Александр да әрдайым қолдап отырды. Міне, менің «көтермеде» жүргеніме бес жыл болды. Ұжым көңілді, еңбеккер. Біз жұмыстан қорықпаймыз. Біздегі әйелдердің жүйкесі темірдей мықты!

Әйелдер күні - 8 наурызда әр әйелге денсаулық тілеймін, қуаныш пен күлкі жиі олардың жүздерінде болсын!

Немересі Валерия:

- Менің әжем Светлана Васильевна – өте мықты және жігерлі адам. Сырттан қарағанда ол нәзік гүлдей болса да, оның ішінде оның жұмысында көмек болған темір өзек бар. Өз өмірінің үлкен бөлігін ол Орлов ӨК-нде өткізді. Ауыр еңбек жағдайларына қарамастан ауысымға кірісті, бұл әжемнің – жаны мықты адам екенін тағы да көрсетеді. Сондай-ақ, менің әжем кәсіподақ комитетінің өміріне белсенді қатысқан, соның арқасында менің бала кезім әсерлі және ұмытылмастай есімде қалды.

Менің анам Галина Сергеевна Света әжем сияқты жігерлі және мықты қасиеттерге ие. Анам байсалды болып көрінгенмен, оның мінезі нәзік әрі жұмсақ. Ол мені күнде өз махаббаты мен мейіріміне бөлейді. Ол сонша мейірімді қайдан алатынын білмеймін. Онсыз да ол ауыр өндірісте еңбек етеді ғой.

Менің әжем Людмила Николаевна – өте қызықты әрі мейірімді әйел. Өндіріс жұмысына үлкен үлес қосты, әсіресе геологиялық бөлімге. Ол маған әрдайым тау жыныстарының түрлерін көрсететін, осылайша мені табиғат білімдеріне, туған бай өлкеме махаббатқа баулитын.

8 наурыз күні мен өз туыстарымды және барлық әйелдерді осы тамаша мейраммен құттықтағым келеді! Жүздеріңізден күлкі кетпесін, ал үйлеріңіз әрдайым тыныш әрі жайлы болсын. Мейрамдарыңызбен, құрметті ханымдар!

Немересі Софья:

- Барлық қыздарға мейрам күні көп-көп түрлі сыйлықтар мен көп-көп кәмпит тілеймін!

 

 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов