KAZ Minerals ежегодно реализует множество проектов для своих работников.

null ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

07.06.2017

Қарау саны: 8

Зерттеулер сәйкес ұялы телефонды қолдану немесе онымен ұзақ сөйлесу кеңістіктік және когнитивті қабылдауды айтарлықтай төмендетеді. Мәселен, автомобиль немесе өздігінен жүретін құрал-жабдық сияқты қауіпті объектілердің жанында болғанда немесе шешімді қабылдауды талап ететін аса маңызды тапсырмаларды орындаған кезде, біздің назарымыз орындалатын іске бағытталуы тиіс. Көпшілік пікірге қарамастан, адам миы бірнеше тапсырмаларды бір уақытта орындай алмайды. Ол бір тапсырмадан екінші тапсырмаға жылдам ауыса алады, алайда, бұл жағдайда тиімділік төмендейді.

Сонымен, жүру немесе көлікті жүргізу кезінде сіз:

  • Қоңырауға жауап беріп, ұзақ сөйлестіңіз бе?
  • Хабарламаны оқу немесе оны жазумен айналыстыңыз ба?
  • Әлеуметтік желілерді тексердіңіз бе?
  • Навигациялық қосымшаларды қолдандыңыз ба?

Жоғарыда аталғанның біреуін орындаған кезде, Сіздің миыңыз айналада болып жатқан оқиғаларға толық назар аудара алмайды. Бұл – жұмыс орнында және жұмыс орнынан тыс жерде пайда болатын өте қауіпті тәуекел.

 

Ұялы телефондарды қауіпсіз пайдалану ережелері

KAZ Minerals кәсіпорындарында келесі жағдайларда ұялы телефондарды пайдалануға қатаң тыйым салынады:

  • Автокөлік немесе өздігінен жүретін басқа құрал-жабдықтарды жүргізу;
  • Құрал-жабдықтарды немесе механизмдерді пайдалану.

 

Жүру кезінде қауіп айқын емес болуы мүмкін, алайда айналада болып жатқан оқиғаларға назар аудару өте маңызды. Жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мыналарды қамтиды:

  • Қауіпсіз жерде тоқтап тұрғаныңызға көз жеткізбей, ұялы телефонды қолдануды бастамаңыз.
  • Тоқтауға немесе отыруға болатындай қауіпсіз жерге жетпей, қоңырауға немесе хабарламаға көңіл аудармаңыз және жауап бермеңіз.
  • Жүру кезінде, әсіресе таныс емес жерде, қараңғы мезгілде, жер бетінің нашар жағдайында және т.б. жағдайларда телефонмен ұзақ әрі ауыр әңгімелерді жүргізбеңіз.

Әрқайсымыздың ұялы телефондарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі екі міндетіміз бар:

  1. Аталған қауіпсіздік ережелерін қолдану және бұзбау,
  2. Әріптестеріңіз және туған-туыстарыңыздың әрекеттерін бақылау және олар ұялы телефондарды пайдалану жөніндегі қауіпсіз ережелерді бұзған кезде араласу.

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов