В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Талондардың дәуірі аяқталды

21.02.2017

Қарау саны: 14

; assetEntryID = 708567

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің кәсіпорындарында пластик карталары арнайы тамақтанудың қағаз талондарын ығыстыра бастады. Асханаларда емдеу-профилактикалық тамақтанудың (ЕПТ) автоматтанған жүйесіне көшу үрдісі басталды. 

Кәсіпорындарда жұмыс істеп, жұмысшы кенттерде тұратын адамдар қағаз талондардың асханада есеп айырысудың құралы екенін жақсы біледі. Оларды жұмысшылар мен іссапардағы қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар дүкендерден арзан бағаға сатып алатын жергілікті тұрғындар да пайдаланып келді. Куәгерлердің айтуынша, талондарды дүкендерге көптеп әкелетін кездер де болған. Осы жағымсыз үрдісті тоқтату үшін ЕПТ автоматтанған жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. 

"Бұл жүйе Oracle бағдарламасынан мәліметтер мен кестелерді жинақтайды және қызметкерлердің емдеу-профилактикалық тамақтануын мақсаттына сәйкес пайдалануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол қолданылған талондарды есептеп, оларға қатысты қорытынды есеп қалыптастырады. Осының арқасында талондарды қолдан жасау, сату немесе орнын басқа қағазбен алмастырудың алдын алуға болады. Асханадағы кассир бақылау есептегішінен картаны өткізіп, арнай тамақтану бойынша қызметкердің жеңілдіктерін, яғни бір күндік лимитін көреді," – дейді Владимир Рудковский, «Шығыстүстімет» ЖШС әлсіз тоқты және коммуникациялық жүйелер жөніндегі жетекші маманы.

Жоба авторларының сөзіне қарағанда бұл компанияның қаржысын үнемдеп қана қоймай, қызметкерлердің денсаулығына да оң әсер ететін болады. Себебі, олар енді өз талондарын сата алмағандықтан немесе басқа біреуге бере алмағандықтан өздері келіп тамақтанатын болады. 

Бұл жүйе тәжірибелі және күнделікті пайдалануға ең алғаш Ертіс шахтасында енгізілген болатын. «Алғашқы айда қызметкерлер тарапынан түсініспеушілік пен аздаған наразылық та болды. Олар картаға үйрене алмай, тіпті үйлерінде ұмытып кететін. Бірақ бұл уақытша қиындықтар деп ойлаймын. Егер қызметкер жұмысқа шықпай қалса, біз жүйеде оның ауысымын алып тастаймыз. Ал егер бұйрыққа сәйкес қосымша ауысымға шықса, онда қосамыз. Егер карта жоғалса, оны қайта шығару оңай. Дегенмен қызметкерлерге мұқият болған жөн. Себебі болшақта бұл карталар кәсіпорынға кіретін рұқсат куәлігі ретінде де қолданылатын болады," – дейді Меруерт Ордабаева, Ертіс шахтасының табель қою маманы.

Дегенмен «Шығыстүстімет» ЖШС-нің қызметкерлері жаңа жүйенің артықшылықтарын сезініп үлгерген сияқты. «Электронды карталар өте ыңғайлы. Қағаз талондар жоғалып қала беретін. Ал карта үнемі қасыңда, әмиянда жатады. Зыр еткізіп өткізе саласың! Болды», – дейді Тимур Омаров, Ертіс шахтасының үңгушісі.

Бұл жүйе ендігі кезекте Орлов және Артемьев өндірістік кешендерінде енгізілетін болады. Толықтай жүйе мамыр айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған.  

Шығыстүстіметтің аумағында жұмыс істейтін мердігер ұйымдар қағаз талондарын қолдана береді. Себебі, олар өз қызметкерлерінің ЕПТ-на өздері қаражат бөліп, өздері есептейді.

 
0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов