В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Тағылымгерлердің екінші легі Ақтоғайда

09.08.2019

Қарау саны: 34

; assetEntryID = 692951

Ұрпақтардың ауысуы, табиғаттағыдай, кәсіпорын қызметінде де – қалапты үдеріс, ол түрлі жолдармен болады. 2017 жылы «KAZ Minerals Aktogay» компаниясы «Тағылымгер» бағдарламасын құрып, прагматикалық және көреген шешім қабылдады. Оның мақсаты – кәсіпорынды жас білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жергілікті университеттердің түлектеріне жұмыс өтілінсіз мансап бастау мүмкіндігін беру. Ақтоғай КБК тәжірибелі жұмысшылары ішінен жеке тәлімгерлер жиналған білімдерімен және дағдыларымен бөлісуге дайын. Түлектердің алдында көптеген міндеттер, қызықты жаңалықтар және металлургия саласындағы қазіргі заманғы, үздік технологияларда жұмыс істеу мүмкіндігі күтіп тұр.

3 шілдеде Ақтоғай тағылымгерлердің екінші легін қарсы алды. Отандық университеттердің 49 түлегі КБК жұмысшыларының қатарына енді. Жас мамандар, нақты өздері «KAZ Minerals Aktogay қызметкері» абыройлы атағына ие болуға, үлкен ұжымның тең құқылы мүшесі болуға лайықты екенін өз білімдерімен, масаттылығымен және көшбасшы қабілетімен дәлелдеп, іріктеуден өтті. Тағылымгерлердің бірінші легі Ақтоғайға 2018 жылы келгенін атап өтейік. Сол балалардың көбі бүгінгі күні тағылымгер атауынсыз компанияда еңбек етуде.

Жаңа шақырылғандар құрметіне Ақтоғай КБК басшылығы арнайы іс-шара ұйымдастырды. Тағылымгерлерді мансабының басталуымен құттықтауға компанияның бірінші басшылары келді, солардың ішінде директор Филип Уелтон былай деді:«Тағылымгер» жобасының барлық қатысушыларын құттықтаймын. Сіздер үшін оқу орнын аяқтай салысымен бірден қазіргі заманғы жабдық қолданылатын үлкен кәсіпорында жұмыс істеу бұл үлкен мүмкіндік. Сіздерге үлкен үміт артылған, және мен, сіздер оны ақтайтындарыңызға сенімдімін. Сіздерге үлкен мансап жолын және барлық қойылған міндеттерге қол жеткізуді тілеймін. Есіңізде болсын, бастысы, сіздің қауіпсіздігіңізге және сіздің әріптестеріңіздің қауіпсіздігіне бірінші кезекте сіз жауап бересіз. Сіз біздің кен орынымызда болғаныңызға рахаттанатыныңызға үміттенемін».

«Мен, мүмкін, сіздердің әкелеріңізден үлкен көрінетін шығармын, себебі мен 40 жыл бұрын жұмыс істеп бастағанмын. Барлығыңыздың есіңізде болсын, орынсыз сұрақтар болмайды, сұраудан және жаңа нәрсе білуден қорықпаңыз. Сіз мұнда көп нәрсені үйренесіз. Қауіпсіздік есіңізде болсын, себебі сіздердің өмірлеріңіз – ең басты құндылық», - деп қосты байыту фабрикасының бас инженері Джон Митчел.

Өндірісті дайындау жөніндегі директор Эрик Лоринт та жаңа шақырылғандарға үндеу жасады: «Біз де сіздер қазіргідей өз қызметімізді бастағанбыз. Сол жылдарға оралғым келеді. Мен сіздерге біраз қызығамын, өйткені сіздер өз жолдарыңызды енді бастағалы жатырсыздар. Сіздерге қауіпсіз жұмысты және үлкен шыңдарға жетуді тілеймін».

Тағылымгерлерді карьер бастығы Эрик Роллер де құттықтады: «Біздің КБК-да дүниежүзілік деңгейдегі жұмыс жүргізілуде. Мұнда сіздер басшылықтың жан-жақты қолдауын табасыздар. Біздің инженерлер өндірістік үдерістерге жаңа технологиялар енгізуде. Сіздер – Ақтоғай жобасының келешегісіздер және сіздер де біздің кен орынымыздың дамуына өз үлестеріңізді қосатындарыңызға үміттенеміз». Әріптесін өндірістік басқарманың бастығы Алексей Ящук қолдады: «Мен 22 жыл бұрын жұмыс істеп бастадым. Сіздерге қызығамын, бұл керемет уақыт! Өздеріңізді күтіңіздер, қауіпсіздік туралы естеріңізде болсын және барлық бастамаларда сәттілік тілеймін».

Қызметкерлер құрамымен жұмыс жасау жөніндегі басқарманың бастығы Бауыржан Әбілқасымұлы: «Қайырлы кеш, құрметті әріптестер. Неге мен «әріптестер» дедім? Өйткені сіздер барлығыңыз – біздің компаниямыздың барлық артықшылығын және бағдарламаларын пайдаланатын нағыз жұмыскерлерсіздер. Жақында ғана біз сіздермен сіздердің университеттеріңіздің қабырғасында кездескен болатынбыз, енді сіздер, жаңа шыңдарды игеруге дайын болып, біздің алдымызда тұрсыздар. Араларыңызда байытушылар, металлургтер және кеншілер бар. Бізге екінші байыту фабрикасы үшін негізгі позицияларды жабуға көмектесесіздер. Сіздерге қойылған міндеттерге қол жеткізуді және мансаптық биіктіктерді тілеймін».

Жаңадан келушілерге арнап бірінші лектің тағылымгерлерінің бірі, ұсақтаушы Әбдумәлік Тажитдин сөз сөйледі: «Бір жыл бұрын қазір сіздер тұрған жерде мен тұрғанмын. Өз жолымды «Тағылымгер» бағдарламасынан бастадым және қазір өзім үшін жаңа мамандықты игерудемін. Мұнда мансаптық сатымен көтерілу үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтқым келеді, бастысы – табанды жұмыс істеп, дағдыларды жетілдіріп отыру қажет. Барлық жаңалыққа әрдайым ашық болу және бар ақпаратты сіңіріп алу қажет. Басшылық тарапынан әрдайым қолдау болады. Бұған күмән болмасын. Сіздерде бәрі жақсы болатынына үміттенемін».

Арнайы осы кездесуге САС компаниясының аспазшылары тамақ дайындады. Шай үстінде тағылымгерлер компанияның бірінші басшыларымен жеке сөйлесе алды. Оларға қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибелі басшылардан ақыл-кеңес алды.

«Бұрыннан мен KAZ Minerals жөнінде ақпарат жинағанмын, шамамен қайда бара жатқанымды және бұл қандай компания екенін білдім. Компанияның масштабтары және мұнда жаңа технологиялардың қолданылатыны өте таңқалдырады. KAZ Minerals жөнінде білген кезімде, ойлағаным: «Уау! Ақыры Қазақстанда мұндай ірі жоба пайда болды»! Еңбек өтілі жоқ кандидаттарға мұнда жұмысқа орналасу мүмкіндігінің бар екені қандай жақсы. Мені сондай-ақ екінші фабрика құрылыс сатысында болғанымен, қызметкерлерді қазірден бастап, оқытуға және жұмыстарға дайындауға қабылдап жатқаны таңқалдырды. Бұл компания менеджментінің үлкен тәжірибесі туралы айтады. Инженердің және маманның лауазымын алу үшін табанды жұмыс істеу қажет екенін біз түсінеміз және мен бұл дұрыс жол деп есептеймін, өйткені біз жұмысты және өндірістің барлық егжей-тегжейлерін білуіміз тиіс. Мен, компания дұрыс бағытта дамитынын біле тұра,  кәсіби мансабымды KAZ Minerals Тобымен көптеген жылдарға байланыстыруға қуанамын», - деп атап өтті тағылымгер, кіші инженер-технолог (КАБЖ бойынша) Олжас Дюсембинов.

«Компания өте ұнады. Келу алдында тұрмыстық жағдайлар мен тамақтану жайында бірақ қорқыныш болды. Бірақ, бәрін өз көзіммен көріп, мұнда ұйымдастырылған жағдайларға тамаша таңқалудамын. Біз үшін университетті аяқтағаннан кейін бірден KAZ Minerals сияқты мұндай үлкен компанияға келу – бұл үлкен жетістік деп есептеймін. KAZ Minerals құрылымында мүмкіндігінше көбірек жұмыс істеуді қалар едім, мен басшылық лауазымға дейін жетуді жоспарлаймын», - деп жоспарларымен бөлісті химиялық талдау лаборанты Асель Сүйінбай.

«Маған бәрі өте ұнады – біздің кездесуімізді ұйымдастыру, оқыту, ЖҚҚ беру, лагерьден тасымалдау, кешкі асты ұйымдастыру – барлығы жоғары деңгейде! Біздің кейбіреуіміз – колледж түлектеріміз және жоғары біліміміз жоқ. Дегенмен компания бізге өзімізді көрсетуге мүмкіндік берді. Біз компания артқан сенімді және біздің тәлімгерлердің үмітін ақтай аламыз деп үміттенемін. Әрі қарай қозғала береміз, компаниямен бірге дамимыз және гүлденеміз», - деп атап өтті химиялық талдау лаборанты Әдемі Бейсенова.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов