В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Тағайындалды

11.09.2017

Қарау саны: 23

; assetEntryID = 701415

KAZ Minerals Тобы жаңа қаржылық директор мен тәуелсіз атқарушы емес директорды тағайындау туралы хабарлайды. Бұған дейін, яғни 2017 жылғы 27 сәуірде, компания Саймон Хилдың Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымынан кетуі және бұл қызметке Олег Новачуктың тағайындалуы туралы, Майкл Линч-Беллдің басқарма төрағасының орынбасары, ал Эндрю Саузамның Топтың басқарма төрағасы болып тағайындалуы туралы хабарлаған.

Джон Хэдфилд 2017 жылдың 20 қазанында келіп, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бас қаржы директоры лауазымына тағайындалады. Қазіргі уақытта Хэлфилд мырза Intertek компаниясының британдық бөлімшесінде қаржы директоры болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол 14 жыл бойы BG Group және Royal Dutch Shell компанияларында түрлі қаржылық лауазымдарда жұмыс істеген. Оның ішінде Австралияның Квинсленд штатындағы құны $20 млрд газ жобасында қаржылық бақылаушы және BG Group-тың Ұлыбритания мен Норвегиядағы барлау және өндіру бөлімшелерінде қаржы жөніндегі вице-президент болған. BG компаниясы Shell-дың құрамына кіргеннен кейін Джон Хэдфилд Shell-дың Ұлыбритания мен Ирландиядағы барлау және өндіру бөлімшелеріндегі қаржылық командаларын қайта құруға жауапты болды.

Элисон Бэйкер Тәуелсіз атқарушы емес директор және Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде Директорлар кеңесіне 2017 жылғы 9 қазаннан бастап келеді. Бейкер ханымның аудит, капитал нарықтары және консультациялық қызметтер саласындағы 25 жылдық еңбек өтілі бар. Ол PricewaterhouseCoopers-тың Ұлыбританиядағы мұнай-газ бағытын және ЕБВА-ны басқарған. Бұған дейін Ernst & Young-та энергетика, коммуналдық қызметтер және пайдалы қазбаларды өндіру саласында жұмыс істеді. Элисон Бэйкердің дамушы нарықтар, оның ішінде Қазақстанның энергетикалық және тау-кен өнеркәсібі секторларындағы тәжірибесі де бар.  

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Мен Джон Хэдфилд пен Элисон Бэйкерді KAZ Minerals-та қаржы директоры және тәуелсіз атқарушы емес директор ретінде көруге асықпын. Джон да, Элисон да компания дамуының келесі сатысында Топқа мол тәжірибе әкеледі деп сенемін».

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов