В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Таң қалдырды!

12.09.2017

Қарау саны: 50

; assetEntryID = 701384

KAZ Minerals Тобының алғашқы онлайн-жарыстарына қатысуға 70 астам өтініш келіп түсті. «Онлайн қақтығысқа» Ақтоғай мен Бозшакөл КБК-нің, «Шығыстүстімет» ЖШС-нің, KAZ Minerals Service-тің, Алматы мен Астанадағы кеңселердің қызметкерлері қатысты.

«Сонымен қатар біз Қырғызстандағы және Лондондағы әріптестеріміз қатыса ма деп үміттенген едік. Біз ойлағандай болмады. Мүмкін келесі жолы қатысар, – дейді Юлия Кузнецова, KAZ Minerals Тобы Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері. – Есесіне Қазақстандағы әріптестеріміз қуантты. Олар біздің бұл бастамамызды қызу қолдады. Жолданған бейне роликтерге қарағанда біреулер тапсырмаларды жұмыс уақытында орындаған. Айталық, Алматыдағы кеңсенің қызметкерлері костюм-шалбармен ұзындыққа секіріп жатса, өндірістегі әріптестеріміз жұмыс киіммен жаттығу жасап жатты. Енді бір әріптестеріміз спорт залдарында немесе спорт алаңдарында спорттық киім киіп жарысқа қатысты. Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлері ерекше қуантты. Олар жиналып, алдын ала шыныққан соң кезектесіп жаттығуларды орындап шықты. Тіпті олар жергілікті спортзалдың жаттықтырушысын және нәтижелерді растау үшін арнайы операторды да шақырған. Сөйтіп, әдемі бейне клип жасап шықты. Нағыз командалық жұмыстың үлгісін көрсетті!».

Жарыстың шартына сәйкес әрбір қызметкер кез-келген номинацияға қатыса алды. Барлығы 11 номинация болды. Олардың арасында 10 негізгі және «арнайы» «Таң қалдыр!» номинациясы қарастырылған. Бірлеулер бір номинацияға қатысса, енді біреулер бірден бес өтініш берген! Нәтиже көрсеткендей мұндай амалдың да жөні бар екен. Себебі кейбір номинацияларда басқа қатысушылар жоқ болғандықтан бар үміткер жеңімпаз атанды. Мәселен, «берпи» тапсырмасын Дәулет Ақылбеков (Орлов шахтасы) пен Екатерина Федотова (Орлов ӨК) ғана орындаған. Сөйтіп, олар аталмыш номинация бойынша ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаз болып танылды. Басқа номинацияларда қызу тартыс болды. Кеудені жерден көтеруде бірден жеті ер адам жеңімпаз атағына таласты. Ал әйелдер арасында отырып-тұру жаттығуы «танымал» болды (сегіз өтініш).

Жарыс барысында ең көп жеңіске жеткен әріптесіміз - KAZ Minerals Service-тің жетекші экономисті Оксана Миллер болды. Оның барлық өтініштері жүлделі болды – төрт алтын және бір күміс жүлде! Ерлер арасында жоғарыда аты аталған «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасы су ағызу қондырғылары және жабдықтарды құрастыру учаскесінің қызметкері Дәулет Ақылбеков үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт номинацияға қатысып, олардың екеуінде жеңімпаз атанып, ал біреуінде қола жүлдеге ие болды. 

Жарыста түсірілген арнайы бейне баянды ұсынамыз!

KAZ Minerals алғашқы онлайн-жарыстарының жеңімпаздары

номинация бойынша

Ерлер

Әйелдер

Кеудені көтеру

I-орын: Владимир Огулев, БӨҚ және А слесарі, Ақтоғай КБК

II-орын: Денис Зоненбург, тау-кен бөлімінің аудармашы-ассистенті горного отдела, Ақтоғай КБК

III-орын: Дарын Айтбердиев, ағаш шебері, Ақтоғай КБК

-

Секіртпемен секіру

I-орын: Бақытжан Қонаров, ОӨК техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің қызметкері, «Шығыстүстімет» ЖШС

 

I-орын: Мадина Асылханова, техник-технолог, Ақтоғай КБК

II-орын: Алена Юрченко, орталықтандырылған бухгалтерияның негізгі құрал-жабдықтарды есептеу бюросының есепшісі, «Шығыстүстімет» ЖШС

III-орын: Жанар Рахимова, орталықтандырылған бухгалтерияның есепшісі, «Шығыстүстімет» ЖШС

Отырып-тұру

I-орын: Олег Назаров, ЕӨК ӨҚ және ЕҚ бөлімінің бастығы, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Денис Зоненбург, тау-кен бөлімінің аудармашы-ассистенті, Ақтоғай КБК

 

Ескерту. Бейне жазба жаттығуды орындаудың дұрыстығын анықтауға мүмкіндік бермегендіктен бір өтініш қабылданған жоқ.

I-орын: Оксана Миллер, KAZ Minerals Service-тің жетекші экономисті, ОӨК, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Дарья Долгополова, әкімшілік ассистент-аудармашы, Ақтоғай КБК

III-орын: Екатерина Федотова, ОӨК жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисті, «Шығыстүстімет» ЖШС

 

Ситаптар

Ескерту. Келген жалғыз өтініш қабылданбады: жаттығуды орындау барысында ереже бұзылды.

I-орын: Дарья Долгополова, әкімшілік ассистент-аудармашы, Ақтоғай КБК

II-орын: Алена Юрченко, орталықтандырылған бухгалтерияның негізгі құрал-жабдықтарды есептеу бюросының есепшісі, «Шығыстүстімет» ЖШС

III-орын: Жанар Рахимова, орталықтандырылған бухгалтерияның есепшісі, «Шығыстүстімет» ЖШС

Планка

I-орын: Тілеген Ысқаков, жүк көлігінің операторы, Бозшакөл КБК

II-орын: Денис Зоненбург, тау-кен бөлімінің аудармашы-ассистенті, Ақтоғай КБК

III-орын: Жәнібек Толғанай, техник, Ақтоғай КБК

 

I-орын: Оксана Миллер, KAZ Minerals Service-тің жетекші экономисті, ОӨК, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Алена Юрченко, орталықтандырылған бухгалтерияның негізгі құрал-жабдықтарды есептеу бюросының есепшісі, «Шығыстүстімет» ЖШС

III-орын: Жанар Бубешева, қызметкерлермен жұмыс жөніндегі маман, «KAZ Minerals Management» ЖШС

Гір тасын көтеру

I-орын: Бекнұр Исаев, сенімділік жөніндегі инженер, Бозшакөл КБК

II-орын: Бақытжан Қонаров, ОӨК техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің қызметкері, «Шығыстүстімет» ЖШС

III-орын: Дәулет Ақылбеков, ОӨК Орлов шахтасы су ағызу қондырғылары және жабдықтарды құрастыру учаскесі, «Шығыстүстімет» ЖШС

 

I-орын: Оксана Миллер, KAZ Minerals Service-тің жетекші экономисті, ОӨК, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Әйгерім Оразбаева, кеңсе қызметкері, Ақтоғай КБК

 

Берпи

I-орын: Дәулет Ақылбеков, ОӨК Орлов шахтасы су ағызу қондырғылары және жабдықтарды құрастыру учаскесі, «Шығыстүстімет» ЖШС

I-орын: Екатерина Федотова, ОӨК жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисті, «Шығыстүстімет» ЖШС

Тартылу

I-орын: Дәулет Ақылбеков, ОӨК Орлов шахтасы су ағызу қондырғылары және жабдықтарды құрастыру учаскесі, «Шығыстүстімет» ЖШС

I-орын: Талғат Әбенов, электр монтер, Ақтоғай КБК

III-орын: Әлібек Мұстамбаев, талдау департаментінің бас маманы, «KAZ Minerals Management» ЖШС

 

Ескерту. Бірінші және екінші орынды 2 қатысушы бөліп алды. Олар екеуі де 23 рет тартылды.

-

Ұзындыққа секіру

I-орын: Олег Назаров, ЕӨК ӨҚ және ЕҚ бөлімінің бастығы, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Әнуарбек Темержанов, экскаватор операторы, Бозшакөл КБК

III-орын: Данияр Нұрлыбек, қаржылық аға талдаушы, «KAZ Minerals Management» ЖШС

 

I-орын: Оксана Миллер, KAZ Minerals Service-тің жетекші экономисті, ОӨК, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Әлем Ешенғалиева, ОӨК ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкері, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Алена Юрченко, орталықтандырылған бухгалтерияның негізгі құрал-жабдықтарды есептеу бюросының есепшісі, «Шығыстүстімет» ЖШС

«Таң қалдыр!» 44 жасқа дейін

I-орын: Виктор Руденко, ОӨК Орлов шахтасы су ағызу қондырғылары және жабдықтарды құрастыру учаскесінің қызметкері, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Бақытжан Қонаров, ОӨК техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің қызметкері, «Шығыстүстімет» ЖШС

III-орын: Артем Шестаков, жабдықтау жөніндегі менеджер, Белоусов КБФ, «Шығыстүстімет» ЖШС

I-орын: Оксана Миллер, KAZ Minerals Service-тің жетекші экономисті, ОӨК, «Шығыстүстімет» ЖШС

II-орын: Лариса Ким, Бас операциялық директордың ассистенті, «KAZ Minerals Management» ЖШС

«Таң қалдыр!» 45 жастан жоғары

I-орын: Асхат Тағаев, Күрделі құрылыс бөлімінің жетекші құрылысшы инженері, «Шығыстүстімет» ЖШС  

II-орын: Жанболат Сейітәлиев, инженер-гидротехник, Ақтоғай КБК

-

Құттықтаймыз! Алған беттеріңізден қайтпаңыздар!

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов