В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Стартта

12.07.2019

Қарау саны: 88

; assetEntryID = 693590

Тамыз айының ортасында - Шахтер күні қарсаңында, KAZ Minerals Тобының 5 жылдығына орай бізді көптен күткен I жалпы Спартакиада күтіп тұр! Бірінші рет бетпе-бет біріншілікте компанияның барлық дивизиондары ұсынған 10 команда қатысады. Кез-келген жаңа істе сияқты, бұл жерде де қызметкерлер тарапынан көптеген сұрақтар туындауы мүмкін. Біз оларға жауаптарды спартакиаданың бастамашысы және ұйымдастырушысы - Корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаевпен әңгімелесу кезінде ұсынуға тырысамыз.

- Бұл идея қалай пайда болды?

- Біз биыл бесінші рет Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Николаевич Новачукпен тікелей желі ұйымдастырамыз. Алғашқы тікелей желіден бастап, жыл сайын оған осы сұрақ қойылып келеді. Яғни, ортақ спартакиаданы қалаймыз, ұйымдастыруыңызды өтінеміз деген мағынадағы сұрақтар. Біз бұл мәселені зерделедік. Әрине, мен дивизиондардың бас директорларымен, қызметтердің басшыларымен жеке әңгімелестім. Жекелеген кәсіпорындар деңгейінде жергілікті спартакиадалардың сәтті өткізілгендігін білемін. Бірақ ортақ жарысты ұйымдастыру өте қиын. Бұл, сонымен қоса, қайда өткізу керек деген проблеманы айшықтайды. Айталық, ШҚО-дағы Усть-Таловка спорт кешенінде өткізіп, бюджет тұрғысынан шығынды үнемдеуге болады - көптеген адамдарды әкелудің қажеті жоқ. Бірақ бұл ой Шығыстүстімет басшылары мен қызметкерлерінің үлкен ынтасы туғызбады – олар онда өз жарыстарын өткізуге үйренді. Олар үшін бұл ерекше оқиға болмас еді. Жаңа кәсіпорындар - Ақтоғай және Бозшакөл көп спортшыларды қабылдай алмайды. Алдын ала санақ бойынша – ұсынылған шектеулі спорт түрлерінің өзінде ғана 150-250 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Ал әзірше қолайлы спорт ғимараттары жоқ, спорт кешендері салынып жатыр. Одан басқа, бұл жұмыстың вахталық тәсілі - спартакиадаға кім қатысуы керек? Мүмкін, қандай да бір атлет жақсы нәтиже көрсетеді, жүз метрде өте жылдам жүгіреді. Бірақ спартакиада кезінже вахтада жұмыс істеуі керек. Сәйкесінше, біз оның орнына жұмысқа демалыстағы әріптестін шақырамыз ба, әлде спартакиадаға вахта арасындағы демалыста жатқан бос адамдар қатыса ма? Мұндай ұйымдастырушылық мәселелер көп. Әрине, бюджет мәселесі тағы бар. Адамдар әр түрлі аймақтарда жұмыс істейді немесе тұрады, оларды бір жерде белгілі күнге жинау керек. Кез-келген ойын-сауық, тіпті корпоративтік мәдениет пен корпоративтік құндылықтарды ілгерілету тұрғысынан өте пайдалы. Дегенмен материалдық тұрғыдан көп шығынды талап етеді. Бұл қабылдаушы және жіберуші тараптар үшін өте шығынды іс-шара.

Бірнеше жыл бойы біз онлайн спартакиада өткіздік, қатысушылар арнайы құрал-саймандарды немесе жабдықтарды талап етпейтін өте қарапайым жаттығуларда дистанционды түрде жарысты және бізге өз бейнежазбаларын жіберді. Егер бірінші жылы 70–тен астам өтінім жіберілсе, екінші рет 100-ден астам өтінім келді. Бірақ біз бұлай спорттық сынақ мәселесін  шеше алмайтындығымызды түсіндік. Барлығы бетпе-бет бәсекелескісі келеді. Бізде Алматы марафонына қатысу үшін жүгірушілердің құрама командаларын қалыптастырудағы қызықты тәжірибе болды. Барлық дивизиондардың атынан келген үздік спортшы-әріптестеріміз тіпті фитнес-клуб өкілдері мен жаттықтырушылардан құралған кәсіби командаларды да қобалжуға мәжбүр етті. Бірінші жылы біз шамамен 90 команданың ішінде 16-шы орында болсақ, екінші жылы ондыққа кірдік, 9-шы болып мәреге жеттік! Біздің соңғы жүгірген әріптесіміз қарапйым кедамен жүгірді. Солай ыңғайлы дейді. Содан кейін біз оларға осы оқиға туралы естелік ретінде кроссовкаларды сатып алуға көмектестік. Бұл спортшыларға да, жанкүйерлерге де пайдалы және шабыттандырарлықтай оқиға болды.

Өздеріңіз білесіздер, біздің Топқа биыл 5 жыл толады. Бұл айтулы күн. Біз осы аз уақыт ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, екі заманауи тау-кен байыту кешенін салып, табысты іске қостық, Қазақстандағы ірі мыс өндірушісіне айналдық. Біз Департаментте бастаманы өз қолымызға алып, өзіміз ұйымдастырамыз деп шештік. Мен Олег Николаевич бізді қолдағанына қуаныштымын. Кәсіпорын басшылары қандай ынтамен тапсырма беретіндігін, командалар қалыптасатынын, жауапты тұлғалар тағайындалғанын көріп отырмын. Мен түсінемін - адамдарда сұрақтар көп. Біз осы істің кепілгеріміз. Сондықтан тиісті сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

- Жақсы. Қай жерде, қашан, қандай спорт түрлері екендігін айтайық.

- Қашан – 17 тамызда. Шахтерлер күніне орай негізгі мерекелік іс-шаралар тамыз айының соңында кәсіпорындардың өздерінде өтетінін түсіне отырып, ұштастыруға шешім қабылданды. Содан кейін күз - өте күрделі уақыт және біз тікелей желіге дайын болуымыз керек.

Қайда - Алматыда. Шығыстүстімет қызметкерлері өңірден тыс жерге барғысы келді, өйткені олар барлық алаңдарда жарысып көрді. Сондай-ақ, Алматыда негізгі ұйымдастыру комитеті орналасқан. Мұнда бізге қолайлы алаңдарды таңдауға мүмкіндік көп. Нұр-Сұлтанда жаңа құрылыстар көп екенін түсінемін, бірақ бұл өте ауқымды стадиондар. Неге оларды жалға алу үшін артық төлеу керек? Алматы алаңдарды, ілеспе қызметтерді, соның ішінде атлеттердің орналасуын таңдау тұрғысынан оңтайлы. Алматылық кеңселер – КММ, KPBV – да өз командаларын ұсынады, сондай-ақ, Қырғызстаннан, Ақтоғайдан, Бозшакөлден келген әріптестерге де осында жетуге оңайырақ. Осы факторларды ескере отырып, біз өз таңдауымызды Алматыға тоқтатуды жөн көрдік.

Қалай және қандай тұрғыда? Біз «бір локация-бір күн» тұжырымдамасын әзірлеп, ұсындық. Яғни, барлық іс-шаралар, оның ішінде ашылуы, жабылуы, жарыстың өзі және марапаттау бір күні және бір жерде өтеді. Сондықтан спорт түрлдерін таңдау керек болды. Бір күнде бір стадионда не өткізуге болады? Әрине, бұл мини-футбол. Білемін, әр дивизионда басқа әріптестерімізбен жарысқа түсуді армандайтын көптеген командалар бар. Өзін көрсету, басқаларды көру дегендей. Біз жеңіл атлетика мен армрестлинг бойынша жарыстарды қостық - бұл қосымша құрал-саймандарды, шығынды заттарды және ұйымдастыруды қажет етпейді. Егер үлгерсек, тағы бір түрлерді қосамыз. Қазір көп нәрсе нақты алаңды таңдауға байланысты. Мысалы, кәсіпорындарда волейболдан командалар бар ма деп сұрадық. Бізге: «жарыс үшін бар, алайда адамдар әдетте үнемі ойнамайды» дейді. Волейболды ұйымдастыру қиын емес, бірақ әр команданың құрамы кем дегенде 10 адамнан кем болмауы тиіс, тиісінше бұл шығындар, вахта, ауыстыру және т.б. сұрақтар. Болашақта біздің спорттық бағдарлама кеңейтілетіндігін жоққа шығармаймын. Бірінші Спартакиада біз үшін барлау іспеттес. Адамдар волейбол, үстел теннисі, шахмат, жүзуді қалайды. Оны да талдап, өлшеп, қарастырамыз. Әзірге ұйымдастырушылар үшін басты міндет – бастап кету.

Қысқаша – бізде мини-футболдан 10 команда бар. Біз оларды екі топқа бөліп, топтық іріктеу турын ұйымдастырамыз, онда әрқайсысы төрт ойын ойнап, жартылай финалға әр топтың екі үздік командасы шығады.

Жеңіл атлетикада 6 түрі болады: ерлер мен әйелдер жүз метр, әйелдер қашықтығы 400 метр және ерлер қашықтығы 800 метр, әйелдер мен ерлер эстафеталары, оған, сондай-ақ, 45+ жастағы атлеттер қатысады. Уақыт өте келе, біз жас шамасына қатысушылар үшін жекелеген қашықтықтардың пайда болуы туралы ойлай аламыз.

Армрестлинг – әр командадан ең көп қатысушылар саны - 4 адам: екі еркек және екі әйел. Тек оң қолмен күреседі, дегенмен бізде әуесқой деңгей де бар.

Мүмкін, командалық жарысты ұсынамыз. Қатысушылар командалық рухты, командалық жұмысты көрсетіп, бірге мәреге жетуге тиіс кедергілер жолағы.

Жеке спорт түрлері бойынша жарыстар қалай өтетіні туралы жақында ғана kazminerals.info сайтында жарияланатын Ережеде егжей-тегжейлі жазылады.

- Дегенмен, кейбір мәліметтерді қазір айтайық. Бізде қанша команда бар? Бір команда, мысалы, екі футбол дружинасын қоя ала ма? Командаға қалай кіру керек?

- Бізде 10 команда бар. Шығыстүстіметте басқа дивизиондарға қарағанда адамдар көп жұмыс істейтіндіктен, онда жер асты өндіру, фабрикалар, өзіндік ерекшелігі, қосалқы қызметтер бар, жалпы алғанда, тең жағдай жасау үшін біз оларды 4 командаға бөлдік: әрбір өндірістік кешеннен бір-бірден және компания басқармасынан 1 команда. Онда да футболшылар, спортшылар жұмыс істейді. Қосалқы қызметтер қызметкерлеріне, олар әртүрлі алаңдарда жұмыс істейтіндіктен, ӨК командаларының құрамына өтінім беруді ұсынамыз. Біз өз ұжымдарымыздың Нұрсұлтанда, KPBV-да және Алматыда КММ бар екенін түсінеміз. Оларға өз бетінше өнер көрсетуге мүмкіндік береміз. Нұрсұлтан немесе Алматыда жұмыс істейтін Ақтоғай және Бозшакөл қызметкерлері КММ-Нұр-сұлтан және КММ-Алматы командаларына қатысуға өтініш бере алады. Қатысушыларға қойылатын жалғыз талап-еңбек өтілі үш айдан кем болмауы тиіс. Біз оны тексеру және қажет болған жағдайда атлет нәтижесін жою құқығын өзімізге қалдырамыз.

Бір команда тек бір ғана футбол ұжымын ұсына алады. Бұл әділ. Бізде КММ-де 4 команда бар деп естідім. Міне, бір-бірімен алдын ала Жалпы спартакиадаға қатысу құқығы үшін күресіп немесе өзінің мини-турнирінің жеңімпазын шығарсын. Сол жерде үздік ойыншылардың командаларын құрсын. Жалпы, командаларды іріктеу мен қалыптастыруды біз кәсіпорындардың өз қалауы бойынша қалдырамыз. Бізде ұжым жинақы, мұндай ресурстар жоқ, біз жергілікті жерлердегі өзгерістерді бақылай алмаймыз. Біз жергілікті жерлерде жұмыс топтарын құруға кеңес береміз. Жауапты тұлғалар жеке тағайындалады - бұл өтініштер қабылдайтын, командалар тізімін қалыптастыратын адамдар. Бірінші кезекте соларға жүгіну қажет. Мен әркім өз кәсіпорынының/дивизионының абыройын қорғау үшін ең үздікті жіберу үшін өз жолын табатындығына сенімдімін. Айтпақшы, мен басшыларды мүмкіндігінше келуге және өз командаңызды қолдауға шақырамын.

– Жекеден бөлек жалпыкомандалық есеп бола ма?

- Иә, біз жалпыкомандалық есепті жоспарлап отырмыз. Чемпиондарда ауыспалы кубок болады. Әзірге санаудың қандай әдісін пайдалану туралы мәселе ашық. Адамдар Олимпиадалық есептеу жүйесіне үйреніп, алтын медальдарды санайды, ал командалық спорт түрлері бір медаль болып есептеледі. Бұл адамдарға үйреншікті, бірақ бұл ұстанымда өз кемшіл тұстары бар. Бір жүз метрді жалғыз жүгіріп келдіңіз бе, әлде бір күн бойы бір командамен жарысқа түстіңіз бе. Егер футболшыларға барлық 10 медаль есептесе, онда спорт түрлері аз болғандықтан, мини-футболдан чемпион Спартакиада чемпионы бола алады. Бұл әділетті емес. Спартакиаданы өткізетін басқа да кейбір компанияларда спорттың әрбір түрінде жеке жетістіктері командалық есепке алынады, яғни онда команданың жеке спорт түрі бойынша орны анықталады, ал чемпион командалық біріншілікте жұмыс істейтін орындардың ең аз сомасы бойынша анықталады. Біз мұны әзірге қолдана алмаймыз. Біріншіден, спорт түрлері аз. Екіншіден, біз барлық командаларды барлық түрлерше қатысуға міндеттемейміз. Яғни, теория жүзінде команда бір адамнан да тұруы мүмкін. Мен білмеймін, мүмкін Лондондық кеңсе армрестлингтен чемпионды жібергісі келеді. Барлық спорт түрі бойынша командалық сынақ команда барлық спорт түрлеріне толық құрамда қатысқан кезде ғана жұмыс істейді. Айталық, армрестлингте 4 адамның немесе мүлде қатысушылардың жоқтығы үшін жеңіліс есептеледі. Сонымен қатар, айыппұл ұпайлары қарастырылған. Бізді осындай қатаң шеңберге қамауды, есептеу процессін күрделендіруді қаламас едім. Біз үшін бұл алғашқы тәжірибе болғандықтан, бізде икемділік танытуға және KAZ Minerals үшін қолайлы болатын әртүрлі нұсқаларды көруге бірегей мүмкіндік бар. Әрине, бәрі риза болады деп күту қиын. Біз тағы да төрешілер бригадаларымен ақылдасып, қалай істеу керектігін түсінуге тырысамыз.

- Жүлдегерлер мыс белгілерін ала ма?

- Медальдардан бөлек, жүлдегерлер мойындаудың мыс белгілерін алады. Орындар мен саны бойынша біз қызметкерлер құрамын басқару департаментімен тағы да талқылаймыз, олар мұны қолдайды, Мен сенімдімін.

- Жарысқа қатысушыларға не тілейсіз?

- Егер сіз өз ұжымыңызды танытуға лайықты екенін сезсеңіз, бастамашылық танытыңыз, өтініш беріңіз.  Біз әртүрліміз, бірақ бізді бір компанияға қатыстылық, біздің құндылықтарымыздың ортақтығы біріктіреді. Спартакиада мұны іс жүзінде көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Әрине, біз командалық жұмысты, ұжымдардағы ынтымақ сезімін қалаймыз; біз қауіпсіз жарыстарды қалаймыз - адамдар үйге аман-есен оралуы тиіс. Нәтиже қол жеткіземіз деп, өз денсаулығымызды құртудың қажеті жоқ. Біз адал ойындарды қалаймыз, fair play – командалардың біздің қызметіміз, біздің мәдениетіміз қызықтырмайтын, сырттан шақырылған кәсіби мамандармен өсірмеу үшін спартакиаданы әуесқой деңгейде сақтағымыз келеді. Жалпы, салауатты өмір салтын ұстанатын адам өзін жан-жақты дамытады, болашақты ойлайды. Менің ойымша, барлығы осы спорттық мерекеге лайықт. Біз оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз және сізді тамыз айының ортасында Алматыда KAZ Minerals-тың I жалпы спартакиадасында көруге қуаныштымыз!

 

Спартакиаданың жауапты тұлғаларының тізімі және байланыс мәліметтері

Алматы: Алибек Мамиленов, 8 701 029 6840 Alibek.Mamilenov@Kazminerals.com

Нур-Султан: Баглан Кошанов, 8 702 322 22 73 Baglan.Koshanov@Kazminerals.com

Управление ВЦМ (Усть-Каменогорск): Ермек Дюзкенев, 8 701 421 0418 Yermek.Dyuzkenev@Kazminerals.com

Орловский ПК: Татьяна Маер, 8 747 851 6511 Tatyana.Maer@Kazminerals.com

Артемьевский ПК: Иван Фоминых, 8 701 464 3312 Ivan.Fominyh@kazminerals.com 

Иртышский ПК: Артем Шестаков, 8 777 153 8742 Artem.Shestakov@Kazminerals.com /

Жанна Музапарова, 8 705 800 9196 Zhanna.Muzaparova@Kazminerals.com

Бозшаколь: Куандык Рахметов, 8 771 5290557 Kuandyk.Rakhmetov@Kazminerals.com / Маулен Берикбаланов, 8 701 2033787 Maulen.Berikbalanov@Kazminerals.com

Актогай: Асылым Асанов, 8 775 2480135 Assylym.Assanov@Kazminerals.com/ Алмас Данибек, 8 701 4222742 Almas.Danibek@kazminerals.com

KPBV: Лейла Даутова, 8 701 7507442 Leila.Dautova@Kazminerals.com

Бозымчак: Елена Трегубова, 996 77 068 0022 Elena.Tregubova@Kazminerals.com

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов