Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Спортшылдар

19.10.2016

Қарау саны: 0

KAZ Minerals-тың екінші корпоративтік турнирінің әрбір қатысушысы 500 калориядан астам жұмсады. Жарыстың екі кезеңіне KAZ Minerals Тобының түрлі департаменттері мен қызметтерінің 90 астам қызметкері қатысты. Оған жанкүйерлерді қосыңыз. 

Турнир 9 және 14 қазанда Алматы қаласында өтті. Алдымен кроссфит болды.

Кроссфитке 10 команда қатысты. Әр ұжымда 4 адамнан болды. 

Кроссфит жарыстар 3 кешеннен құралды. Алғашқы кезеңде команда мүшелері барынша аз уақыт ішінде келесі жаттығуларды жасау керек еді: секіргішпен 40 рет секіру, зал ішін 3 рет айналу (300 метр), 20 сит-ап (пресс) және 10 берпи (кроссфиттегі ең танымал жаттығу) жасау. 

Бұл кезеңде "Безумный Макс" командасы ең жылдам ұжым атанды. Оның құрамы: ішкі аудит менеджері Максим Курлов (капитан), ішкі аға аудитор Сұлтан Жақалаев, Инвестициялық жоспарлау департаментінің бастығы Олег Юн және Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Әйгерім Түкіпова. Бұл кешенді орындауға олар 10 минут 19 секунд жұмсады. 

Екінші орынға 10 минут 46 секунд уақыт мерзімімен "Меднорожденные" командасы табан тіреді. Бұл команданың спортшылары: өтемақылар мен жеңілдіктер жөніндегі бөлімнің аға маманы Кирилл Кривошея, қызметкерлерді іріктеу бөлімінің маманы Елизавета Глазкова, бизнес шешімдерді жасау жөніндегі бас маман Артем Мосяков және қызметкерлерді іріктеу бөлімнің маманы Айжан Тілеубаева.

Айтпақшы, Елизавета Глазкова қыздар арасында ең жылдам болды. Оның жеке есебі – 2 минут 35 секунд. Оның жеңісі командасына қосымша 10 ұпай берді. 

Үшінші орында – «Последнее китайское предупреждение» командасы. Олар 10 минут 52 секундта орындады. Команда құрамы: кеңсе маманы Бибігүл Асатова (команда капитаны), мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Аян Беделхан, жабдықтау департаментінің маманы Данияр Сабденов және Корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Максұт Жапабаев.

Бұл команданың құрамында ерлер арасындағы ең жылдам спортшы өнер көрсетті. Аян Беделхан кешенді 2 минут 9 секундта орындап шықты. Ол да өз командасына қосымша 10 ұпай әкелді. 

Екінші кешен бүкіл командаға арналды. Оның аясында арнайы тренажерда 50 калория ескек есу, 50 рет гір сермеу (қыздар - 4 кг, жігіттер - 8 кг) және қорапқа 50 рет секіру қажет еді. Кім қандай жаттығуды орындайтынын командалар өздері шешті. Ережелерде бұған қатысты ескерту болмады. 

Екінші кезеңге 10 команданың ішінде үздік нәтиже көрсеткен 8 команда ғана қатысты. 

Екінші кешенді орындау барысында "Безумный Макс" командасы үздік атанды. Бұл команданың намысын қорғаған 4 ойыншы кешенді 6 минут 4 секундта орындап шықты.

Екінші нәтижені "Сила" командасы көрсетті. Кешенді стратегиялық жоспарлау жөніндегі бас маман Әлібек Мұстамбаев (капитан), қаржылық АТ-жобалардың менеджері Михаил Шахматов, Тәуекелдерді басқару департаментінің бастығы Талғат Тұрсымбеков және әкімшілік ассистент Эльнара Новрузова 6 минут 15 секундта орындады. 

«Спартанцы» командасы 6 минут 25 секунд уақытпен үшінші нәтиже көрсетті. Команда мүшелері: Ақтоғайдағы бас бухгалтердің орынбасары Дидар Рысқұлов (капитан), Бозшакөлдің еңбекақы жөніндегі бухгалтері Айдар Жангүтиев, Бозшакөл салық бөлімінің маманы Мұрат Үйсімбаев және Ақтоғайдың жеткізушілермен өзара есеп жөніндегі бухгалтері Лейла Жанғабылова.

Алғашқы екі кешеннің қандай болатынын жарысқа қатысушылар 3 апта бұрын білді. Олардың көпшілігі бірнеше дайындық жаттығуларын да өткізіп үлгерді және арнайы ұйымдастырылған жалпы дайындық та да болды. 

Ал үшінші кешеннің қандай болатынын финалға шыққан командалар жарыс күні ғана білді. Айтпақшы, финалға ат аталған бес команда да жолдама алды. 

Финалда командалар 10 минут уақыт ішінде гірлерді бітімге 10 рет тарту (ерлер - 8 кг, қыздар - 4 кг), гір тасын кеудеге салып, 10 отыру және салмағы 10 және 4 кг болатын медболдарды лақтыру сияқты жаттығуларды орындады. 

Финалдық кешен көшбасшыларды ауыстырып тастады.  Осы жолы 540 ұпай алған «Спартанцы» командасы бәсекелестерінен озып шықты. Екінші орынға «Меднорожденные» тұрақтап, 423 ұпайды қанжығаларына байлады. Үшінші орынның нәтижесі - 365 ұпай. Ол «Сила» командасының еншісінде. Төртінші және бесінші орындарға «Последнее китайское предупреждение» (363 ұпай) және «Безумный Макс» (347 ұпай) тұрақтады.

Жалпы командалық есепте 3 кешенді орындаудың нәтижелері бойынша «Безумный Макс» командасы бірінші орынға тұрақтады. Турнирдің ұпай сандарын есептеу жүйесіне сәйкес оларға 90 ұпай берілді. Екінші орынды және 82,5 ұпайды «Меднорожденные» командасы иеленді. Елизавета Глазкованың ұтып алған қосымша 10 ұпайының арқасында бұл команда турнирдің екінші кезеңіне 92,5 ұпаймен келді.

Үшінші орынға 75 ұпаймен «Последнее китайское предупреждение» және «Спартанцы» командалары табан тіреді. Аян Беделханның қосымша 10 ұпайының арқасында «Последнее китайское предупреждение» командасының қанжығасында 85 ұпай болды. 

Бесінші орынмен 60 ұпайды «Сила» командасының мүшелері қанағат тұтса, «Guns&Roses» (52,5 ұпай) - 6, «Жыртқыштар» (45 ұпай) - 7, «Work hard, play hard» (37,5 ұпай) - 8, «Шестая ценность» (30 ұпай) - 9, «Адреналин» (22,5 ұпай) 10 орындарға жайғасты. Жарысқа келмегені үшін «Высшая лига» құрамасына 0 ұпай берілді. 

Жарысқа «Dostyk Crossfit» залының жаттықтырушылары төрелік етті. Айта кететін жәйт қатысушылар үшін ерекше болған бұл жарыс аталған спорт клубының аумағында өтті.

Турнирді ұйымдастырушылар қатысушылармен пікір алмасып жатты. Әріптестердің кейбірі спортпен қайта қауышқысы келетінін айтса, енді біреулер тимбилдингтің ерекше форматын атап өтті. Ал төрешілер жаттықтырушы екендіктерін ұмытпай қатысушылар мен жанкүйерлерге кеңестерін берді.

Айта кететін жәйт, жанкүйерлер іс жүзінде "командалық  жұмысты" көрсетіп, әріптестерін шамалары келгенше қолдап отырды. Жанкүйерлердің арасынан Топтың HR директоры Пол Гахаган да болды. Естеріңізге сала кетсек, турнир корпоративтік құндылықтарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.  

14 қазан күні турнир боулинг жарысымен аяқталды. Бұл жолы командаларға тағы 4 адамнан қосылды. Сөйтіп, 7 негізгі және 1 қосалқы ойыншысы бар 11 команда кегляларды нысанаға алды. 

Жиналғандарды таң қалдырған кездер де болды. Мәселен, соңғы орында қалған "Высшая лига" командасы финалдық ойында 786 ұпайға бірден жетіп, жеңімпаз атанды! Бұл команданың ойыншысы Әсел Құсымбаева қатарынан 3 страйк соғып, 148 ұпайды еншіледі. Ол әйелдер арасындағы үздік страйкер атанды. Бұл жетістігі үшін оның командасына қосымша ұпайлар берілді. 

Екінші орын мен 774 ұпайды «Меднорожденные» командасы алды. Ал үшінші орын мен 765 ұпай «Спартанцы» командасында. Бұл команданың мүшесі Жандос Қазенов ерлер арасында үздік страйкер атанды(179 ұпай). Ол да өз командасына қосымша ұпайлар алуға мүмкіндік берді. 

668 ұпаймен «Guns&Roses» командасы төртінші орынға, ал бесінші орынға «Work hard, play hard» (598 ұпай) табан тіреді. Әрі қарай командалар алған орындарына сәйкес орналасты: «Сила», «Безумный Макс», «Жыртқыштар», «Адреналин», «Последнее китайское предупреждение» және «Шестая ценность».

Бүкіл турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды «Меднорожденные» командасы жеңіп алды (екі кезеңнің нәтижесі - 192,5 ұпай). Екінші орын  – «Спартанцы» (175 ұпай). Үшінші орынды «Безумный Макс» командасы қанағат тұтты (140 ұпай).

Ал қалған командалар турнир кестесінде келесідей жайғасты: «Guns&Roses», «Сила» және «Высшая лига», «Work hard, play hard», «Последнее китайское предупреждение», «Жыртқыштар», «Адреналин», «Шестая ценность».

Команда капитандарының чатынан: «Барлықтарыңызға үлкен рахмет! Келесі жарысты асыға күтеміз!, «Ұйымдастырғандарыңызға рахмет! Мұндай іс-шараларды жиі өткізу қажет!  

Спортпен шұғылданыңыздар! 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов