В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Шығыстағы мереке

28.03.2017

Қарау саны: 45

; assetEntryID = 706286

Әдетте Наурыз мейрамы "Шығыстүстімет" ЖШС-нің кәсіпорындарына кеңінен аталып өтетін мерекелердің бірі. Ауқымы жағынан бұл мерекемен тек Шахтер күні ғана бәсеке түсе алады. Ал егер Ұлыстың ұлы күні Шығыс Қазақстанда қысқы ауа райы тұрғанын ескерсек, әріптестерін қызықтыра алған жаппай іс-шараларды ұйымдастырушылардың шеберлігіне бас июге болады. 

Айталық, Усть-Таловка кентіндегі "Жұлдыз" спорт кешенінің аумағында әдеттегідей төрт киіз үй тігілді. Олар Артемьев шахтасы, Николаев кен байыту фабрикасы, технологиялық көлік цехы және сервистік өндіріс кешені атынан құрылды. Киіз үйлер кез-келген адамдар үшін ашық болды. Мерекелік дастархан ұлттық тағамдарға толы болды. Дегенмен ең құрметті қонақтар - ол біздің зейнеткерлер мен өндіріс ардагерлері.

Спорт алаңдарында жұмысшылар арасындағы түрлі жарыстар өтіп жатты. Олардың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен жүлделер берілді. 

Ертіс өндірістік кешені бірден Белоусовка және Алтай сияқты екі кенті мерекелік іс-шаралармен қамтыды. Ол жерлерде де киіз үйлер тіліп, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Айтпақшы, жарыстарға компания қызметкерлерімен қатар жергілікті тұрғындар да белсенді қатысты.

Жезкентте Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлері мен басшылығы кенттегі жалпы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты. ОӨК атынан қазақша күрес жарысының, "ең үздік мерекелік дастархан" сайысының жеңімпаздарына арнап сыйлықтар атады. 

«Басшылығымыз жылда Наурыз мейрамын атап өтуге қаражат бөледі. Біз дәстүрлі тағамдарды - Наурыз көжені, қазақша етті дастарханға қоямыз. Биыл Жезкентте дастархандар сайысы ұйымдастырылатынын естіп, қатысамыз деп шештік. Мақсатымыз - әріптестерімізге, кенттің тұрғындарына, әсіресе, өскелең ұрпаққа ұлттық дәстүрлерді құрметтейтінімізді көрсету. Осыған арнап ішкі дүниелері толықтай сақталған киіз үйді де ұйымдастырдық. Жеңімпаз атанып, бас жүлдені жеңіп алғанымызға өте қуаныштымыз», - деді «Востокшахтострой» АҚ Жезкент учаскесінің бастығы Ерлан Әкімбаев.

«Алаңда мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды. Жұрт мұнда қуана келіп, дос-жарандармен қауышып жатты. Мереке ойдағыдай өтті!» - деп атап көрсетті «КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы Жезкент бөлімшесінің төрағасы Құмар Изембаев.

Наурыз мейрамын көтеріңкі көңіл-күймен "ВостокАвтоТранс" филиалының қызметкерлері де атап өтті. Мұнда киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар дайындалды, қызметкерлер арасындағы жарыстар өтті. Мерекеге компанияның барлық көлік учаскелерінің қызметкерлері шақырылды. 

"Шығыстүстімет" ЖШС-нің басшылығы және өндірістік кешендердің басшылығы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудағы көмектері және мереке күндеріндегі тәртіпті қамтамасыз еткендері үшін алғыс айтады.    

 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов