В составе KAZ Minerals - карьеры, подземные рудники и фабрики по обогащению медной руды, добываемой в Казахстане и Кыргызстане

null Шахта – тағдырым

25.08.2016

Қарау саны: 0

Курстарды аяқтаған соң Артемьев кенішіне жұмысқа орналастым. 2009 жылдан бастап мұнда дәнекерлеуші болып жұмыс істедім. Ал 2010 жылы №3 өндіріс учаскесіне шпур бұрғылаушысы болып ауыстым. Шынымды айтсам, бұл уақытта көптеген амалдар болды. Бірақ мен аса көп ойланған жоқпын. Себебі, шахта менің тағдырым екенін түсіндім. 

Әрине, алғаш рет шахтаға келгенде бір түрлі сезімде болдым. Ең бастысы – қорқыныш болмады. Мен қиыншылықтар мен жауапкершіліктен қорықпаймын. Ұстанатын қағидам – барлық мәселені шешуге болады, ал шешімі жоқ жағдай болмайды.

Ұжымға оңай еніп кеттім, қарым-қатынасымыз жақсы, мұндағы адамдар адал да, әділ жандар. Ешкім көмегін аяп қалған жоқ. Әсіресе, тәжірибелі шахтерлер көп көмектесті. Артемьев кенішінің бұрынғы бірінші өндіріс учаскесінің ұжымын ерекше жылулықпен және алғыс айта еске аламын.

Өз жолымды, мамандығымды өзім таңдадым. Сондықтан оны ауыстырмаймын және ауыстырғым да келмейді.

Үйленгенмін, екі қызым бар. Шахтердің еңбегі – ерлерге тән ауыр да, қажырлы. Алайда егер қыздарым болашақта кен өндірісін (бірақ шахтада емес) таңдап жатса, мен қарсы болмаймын.

Шахтер күні біз үшін нағыз мереке. Тіпті Жаңа жыл мерекесі іспеттес. Сондықтан шахтерлерге сәттілік тілеймін.

Виталий Котов, бұрғылаушы

Артемьев өндірістік кешені, «Шығыстүстімет» ЖШС

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов