В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Сақтандыру

03.03.2020

Қарау саны: 96

; assetEntryID = 692583

Биылдан бастап KAZ Minerals Тобының әлеуметтік желілеріне қызметкерлерден міндетті медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтар жиі келе бастады. Олардың негізінде біз шағын жаднаманы дайындадық.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық қызметтер екі жинақтама түрінде болады – тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі (ТМКК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). Бұл жеке медицинаны есепке алмайды.

 

Топ қызметкерлері медициналық сақтандыру қорына (МСҚ) қосымша жарналар жасауға тиіс пе?

Жоқ. Жалдамалы қызметкерлердің табысынан жарналарды жұмыс берушілер ұстап қалады және төлейді – 2020 жылы еңбекақыдан 1%, 2021 жылы 2%. Сонымен қатар, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс берушілер қосымша аударымдар жасайды.

 

Менің әйелі еш жерде жұмыс істемейді. Менің салымдарым мен менің жұмыс берушімнің жарналары  отбасымның мүшелерін сақтандыруға жарай ма?

Жоқ. Егер сіздің әйеліңіз немесе күйеуіңіз жалдамалы қызметкерлер болмаса, жұмыс істемесе, ЖК болып табылмаса немесе бейресми жұмыс істесе, онда МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін олар өздерін сақтандырып, ай сайын бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) жасауы керек. Бұл БЖТ-ге, МӘМС-дан басқа міндетті зейнетақы жарналары да кіреді.

Бейресми жұмыс істейтін адам БЖТ жасай отырып, медициналық сақтандырудан басқа өзін базалық зейнетақы төлемімен (жүйедегі өтіліне байланысты) қамтамасыз етеді және еңбекке қабілеттілігінен айырылған, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік және босану кезеңінде, бала асырап алған кезде, бала күтімінде әлеуметтік төлемдер ала алады. БЖТ айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне байланысты есептеледі. 2020 жылы қала тұрғындары үшін – 1 АЕК (2651 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК (1326 теңге).

18 жасқа дейінгі балаларға келетін болсақ, олар мемлекет төлейтін азаматтар санатына жатады. Бұдан басқа, бұл тізімге жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) күтіп-бағуға байланысты демалыстағы адамдар жатады. Толық тізіммен МСҚ-ның https://fms.kz/ сайтында танысуға болады.

 

Тиісті жарналар төленетінін және өзімнің сақтандырылғандығымды қалай тексерсем болады?

МСҚ-ның https://fms.kz/ сайтында сақтандыру мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін плагин бар. Сайттың төменгі оң жақ бұрышында "Статусты анықтау" деген жазу көрінеді. Оны басыңыз, ЖСН енгізіп, нәтижені көресіз. Егер "сақтандырылған" деген жауап шықса, бәрі дұрыс. Егер "сақтандырылмаған" деп шықса, себебін анықтау қажет.

 

Сақтандырылған пациент қайтыс болған жағдайда жинақталған ақшаның тағдыры не болады? Ол туыстарына беріле ме?

Жоқ, жарналарды беру қарастырылмаған. Себебі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе болып табылмайды. Медициналық көмек жарналардың мөлшері мен сомасына қарамастан көрсетіледі. Яғни, халықтың барлық санаттары медициналық қызметтерге бірдей қолжетімділікке ие. Бұл жүйенің теңдей қол жетімділік принципі осы.

 

Мен қандай медициналық мекемеге тіркелдім? Мен ешқайда барған жоқпын және ештеңе қол қойған жоқ едім.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды тіркеу науқаны 2019 жыл бойы жүргізілді. МСҚ-ның деректері бойынша АМКК көрсету ұйымдарына азаматтарды тіркеу олардың сұрау салуы бойынша https://egov.kz/ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Ұйымдардың тізімімен Медициналық сақтандыру қорының жоғарыда аталған сайтында танысуға болады.

 

Егер сіздің МӘМС жүйесіне қатысу туралы сұрақтарыңыз қалса, 1406 қысқа нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.

 

 

 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов