В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.

null СҰЛУЛЫҚ ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

08.03.2020

Қарау саны: 100

; assetEntryID = 1143554

Ертіс шахтасының қабылдау бөлмесінде келушілерді ақ бұйра шашты әдемі қыз күлімсіреп қарсы алады – ол Ольга Янцен. Ольга бес баланың анасы. Біз Ольгадан балаларға қарап, үй шаруасын орындап, бірақ қалай үнемі көрікті де, тартымды әйел болып қала беретінін айтып беруін өтіндік.

- Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Іс жүргізуші болып жұмыс істегеніме, міне, 17 жыл болды. Бұл жылдар ішінде барлық әріптестер туысымдай болып кетті және сүйікті шахта жұмыс істеп тұрғанда, осында еңбек етемін деп үміттенемін. Менің отбасым үлкен және тату. Күйеуім Николай Ертіс шахтасының тік көлік учаскесінің электрмеханигі болып жұмыс істейді. Үлкен ұлым Данил Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық колледжінде «механик» мамандығы бойынша грантта оқиды. Данил шахтада жұмыс істеу үшін сырттай оқуға ауысқысы келеді. Максим 14 жаста, толығымен оқуға берілген, тұрақты төртке оқиды. Ангелина 3-сыныпта оқиды, оқу үздігі, хореографиялық үйірмеде бимен, сондай-ақ, музыкалық мектепте вокалмен айналысады. Марианна 1-сыныпта оқиды, фортепианода ойнайды, музыкалық мектепке барады, билейді. Ең кішкентайым - Тимур, бес жаста, ол әлі балабақшаға барады.

Өзім Алтай кентінде туғанмын, күйеуім Семей қаласынан. Күйеуім екеуіміз Beeline танысу қызметі бойынша танысқанбыз. Телефонмен 4 ай сөйлескеннен кейін Коля маған жаңа жылды қарсы алуға келді. 13 қаңтарда бұрынғы жұмысынан шығып, менімен бірге тұруға көшті, содан он үш жыл бойы біргеміз. Басында қаржы жағынан қиын болды. Сүйікті кәсіпорныма рахмет – қиын сәтте қызметтік тұрғын үй берді. Ақырындап өзіміздің пәтерімізді алдық, қазір өзіміздің жақсы үйімізде тұрамыз. Бақшамыз бар. Жалпы, жер-менің стихиям. Үйде және бақшада гүл өсіру - менің хоббиім. Күйеуім өткен жылы көп түп раушан гүлінің көшеттерін сатып алды, мен олардың барлығын отырғыздым. Мен қарапайым әйелмін, сондықтан күйеуіме кез-келген жағдайда тек бөлме гүлдерін беруді сұрадым.

Менің күнделікті күн тәртібім мынадай: таңғы 5.30-да тұрамын, таңғы ас әзірлеймін, балаларды – Тимурды балабақшаға, Марианнаны мектепке дайындаймын. Күйеуім жұмысқа ерте кетеді. Сондықтан Марианнаны мен мектепке апарамын, ал кішкентай ұлымды балабақшаға үлкен балалар кезекпен апарады. От жағу, қар күреу – мұның барлығын отбасының ерлер жағы атқарады. Үлкен ұлым Данил күнделікті сабаққа қалаға барады, ол ертерек келгенде, өзі кешкі ас дайындайды. Кешкі асты ішуге бірге отырамыз, күні бойы әркімде не болды талқылаймыз. Одан кейін екі сағат бойы балалармен сабаққа дайындаламыз. Осы екі сағаттың өзі, менің ойымша, демалыс. Балалар үй жұмысын өз бетінше орындайды, негізінен қиын тапсырмалармен жүгінеді, мен әдетте сурет салуға, баяндамалар дайындауға көмектесемін. Екі сағаттық релакстан кейін мен кір жуу, жинау, ертең түскі ас дайындаумен айналысамын.

Демалыс күндері біз белсенді демалуды жақсы көреміз, жазда көлге немесе қайың тоғайына барамыз. Өткен жылы Алтай кентінде саябақ ашылды, сондықтан біз барлық отбасымызбен саябақта жазда да, қыста да серуендеп жүреміз. Қыздарыммен біз тамақ пісіруді жақсы көреміз, тамақты дайындауға барлығы қатысады: бірі ұн, екіншісі – қант және т.б. салады. Ангелина қарапайым тамақ пісіре алады. Қонақтарды қарсы алуды жақсы көреміз және өзіміз де қонаққа барамыз.

Менің анам баланы балабақшадан алып, мен түскі асқа келмегенде, балаларды тамақтандыруға көмектеседі. Күйеуімнің ата-анасымен жылы қарым-қатынастамыз. Олар Семейде тұрса да, бірақ күніне бірнеше рет қоңырау шалып, жиі-жиі келіп тұрады.

Мен өзімді жұмсақпын деп санаймын, ал адамдар мені қатал ана деп айтады. Бізде үйде қатаң тәртіп бар. Балалар ешқашан сабақтан немесе бақшадан қалмайды. Себебі, мектеп пен балабақша – олардың жұмысы деп санаймын. Егер бір бала ауырып қалса, бірден дәрі беремін. Өзім де ешқашан еңбекке жарамсыздық парағын алмаймын.

Күнделікті тіршілікпен мен өз келбетім туралы ұмытып кетпеймін, маникюр мен шаштаразға барамын, күйеуім мені қолдайды. Өйткені, ғасырлар бойы отбасы ошағын сақтаушы – әйел. Ал егер ол бақытты болса және өзіне күте елса, онда бұл мықты отбасылық дәнекердің негізі.

Отбасы - менің өмірімдегі ең үлкен жетістігім. Өз отбасымда мен жалғыз баламын, әрқашан ағалар және әпкелер, үлкен және тату отбасы туралы армандайтынмын. Күйеуімнің отбасы да кішкентай, оның әпкесі бар. Егер Құдай алтыншы бала берсе, онда біз ойланбастан туамыз.

Елена Кайгородова, Ертіс кенішінің энергиялық ресурстарын есепке алу және талдау жөніндегі инженері: «Ольга – жауапты әріптес, әрқашан қиын сәтте барлығына көмектеседі. Біз жақын жерде тұрамыз, сондықтан оны қамқор ана ретінде сипаттай аламын, оның балалары тәрбиелі, барлығы жақсы оқиды. Үйі әрдайым таза және әдемі гүлдері көп».

 

Жанна Мұзапарова, Ертіс кеніші

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов