В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Олег Новачуктың үндеуі

23.08.2019

Қарау саны: 49

; assetEntryID = 692919

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын! Бұл біздің корпоративтік күнтізбеміздегі маңызды мерекелердің бірі. Біздің ортақ ісімізге ең көп үлесті кеншілер қосады. Кен өндіру бойынша біз үздік көрсеткіштерді көрсетеміз. 2019 жылдың бірінші жартысында Топ шамамен 44 миллион тонна кен өндірді, бұл былтырғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 7 миллион тоннаға көп. Бұл, негізінен, Ақтоғайдағы өндіру өсімінің арқасында, мұнда Ақтоғай II өндірісін кеңейту жобасын ескеріп, қосымша кен жұмыстары жүріп жатыр. Ақтоғайда осы жылы жаңа тау-кен техникасы пайда болды, соның ішінде жүк көтеру мүмкіндігі 240 тонна болатын Қазақстандағы ірі жүк көлігі және жоғары техникалық сипаттамалары бар  дөңгелекті тиегіштер бар. Біз Қазақстандағы ірі мыс өндірушісі ретінде позицияларымызды нығайту мақсатымызға жоспарлы жылжып келеміз.

Осы жылы біз қайта құруды жүзеге асырғанымызға және KAZ Minerals деген атаумен нарыққа шыққанымызға 5 жыл толады. Өндірістік тұрғыда талай жұмыс жасалды: Ақтоғай және Бозшакөл екі ауқымды заманауи кәсіпорын салынды және пайдалануға берілді, олар өздерінің есептік көрсеткіштеріне тығыз жақындауда. Бастысы, біз ниеттес ұжым құра алдық, ол ортақ қағидаттармен және құндылықтармен дүние жүзінің түрлі өңірлерінен түрлі мамандықтағы мыңдаған адамдарды біріктіреді. Жақында мен және Директорлар кеңесінің басқа мүшелері, дивизиондар директорлары өндірістегі жарақаттануға жол бермеуге және қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған Goal Zero жобасын қолдау ниетіне қол қойдық. Өкінішке орай, осы жазда бізде өлімге әкелген екі жазатайым оқиға болды. Мен сіздерді бұл мереке күндері жұмыс орнында қырағылық сақтауға және қауіпсіздік техникасының ескерілмеуіне жол бермеуге шақырамын.

Газеттің шығуы кезінде I Спартакиада да салтанатты ашылып қойды, ол туралы жұмыскерлер менен тікелей желілерде сұраған болатын. Егер оң жауап болса, біз Шахтер күнінің алдында мұндай игі дәстүрді бастау туралы ойланамыз деген едім. Маған, сондай-ақ, Жезкент тұрғындарынан алғыс сөздерін алу жағымды, мұнда адамдар ыстық су беру, көріктендіру және жол жөндеу мәселесін шешу аясындағы жақсы өзгерістерді көруде.

Тікелей желілер шеңберінде біз көптеген мәселелерді анықтап, оларды шеше алдық, ол туралы сіздерге корпоративтік газет, телесюжеттер және т.с.с. арқылы үнемі хабарлаймыз. Мен жеке тау-кен компанияларында еңбекақыны арттыру туралы сөздер аясында, бұл мәселені біздің жұмыскерлер де, кәсіподақ ұйымдары да айтатынын білемін. Осы және басқа да мәселелерді біз алдағы, мерейтойлық бесінші тікелей желіде осы күзде міндетті түрде талқылаймыз. Бұрынғыдай белсенді қатысуды сұраймын, қазірдің өзінде сұрақтарды жазбаша немесе видео форматында жолдауға болады, барлық сұрақтар цензурасыз маған жеткізіледі.

KAZ Minerals-тың бүкіл ұжымын тағы да Шахтер күнімен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға саулық, сіздің кәсіби және жеке әлеуетіңіздің іске асырылуын, барлығымызға татулық және жақсылық тілеймін!

 

Құрметпен,

Олег Новачук,

KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы

 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов