В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Олег Новачук тікелей эфирге шақырады

11.09.2018

Қарау саны: 53

; assetEntryID = 695001

25 қыркүйекте KAZ Minerals-тың lV тікелей желісі өтеді. Топ қызметкерлері мен топ-менеджер 2 сағаттан астам уақыт сөйлеседі.

«Құрметті әріптестер!

25 қыркүйекте Төртінші тікелей желі барысында біз тағы да кездесіп, барлығымыз үшін өзекті мәселелерді талқылаймыз.

Өткен үш тікелей желі көрсеткендей, бұл сұхбат мен үшін, жалпы компания басшылығы үшін пайдалы болды. Қызметкерлерге де пайдасы мол болды деп сенемін. Мен барлықтарыңызға компания іс-қызметіне деген алаңдаушылықтарыңыз үшін ағыс айтамын. Тікелей желіге келген сұрақтардың арқасында кәсіпорындардағы тұрмыстық және ұйымдастырушылық мәселелер айшықталып, жаңа жобалар пайда болады, ұжымдардағы көңіл-күй өзгереді.

Мен адал, ашық сұхбатты қолдаймын. Сондықтан, кез-келген мәселені талқылауға дайынмын.

Өткен тікелей желілерге қатысушылардың өтініші бойынша биыл тікелей сұхбат таңертен емес, түстен кейін – сағат 14:00-де басталады. Сонымен қатар, биыл қызметкерлер жұмыс орнында ғана емес, вахтааралық демалыс немесе еңбек демалысы барысында тікелей желіні көре алады. Техникалық команда YouTube-көрсетілімін ұйымдастырады.

Сұхбатымыздың нәтижелері «KAZ Minerals Инфо» газетінің арнайы нөмірінде жарық көреді.

Жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар! Тікелей эфирде кездескенше!».

Құрметпен,

Олег Новачук

KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов