В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null NFC компаниясының Көксай жобасына инвестициялары

08.06.2018

Қарау саны: 35

; assetEntryID = 696219

KAZ Minerals Тобы Non Ferrous China (NFC) компаниясымен Көксай жобасына $70 млн инвестиция салу келісімі туралы хабарлайды. Әлі де Қазақстан мен Қытай реттеуші құрылымдарының  келісімін талап ететін $70 млн инвестиция үшін, NFC Көксай жобасының 19,4% үлесіне ие болады.

Көксай – бұл Алматы қаласынан 230 километр қашықтықта орналасқан ашық типтегі мыс кенішін игерудің әлеуетті жобасы. Кен орынның минералды ресурстары – құрамында 3,1 млн тонна мыс бар 736 млн тонна кен. Кендегі мыстың орташа үлесі 0,42%.

NFC-ның жобалық кәсіпорынға салуға дайын $70 млн – бұл Көксайды игеруге, оның ішінде техника-экономикалық негіздемеге арналған резервтік қаражат. ТЭН аясында тау-кен және қайта өңдеу өндірісінің үлгісін және оған қатысты күрделі бюджетті анықтау жоспарланып отыр. Директорлар кеңесі ТЭН нәтижелерін қарап, жоба қалай және қай мерзімде іске асатынын анықтайды. 

KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Біз NFC компаниясын Көксай жобасы бойынша серіктес ретінде көруге қуаныштымыз. Аталмыш компаниямен  Бозшакөл мен Ақтоғайдың құрылысы кезінде табысты жұмыс істедік. Бұдан кейінгі қарым-қатынасты да нығайтуға мүдделіміз. Әзірге бұл мүмкіндіктер бағалануда».

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов