В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.

null Назар аударыңыз! Төлемдерге қатысты

06.01.2020

Қарау саны: 12

; assetEntryID = 692775

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесі (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) Қазақстанның жұмыс берушілерінің ғана емес, сонымен қатар, қызметкерлердің ойластыратын мәселесі болады. Жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бері төлейтін жарналардан басқа, жаңа жылдан бастап KAZ Minerals-тың барлық қызметкерлерінің кірістерінен жарна ұсталады. Жарна көлемі 2020 жылы 1%-ды құрайды және 2021 жылы 2%-ға дейін ұлғаяды.

МӘМС - бұл халыққа медициналық көмек көрсету жүйесі, оның негізгі қағидаттары - қолжетімділік пен ортақ жауапкершілік. МӘМС-ға азаматтар, жұмыс берушілер және мемлекет атсалысады.

KAZ Minerals Тобының жұмыс беруші ретінде барлық қызметкерлер үшін төлейтін жарнасының мөлшері:

2017 жыл – 1%

2018-2019 жылдар-1,5%

2020-2021 жылдар – 2%

2022 жылы – 3%.

Еңбекақысы 100 мың теңгені құрайтын қызметкердің табысынан ұсталатын жарналарды есептеу мысалы:

 

Кезең

Процесс

Есеп, KZT

1

10%* көлеміндегі зейнетақы аударымдары

100 000 – 10% = 90 000

2

1%** мөлшерінде МӘМС пайдасына ұстап қалу

100 000 теңгенің 1%-ы = 1000

3

Қалған соманың 10% мөлшерінде табыс салығын ұстау

 

(100 000 – 10 000 – 1000)

– 10% = 80 100

4

Қызметкердің шотына аударылған  қаражат мөлшері

80 100

 

* Зейнетақы жарналары ұсталатын табыстың көлемі ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен (2019 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері – 4250 теңге) және ең төменгі еңбекақы мөлшерінің 50 еселік көлемінен аспауы (2019 жылы – 2 125 000 теңге) тиіс. 

** Сондай-ақ, МӘМС төлемі бойынша да шектеу бар: егер қызметкер ең төменгі еңбекақыдан он есе артық алатын болса, жарна ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшері бойынша ғана төленеді (425 000 теңге). Сөйтіп, 425 000 теңгеден астам еңбекақыдан төленетін жарна сомасы 4250 теңгеге тең болады.

МӘМС және ТМККК топтамалары (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) аясындағы тегін медициналық қызметтер туралы барлық қажетті мәліметті мына ақпарат көздерінен білуге болады:

- өзініздің емдеуші дәрігеріңізден;

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) сайтынан, www.fms.kz;

- 1414 байланыс орталығынан;

- ӘМСҚ-ның халықпен жұмыс жөніндегі департаментінен.

 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов