В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Мереке жақындап қалды

28.12.2018

Қарау саны: 128

; assetEntryID = 694245

Жылдың басты мерекелерінің бірі – Жаңа жыл жақындап қалды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментіндегі әріптестеріміз барлықтарыңызға жаңажылдық көңіл-күй тілейді. Алайда осы күндері түрлі қауіп-қатерлердің ықтималдығы артады, ал қауіпсіздік техникасын сақтау ерекше құнды.

Санақ бойынша жаңажылдық мерекелер кезінде травматологияға және жедел жәрдемге жүгінгендер саны ұлғая түседі. Ересек адамдар көбінесе ішімдікке улану, тұрмыстық жарақаттар және үсікпен келсе, балалар тамақтан уланып, аллергиялық сипаттармен, мұздау немесе күйікпен келіп жатады.

Жаңажылдық шырша

Мереке күндері үйдің сәнін келтіретін шырша үлкен қауіп-қатердің көзіне айналуы мүмкін. Сол себепті мамандар шыршаны безендіруге тек ақауы жоқ шамдарды пайдалануға кеңес береді. Оңай отқа оранатын ойыншықтарды, мақтаны, балауыз майшамдарын және қағазды пайдаланбаған дұрыс. Үйден шыққанда шырша шамдарын электртоғынан ажыратып кету қажет. Сондай-ақ, кішкентай балаларды және үй жануарларын шыршаның қасында қалдырмаңыздар.

Пиротехника

Түрлі отшашулар мен фейерверктерден жарақат алу жағдайлары жиі кездеседі. Мамандар тек арнайы сертификаты бар петардалар мен отшашуларды сатып алуға, оларды құрылыстардан алыс жердегі (кем дегенде 30 метр қашықтықта)  ашық алаңдарда пайдалануға кеңес береді. Пиротехникалық өнімдерді жағуды балаларға сеніп, тапсыруға болмайды және міндетті түрде нұсқаулықтарды мұқият оқу қажет. Осы ережелерді сақтай отыра, денсаулығыңызға қауіп төндірмей, керемет көріністің куәсі боласыз.

Пиротехникалық өнімдерді дұрыс пайдаланумен қатар, оларды дұрыс сақтай білген де жөн. Мұндай өнімдерді құрғақ әрі ашық от пен жылыту құралдарынан алыс жерлерде сақтаған дұрыс. Петардаларды қалтаға салып, алып жүруге тыйым салынады. Пиротехникалық өнімдерді және отшашуларды пайдаланған кезде шылым шегуге және оларды жел кезінде пайдалануға болмайды. Себебі жел қауіпті аймақты бірнеше есе ұлғайтады.

Бенгал оты – Жаңа жылдың тағы бір әдемі және қауіпті нышаны. Бенгал отының құрамдас бөліктерінің өртену  температурасы өте жоғары және Цельций бағанасы бойынша 1000 градусқа жетеді. Осындай температураға дейін қызыған бөлшектер қатты күйік қалдыруы мүмкін. Сондықтан оларды тастар алдында сумен суыту қажет.

Ас

Мерекелік дастархан – жаңажылдық мерекелер кезінде медициналық көмекке жүгінудің басты себептерінің бірі. Тағамдарға абай болыңыздар, барлық азық-түліктер балғын әрі сізге таныс болғанына көз жеткізіңіз. Өйткені улану көбінесе экзотикалық азық-түліктердің немесе калориясы жоғары тағамдарды асыра жеуден кейін орын алады.

Диетологтар тағамдарды жегенде кезек тәртібін сақтау қажет дейді. Айталық, алдымен салаттарды, содан кейін тойымды ыстық тағамдарды жеу керек. Есте сақтайтын мағызды жәйт: мерекелік дастарханда жеген тағамдар қаншалықты алуан түрлі болса, ас қорыту жүйесіне түсетін салмақ та соғұрлым жоғары.

Диетологтар 31 желтоқсан күні таңғы асты, түскі және кешкі астарды жібермеуге кеңес береді. Күнделікті тамақтану рационын сақтаңыздар. Бұл жаңажылдық кеште асыра тамақ жеуден сақтайды. Дастарханда ұзақ отырмаңыздар және тамақтын артынан газды сусын ішпеңіздер. Әрине, алкогольдік ішімдіктерді де шамадан тыс қолдануға болмайды.

Таза ауада серуендеу

Далада ұзақ уақыт серуендеудің кесірінен үсік шалуы немесе тоңып қалуыңыз мүмкін. Оған жол бермес үшін ауа райына лайықты киініңіз: жылы аяқ киім, жылы қолғаптар, бас киім, жылы сырт киім. Бұның бәрі міндетті. Өз жағдайыңызды мұқият бақылап, серуендеу алдында ішімдікті асыра пайдаланбаңыздар.

«KAZ Minerals Инфо» бұл ұсыныстарға және көңілді  әрі қауіпсіз мереке өткізу туралы тілектерге қосылады!

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов