В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Кен байытушының әңгімесі

24.08.2018

Қарау саны: 29

; assetEntryID = 695471

Қарашаш Тұргұмбаева – «Шығыстүстімет» ЖШС Орлов ӨК кен байыту фабрикасы бас корпусының шебері. Оның өз мамандығын құрметтеп, онымен ажырамай жүргеніне 30 жыл толды. Бұл мамандықтың мәні неде? Өзінің ойларын әріптесіміз KAZ Minerals Инфоға айтып берді.

 

Мектепте оқып жүргеннің өзінде мен жоғарғы білім алып, кен байытушы болғым, сосын тұрмысқа шығып, ана атанғым келген. Анам екеуіміз отырғанда балаларымның есімдері қандай болатынын айтатынбыз. Жылдар өткен соң мен ойлағандай болды. Марат деген ұлым, Фарида есімді қызым бар, жарым Талғатпен бақытты өмір сүріп келе жатқанымызға 30 жыл толды, кен байыту фабрикасында бас корпустың шебері болып жұмыс істеймін.

Бұл мамандықты кездейсоқ таңдаған жоқпын. Біздің отбасымызда шахтерлар да, кен байытушылар да болды. Барлығы әкемнен басталды. Ол Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы алтын өндіретін артельде бригадир болып жұмыс істеді. ҰОС кезінде әкемді броньға сәйкес тылда қалдырды. Ол кезде фабрика болмағандықтан алтынды драгада шаятын, аяқта резенке етік, тізеден су... Қажырлы еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін ол «Айбынды еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Әкемді мақтан тұтамын!

Бауырларым әкемнің жолын қуды. Олар Белогор КБК еңбек етті: біреуі – кенжаршы, біреуі – бастаушы, үшіншісі – кенді фабриканың қабылдау бункерлеріне кенді жеткізетін электровоздың машинисті. Төрт әпкем кен байыту фабрикасында жұмыс істеп, сол кеннен дайын концентрат өндіретін. Әпкем Қарлығайын Дәуенова шебер болатын, кейін фабриканың бас инженері қызметіне дейін көтерілді. Қарлығайын әрдайым өзінің мамандығы жайлы, фабрика туралы ілтипатпен айтып, мектепте оқып жүрген маған кен байытушы мамандығын игеруге кеңес берді. Ол өзі еңбек озаты – социалистік жарыстардың жеңімпазы. Сондықтан мен оған қарап бой түзейтінмін. Көбінесе отбасымыз бірге жинала қалса, дауласып қалатынбыз. Шахтер-бауырларым кен байытушылар кендегі металды бөліп алмай, қалдықтарға жіберіп алады десе, кен байытушы-әпкелерім кенді қазатын шахтерлар кенді бос тау жыныстарымен араластырады дейтін. Мен бұл пікірсайысқа қызыға қарап отырдым. Өзім де осылай жұмыс істеуді армандадым. Мектептен соң Лениногор тау-кен-металлургия техникумына құжат тапсырдым. Анам таңдауымды құптады. Оқуды тәмамдадым, дипломды қолға алып, мамандығым бойынша жұмыс істеп жүргеніме 30 жыл болды. Жұмысымды жақсы көремін.

Екі әпкем Қарлығайын мен Нәзира да кен байытушылар. Олар 1990 жылдардың басында Жезкент фабрикасында қызмет етті. Қазір зейнеткерлікте болса да, маған ақыл-кеңестерін айтып, қолдап отырады үнемі.

Күйеуім Талғат Тұрғұмбаев 1990 жылдардан бастап Сүзгілеу және кептіру корпусындағы тиеу машинасында машинист болып жұмыс істейді. Ұлым Марат та осы цехта кранның машинисті болып еңбек етеді. Қызым Фарида тұрмысқа шыққан. ЖОО-нын тәмамдаған соң Өскемен қаласында өзінің «сату жөніндегі менеджер» мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. 

Өзімнің еңбек жолымды Белая Гора кентіндегі кен байыту фабрикасында бастадым. Ол Белогор КБК-не (ШҚО) қарасты еді. Мен концентраторшы болып еңбек еттім. Мұндағы кен сирек кездесетін шикізат болатын. Осы сияқты фабрикалар бүкіл Кеңес аумағында бірнешеу ғана болды. Бұл фабрика гравитациялық бағытта жұмыс істейтін, мұнда тантал, қалайы және слюда сияқты металдар өндірілетін. Бір жыл жұмыс істеген соң, 1988 жылы жаңа фабрика іске қосылайын деп жатқан Жезкентке шақырды. Жас маман ретінде маған бірден екі бөлмелі пәтер берді. Дайындық жұмыстары жүріп жатқанда біз фабриканың өндірістік алаңдарын жинастырумен болдық. Содан кейін төрт жас маманды, яғни мені, Татьяна Буднецкаяны, Любовь Панкованы және Светлана Гальцованы Зырян кен байыту фабрикасына бір айлық тәлімгерлікке жолдады. Мақсаты – фабрикамыздың іске қосылуына дайындық.

1989 жылы Жезкент КБК фабрикасы іске қосылды. Бұл кезде екі секциялы сұлба қолданылатын еді. Әр секцияның өзінің диірмендері бар. Бірінші секцияда 22 өздігінен ұсақтайтын ылғалды диірмен және 34 кенді-жұмыр тасты шар диірмені жұмыс істейді. Екінші секцияда 23 ӨҰЫД мен 35 КЖШД бар. Мыс концентратын өндірген соң, флотацияның мыс қалдықтары мырыш флотациясына жіберіледі. Екінші секция тазалауынан өткен концентрат келесі сатыға өтіп, бұл жерде мыс пен мырыш ажыратылады. Бұл концентраттың құрамындағы мысты барынша аз жоғалту үшін жасалып отырды. Бұл кезде Клавдия Рахманова технолог болып еңбек етті – ол өте әрдайым кеңес беруге дайын сауатты басшы еді. Ол үнемі флотацияда, диірмендер мен сорғылардың жанында жүретін. Себебі, көбінесе, флотацияның жұмысы пульпаның тығыздығы мен ұсақтығына байланысты. Ал 1996 жылы бас кен байытушы қызметіне Сәбит Ибраев келген соң көп нәрсе өзгерді: флотация жаңғыртылды, екінші секциялы флотация, мыстан тазарту алынып тасталды. Енді егер бір диірмен жұмыс істеп тұрса, екіншісі резервте тұратын. Кез-келген жағдайда, айталық, қандай да бір ақаулар болса, екінші диірменге ауысып, технологиялық процессті тоқтатпауға болады. 1996 жылдан бастап басқару пультінің операторы болып жұмыс істедім, ал 2011 жылы ауысым шебері етіп тағайындады.

Кейін фабриканың бастығы Рашид Утегеновтың, қазір ол «Шығыстүстімет» ЖШС-нің бас кен байытушысы, басшылығының арқасында фабриканың кәсіби мамандарының командасы жоғары өндірістік көрсеткіштерімен танымал болды. Олардың арасында көп жылғы жұмыс өтілі мен тәжірибесі мол тәлімгерлеріміз – Зоя Федорищева, Қарлығайын Дәуенова, Бағжамал Бердіновалар бар. Қазір олар зейнеткерлікте. Олардың берген тәлім-тәрбиесі мақтануға тұрарлықтай. Қазір олардың тәлімін алған шәкірттер өндірісімізде лайықты жұмыс істеп жүр. Олардың арасында Татьяна Крихмеер, Дәмелі Дәуенова, Лариса Бабенко, Жанар Беделбаева сияқты флотаторлар және тағы басқалар бар.

Менің ұжымым, біздің ауысымымыз, жалпы бүкіл фабриканың ұжымы тату-тәттіміз, әрдайым бір-бірімізге көмектесуге дайынбыз! Біздің команда – жемісті жұмыстың іргетасы. Өндірістік көрсеткіштерге, жұмыс орнында жарақаттардың болмауына тырысатын команда.

Қазір фабриканың басшылығында жас мамандар жұмыс істеп жүр - Абзал Теңізбаев, Мадина Шайханова, Асқар Садырбаев, Наталья Милевская. Өндірісте мамандардың буыны ауысып, жаңару болғаны керемет. Солай болғаны дұрыс. Болашақ жастардың қолында. Біз, яғни өмірлік және өндірістік тәжірибесі бар аға буын өкілдері, жастарға мұқият болып, өзіміздің көрген-білгенімізді жеткізуіміз керек.

Әрдайым жұмысқа бара жатқанда ойланасың: біздің алдымыздағы ауысым қалай жұмыс істеді екен? Процесс қалай болып жатыр, диірмендер қалай екен? Тоқтаусыз жұмыс істеуге кен жете ме екен? Ал жұмысқа келе сала, суда жүзген балықтай жұмысқа кірісіп кетесін. Жаныңа жақын жұмысты таңдаған өте маңызды. Кәсібіңе өміріңнің көп бөлігін арнағандықтан, ол сүйікті іс болғаны дұрыс қой. Еш өкінбеу қажет. Сәтін салып, өмірім дәл осылай қалыптасты!

Ұжымыма, әріптестеріме жаңа еңбек жетістіктерін, мықты денсаулық, бақ-береке және бақыт тілеймін! Өмірлеріңіз шуақты күндей жарқын болсын, өмірлеріңізде уайым-қайғы болмасын!

 

Жазып алған Татьяна Маер, ОӨК

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов