В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасының үндеуі

03.05.2018

Қарау саны: 27

; assetEntryID = 696523

Құрметті әріптестер,  

Менің компаниядағы жұмысым 2006 жылы, Қазақмыстың Лондон қор биржасындағы листингінен кейін басталды. Бастапқы кезеңде компанияның қазақстандық бөлімшелерінің бас кеңсесі орналасқан Жезқазғанға жиі баратынмын. Сол кезден бастап Топ көптеген өзгерістерге ұшырады. Олардың арасындағы ең маңыздылары Бозшакөл мен Ақтоғайдағы құрылыстың басталуы, 2014 жылы KAZ Minerals пен Қазақмыстың бөлінуі және ашық типтегі екі ірі кеніштегі өндірістің қарқындай түсуі.

2017 жылы KAZ Minerals Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өндірістің нығайтудағы мүмкіндіктерін көрсетіп, 80%-дық өсімін қамтамасыз етті. Алдымызда кәсіпорындарды есептік қуатына жеткізу міндеті тұр. Дегенмен қазірдің өзінде Топ құрылысы жалғасып жатқан екі ірі жобасы бар компаниядан өз дамуының жаңа кезеңіне дайын тұрған мыс өндірушіге айналды.

Сол себепті былтыр маған Директорлар кеңесі KAZ Minerals-тың басқарма төрағасының лауазымын ұсынғанда мен қуана келістім. Қазір компания өзінің дамуындағы маңызды кезеңдерден өтіп жатыр, оған қоса жаңа жетістіктерге жету жолында Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукпен қоян-қолтық жұмысты жалғастырғым келді.

Біздің негізгі өнім, мыстың, нарықтағы перспективалары зор екеніне сенімдімін. Бұл таза энергияны өндірушілер үшін күретамыр іспетті. Ал өздеріңіз білетіндей жаңғырмалы қуат көздері негізінде электр энергиясын өндіру көп мөлшердегі мысты талап етеді. Таяу жылдары қарапайым көліктен қарағанда мыспен 4 есе көп қамтамасыз етілген электрмобильдер бүкіл әлемде үйреншікті көлік түріне айналады. Яғни, оларды қуаттау станциялар желісі де дамиды деген сөз. Әлемдік мыстың жартысына таяуын тұтынатын Қытай өсіп келеді, сонымен қатар Үндістан мен Бразилия сияқты дамушы елдер де болашақта мысқа деген сұранысты ұлғайтады.

Мыс өндірушілерге артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру қиынға соғады. Себебі бүкіл әлемдегі кеніштерде мыстың үлесі азайып бара жатыр, ал өсімді қамтамасыз ететін мүмкіндіктер шектеулі. Талдаушылардың айтуынша, 2025 жылға таяу мыс нарығындағы жетіспеушілік 1,5 миллион тоннаны құраса, 2035 жылға дейін 5,7 миллион тоннаға жетеді. Бұл жаңа жобалардың құрылысын ескергендегі болжамдар. Бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін биылдан бастап 2035 жылға дейін жыл сайын Ақтоғай мен Бозшакөл сияқты 3 кенішті салу керек екен. Ал әлем бойынша жаңа мыс кен орындары шектеулі және оларды игере алатын компаниялар да аз.

Мысқа қатысты жағымды болжамды, Шығыс өңір мен Бозымшақтағы тұрақты өндірістік көрсеткіштерімізді, сонымен қатар KAZ Minerals-тың жаңа жобаларды салу және оларды іске қосу, есептік қуатқа жеткізудегі дәлелденген мүмкіндіктерін ескере отырып, компания өсім стратегиясын жалғастырады. Ал мұндай өсімді қамтамасыз етудің ең жақсы орны – бұл Қазақстан. Қазақстан – өте тартымды мемлекет. Өйткені ол инвесторлар үшін ашық, электр қуаты мен су көздері қол жетімді, білікті қызметкерлер бар. Инфрақұрылым мен нарықтарға деген жетудің үздік жолдары да бар. Қазақстандағы Бозшакөл мен Ақтоғайдың құрылысына біз 4 миллиард доллар жұмсап, жаңа технологияларды алып келдік, жаңа жұмыс орындарын құрдық, ел үшін экспорттық түсімдер мен өзге артықшылықтарды қамтамасыз еттік. 2017 жылдың желтоқсан айында Директорлар кеңесі Ақтоғайды кеңейтуді, яғни құны 1,2 миллиард доллар болатын, әрі кен өңдеуді екі еселейтін жобаны мақұлдады.

Сонымен қатар, біз Артемьев шахтасының пайдалану мерзімін шамамен 2035 жылға дейін созуға қаражат жұмсаймыз. Осының арқасында тереңде жатқан бай полиметал учаскелерге қол жеткіземіз. Болашақ ірі өндіріс көлемімен қоса осы екі жоба Топтың Қазақстанда инвестиция жасауға дайын екендігін дәлелдейді.

Топтың ұзақ мерзімді табысына қолдау көрсетіп келе жатқан корпоративтік құндылықтарға 2018 жылы үш жыл толды. Егер біз ұзақ мерзімді тиімділікке талпынып, өзімізді кәсіби тұрғыдан дамытсақ және кез-келген бастамаларда адал болсақ, көптеген жетістіктерге жетеміз.

Құндылықтардың бірі – ол қауіпсіздік. Мен адам өліміне алып келетін жазатайым оқиғалардың болмауына талпынушылардың бірімін. Топтың қауіпсіздік саласындағы стандарттарын сақтау әрқайсымыздың міндетіміз. Сондай-ақ, біздің әріптестер мен кәсіпорындарымызда жұмыс істейтін мердігерлер де осы ережелерді орындайтынына сенімді болуымыз керек. Денсаулық пен өмірді қауіп-қатерге тігуге ешқандай мақсат немесе міндет себепкер бола алмайды. Біз қауіпсіз өндіріс мәдениетін жақсартып, өлімге алып келетін жазатайым оқиғаларды жоюымыз керек. Жақсы өндіріс – ол қауіпсіз өндіріс.

Ортақ іске деген ынта-жігерін көрсетіп жүрген қызметкерлердің ерен еңбегінің арқасында KAZ Minerals соңғы бірнеше жылда алға қойған мақсаттарына жетіп, жоғары беделге ие болды. Сіздерге қолдауларыңыз үшін алғыс айта отырып, алда бізді талай жетістіктер мен жеңістер күтіп тұрғанына сенімді екендігімді жеткіземін!

Эндрю Саузам,

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы

 

 
0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов