В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null KAZ Minerals тобы тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсетті

24.05.2018

Қарау саны: 49

; assetEntryID = 696309

KAZ Minerals Тобы көктемгі тасқын судан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының тұрғындарына көмек көрсетті. Баспанасы қираған жандарға арнап Аягөз ауданының орталығында компания бөлген 50 млн теңгеге 12 жеке меншік үй мен пәтерлер сатып алынды. Бір үйдің орташа бағасы  -  4,2 млн теңге. 

2018 жылдың наурыз айында тасқын судың кесірінен Аягөзде 143 үй зардап шекті. Оның ішіндегі 57 үй жөндеуге және тұруға жарамсыз болып танылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында соңғы бес жылда компания Шығыс Қазақстандағы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 6,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Топтың қаржыландыруы арқасында Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы, Семей қаласындағы «Спартак» стадионы жөнделіп, Жезкент кентіндегі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында екі хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мемлекеттік нышандар кешені салынды. Семей қаласында спорт интернатының жатын ғимараты мен спорт мектебі жанындағы күрес залының қосымша ғимараты бой көтерді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы ортопедиялық және травматологиялық операцияларға, Ана мен бала орталығы бронхоскопияға арналған жабдықтармен етілді. Компания Республикалық гематология орталығының құрылысын қаржыландыруда.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов