В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null KAZ Minerals-тың гранттары

03.07.2018

Қарау саны: 73

; assetEntryID = 696175

KAZ Minerals Тобы Ақтоғай кен байыту кешені орналасқан Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының талантты мектеп түлектеріне қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС жоғары оқу орнында білім алу үшін түлектерге грант бөледі және Аягөз политехникалық колледжін жабдықтауды қаржыландырады. Бұл мақсаттарға компания 94 млн теңгеден астам қаражат бөледі.

Ақтоғай, Қопа және Таңсық ауылдарының мектеп түлектерінің гранттарына 30,4 млн теңге бөлінеді. Компанияның грантына ие  болу үшін мектеп түлегі БҰТ-де 90 балдан төмен болмайтын нәтиже көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, мектепте оқыған кездегі үлгерімі жақсы болғаны, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда және турнирлердегі жүлделі орындардың болғаны абзал. Үміткерлерді арнайы құрылған комиссия іріктейді. Егер нәтижелері бірдей екі студент болса, халықтың аз қамтылған тобынан шыққан түлекке басымдық беріледі.

Түлектер Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де білім алатын болады. Оқу орнымен келісім жасалды. Оқуды тәмамдаған мамандар компанияның кәсіпорындарына жұмысқа қабылданады. Қажетті мамандықтардың тізімі жаңартылып отырады. Оқу мерзімі – 4 жыл.

Бір студентке арналған гранттың сомасы – жылына 760 мың теңге. Оның ішіне оқудың ақысы, шәкіртақы және жатақхананың ақысы кіреді. Бірінші курстың бірінші семестрінде студенттің шәкіртақысы 15 мың теңгені құраса, кейін үлгеріміне орай 30 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Үлгерімі нашар студенттерге шәкіртақы төленбейді. Кезекті сессия қанағаттанарлықсыз бағамен аяқталса, оқыту шарты бұзылады.  

Тағы 63,6 млн теңге Аягөз политехникалық колледжіндегі екі сыныпты қайта жабдықтауға бөлінеді. Бөлінген қаражатқа электриктер мен дәнекерлеушілердің сыныптарына замануи жабдықтар орнатылады және бөлмелер жөнделеді. Орнатылатын жабдықтар Ақтоғай КБК-де қолданылатын жабдықтарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, колледж түлектері Ақтоғай кен орнында өндірістік тәжірибеден өтеді және бос орын болса, жұмысқа қабылданады.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов