В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null KAZ Minerals еңбекақыны көтереді

29.12.2017

Қарау саны: 118

; assetEntryID = 698872

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап KAZ Minerals Тобының Қазақстандағы кәсіпорындарының жұмысшы мамандық иелері еңбекақысының тарифтік бөлігі жоғарылайды. Компания бұл қадамға макроэкономикалық жағдайды, тұтыну қоржынының құны мен инфляцияны, сонымен қатар Топ құрамындағы кәсіпорындардың экономикалық жағдайын ескере отырып барды. Аталмыш өзгерістер алдағы жылдың бюджетін қалыптастыру барысында, яғни қыркүйек айынан бастап қарастырылып келген және жақын уақытта қызметкерлердің еңбек шарттарында көрініс табады.

Жаңа жыл қарсаңында көпшілікті еңбекақының жоғарылау мәселесі толғандырды. Еңбек ұжымдарында бұл мәселе сындарлы сұхбаттар аясында талқыланды. Айталық, «Шығыстүстімет» ЖШС-нің кәсіпорындарында, оның ішінде Артемьев шахтасында, еңбек жиналыстары ұйымдастырылған. Мұнда «Шығыстүстімет» ЖШС басқарма төрағасы Ильсур Даутовтың қатысуымен кезекті жиналыс өтіп, оған шахтаның түңгі және таңертенгі ауысымдардың жұмысшылары қатысты. Келесі жиналысты жаңажылдық мерекелерден кейін өткізу туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін Артемьев шахтасын 2018 жылғы 1 ақпаннан бастап үш ауысымды жұмыс кестесінен екі ауысымдыққа ауыстыру туралы хабарланған.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында KAZ Minerals Тобының қазақстандық кәсіпорындарының қызметкерлеріне жылдық сыйақы төленді. Қырғызстандағы Бозымшақ КБК қызметкерлері сыйақыны жақын күндері алады. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов