В составе KAZ Minerals - карьеры, подземные рудники и фабрики по обогащению медной руды, добываемой в Казахстане и Кыргызстане

null Қайда бара жатқанымды жақсы білдім

25.08.2016

Қарау саны: 0

Шахта маған балалық шағымнан таныс (достарымызбен көруге келетінбіз). Ал 2010 жылдан бастап Артемьев шахтасында еңбек етіп жүрмін. Бұған дейін Өскемен қаласында күзет қызметінде жұмыс істеп үлгердім. Ағам Артемьев шахтасында тау-кен шебері болып қызмет етіп жүрді. Ол мені осында шақырып, танысып көруді ұсынды. Сөйтіп, осында қалдым. Басында екі ай бойы конвейерде, сосын аркалы бекітуде болдым. Ал 2014 жылдан бастап тау-кен дайындық жұмыстары бекітушілерінің бригадирімін.

Ешқашан қорыққан емеспін. Себебі, қайда бара жатқанымды жақсы білдім. Менің ойымша шахтер үшін кез-келген қиын жағдайдың шешімі бар. Мен бекітуге оқушы болып келгенде Максим Амосов маман ретінде қалыптасуыма және білім алуыма көп үлес қосты. Ұжымымыз тату-тәтті. Мұнда кездейсоқ және еріншек адамдар ұзақ жұмыс істей алмайды. Бекітушілердің жұмысы өте ауыр – оған кез-келген адам шыдай бермейді.

Бір өкінерім – тау-кен саласында білім алмадым және шахтаға кеш келдім.

Меніңше Шахтер күні сияқты мереке өте керек бізге. Өкінішке қарай, біреулер оны жер бетінде, біреулер шахтада қарсы алады. Өйткені ауысымдар әртүрлі. Тағы бір тілерім – мерекеге қарсы еңбекақыны ертерек берсе екен. Ал сыйақы беріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің мерекеміз айдың соңында. Бұл уақытта отбасылық бюджетіміз азаяды, ал мерекеге арнап дастарқан жайып, балаларды қуантқың келеді ғой.

Менің екі қызым бар. Оларға басқа салада лайықты білім бергім келеді. Ал шахта әйелдер араласатын іс емес.

Нұрбек Атаханов, бекітушісі

Артемьев өндірістік кешені, «Шығыстүстімет» ЖШС

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов