В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Көптен күткен жөндеу

13.04.2017

Қарау саны: 88

; assetEntryID = 705196

ВостокАвтоТранстың Ертіс өндірістік кешеніне қызмет көрсететін Белоусов көлік учаскесінде жөндеу жұмыстарын ұзақ күтті. Бұл маңызды мәселені БКУ қызметкерлері жұмысшылар кездесуінде де бірнеше рет көтерілді. Тіпті ғимараттардың жағдайы туралы корпоративтік құндылықтар жөніндегі тренинг барысында да сөз болды. 

Сөйтіп, 3 айдың ішінде мердігер ұйым учаскенің әкімшілік-тұрмыстық кешеніне жөндеу жасап шықты. Учаске бастығының, диспетчерлік қызметтің кабинеттері, автоколоннаның бастығы, механик, медбике, табель қоюшы және тағы басқалар орналасқан бөлмелер жөнделді. 

Белоусов көлік учаскесі бастығының шешімімен бөлмелердің бірі оқу сыныбы болып жасақталды - ол жерде тақта орнатылып, ескі парталар мен орындықтар әкелінді. Көктемде оларды бояп қояды. 

Жөндеу жұмыстарынан алған әсерімен жүк тиегіштің жүргізушісі Алексей Башкатов бөлісті: «ВостокАвтоТранс келгелі бері орын алған өзгерістерді көріп жүрміз. Бокстар, кабинеттер жөнделіп, әдетте былығып жататын жерлерге жуынатын бөлмелер қойылды. Қарасаң көзің тоймайды. Мұнда қажеттінің барлығы бар. 50 көлікке арналған жаңа бокс пен көлік жуу орны салынады деп естідім. Олай болса, тіптен керемет болар еді».

БКУ-де қызметкерлер тазалықты сақтап, жасалаған игіліктерді қорғауға тырысады. Көмектерін де аямайды. Өз қолдарымен темір есіктерді, таяныштарды жасады. Осылайша олар корпоративтік құндылықтарды жақсы меңгергендерін көрсетіп отыр. Командалық жұмыс деген осы.

Жанна Мұзапарова, Белоусовка

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов