Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Көлік саласындағы Наурыз

24.03.2016

Қарау саны: 0

"Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері көктем мерекесі - Наурыз мейрамын ауқымды етіп атап өтті. Әрбір өндірістік кешенде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Биыл бұл мерекені "Шығыстүстімет" ЖШС филиалы - "ВостокАвтоТранс" ұжымы алғаш рет тойлады. ВостокАвтоТранстың директоры Ерлан Сергебаевтың айтуынша ол мереке қаншалықты дұрыс ұйымдастырылады, қызметкерлердің көңілі қалмай ма деп уайымдаған. Дегенмен бәрі ойдағыдай болған сияқты. 

Таңертеннен бастап компания қызметкерлері мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары орнатылған киіз үйлердің маңына жинала бастады. Шақырылған әртістер мен филиалдың басшылары алдағы бағдарламаны талқылай бастады.

Облыстың әр өңірінде жұмыс істейтін әріптестер кездескендеріне қуанышты болды. 

Дегенмен мереке мен тәтілерге әсіресе балалар  қуанды.

Филиалдың үш учаскесін білдіргендей құрылған үш киіз үй келем деушілерге есігін ашты. 

Наурызды мерекелеу аясында басшылық филиалдың үздік қызметкерлері мен филиал құрамына кірген кәсіпорындардың ардагерлерін марапаттады. 

«Мұндай жылы шуақ күнде көлік қызметкерлері өздері үшін мереке ұйымдастырғаны қуанышыт. Біздің ұмытпағандарына алғасымыз шексіз. Отбасымызда болып қайтқандай сезімдеміз", - дедйі Анатолий Борзых, кәсіпорын ардагері.

«Бұл мереке көктем мен жаңарудың белгісі, - дейді Василий Апенько. - Мұндай үлкен кәсіпорын жаңданып, автопарк жаңа көлік құралдарымен толығып жатқаны қуанышты. Бұл кәсіпорнымыздың жаңа дәстүрі.».

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері арнайы мерекелік бағдарламасын ұсынды. 

Көлік қызметкерлері өзінің күш-жігерін спорттық жарыстарда сынады. Гір спорты жанкүйерлерге ерекше қызық болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Николай Суслов жеңімпаз атанды. ол 16 килограммдық гір тасын 50 рет көтерді. Екінші орынды Евгений Домников, үшінші орынды Самат Байгамитов,  Максим Жаренов және Бауржан Айтуғановтар иеленді. 

Бірлеулер шахматты ермек қылды. Бұл жарыста Аманкелді Ликеров жеңімпаз болды.

Дегенмен арқан тартысу ең қызықты, әрі жанкүйерлердің делебесін қоздырған сайыс болды.

Арқан тартысуда Жезкент көлік учаскесінің командасы оқ бойы үзік шықты. 

Армрестлинге Станислав Ковалёв пен Ержан Абзелиев басқалардан мықты болды. 

Барлық жеңімпаздар грамоталармен және мадельдермен марапатталды. Ал барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде болды!

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов