В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Қашықтықтан басқару

21.05.2019

Қарау саны: 70

; assetEntryID = 693722

«Шығыстүстімет» ЖШС механиктері шахталарда жұмыс процестерін автоматтандырудың келесі кезеңіне кірісті. 2019 жылғы наурызда Орлов шахтасында RCT австралиялық компаниясының АТХ 2200 бейне қашықтық жабдығы пайдалануға берілді. Жабдық CAT R-1300 жүк тиеу-жеткізу машинасына орнатылды.

Бұған дейін компания мамандары ұқсас жабдықты пайдаланған болатын –бірнеше ТЖМ қашықтықтан басқару пульттері орнатылған еді. Алайда бұл оператордың ТЖМ-мен тікелей көріп, бақылау байланысы талап ететін.

Жаңа жабдықта орнатылған камераның және экранның арқасында оператор қауіпсіз қашықтықта қолайлы жұмыс істей алады және барлық жұмыс процесін қадағалай алады.

«Қауіпсіздік – кен жұмыстарын жүргізу кезінде ең басты талаптардың бірі. Шахтада кен массасының опырылуының астында адамдардың қалып қоюына жол бермеудің бір ғана жолы бар – қызметкерлерді қауіпті аймақтың сыртына шығару. Әрине, машиналар әзірше барлығы автономды тәртіпте және адамдардың қатысуынсыз жұмыс істейтін күйде емес. Алайда жаңа жабдық ТЖМ операторлары үшін қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қуандық Тұрсынбаев, «Шығыстүстімет» ЖШС бас механигі.

Оператор машинаны біршама қашықтықта тұрып басқарады. Бұл кезде байланыс ҚБ тасымалды пульті арқылы жүзеге асырылады. Машинаның жебесінде орналасқан бейнекамера, нақты уақыт тәртіптемесінде тасымалды пульттің экранына жұмыс істеп жатқан бейнені көрсетеді. Бейне қашықтықтан басқару жиынтығының біреуінің құны – 66 мың доллардан артық.

Пульт ТЖМ кабинасында жұмыс істегенмен толық сәйкес келеді – оған барлық қажетті иінтіректер, батырмалар, функциялар шығарылған. Сонымен қатар, машина өз бетімен жұмыс істемейтіндігі қарастырылған. Пультпен байланыс жоғалған жағдайда, пульт бекітілген градустан төмен еңкейтілген жағдайда, оператор құласа, т.б. жағдайларда, машина тұраққа тұру тәртібіне қосылад ды, жұмысты тоқтайды.

Компания механиктері атап өткендей, бұл бағытта жұмыс жалғастырылатын болады. Биылғы жылдың төртінші тоқсанында Артемьев өндірістік кешенінің Артемьев шахтасына бейне қашықтан басқаруымен екі жаңа CAT R1300 жүк тиеу-жеткізу машинасын жеткізу жоспарланған.

 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов