В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Қаржылық тұрақтылық

29.01.2020

Қарау саны: 74

; assetEntryID = 692663

KAZ Minerals Тобы қазіргі экспорттық несие желісін қарыз алу лимитінің $1 млрд дейін ұлғайтуын, несие желісі бойынша мерзімнің ұзаруын, пайыздық маржаның төмендеуін қамтитын қайта қаржыландыру туралы хабарлайды.

Несие желісін $1 млрд дейін ұлғайту нарық тарапынан күшті қолдау бар екенін көрсетеді, жаңа желі синдикаттау барысында айтарлықтай өзгерді. Жаңа несие желісі қолданыстағы желі аясындағы $300 млн қарызды тағы $700 млн-ға нетто ұлғайтуды көздейді. Топ оны 2020 жылғы ақпан айының соңына қарай толық игеруді жоспарлап отыр.

Жаңа несие желісінің бұған дейінгі желімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:

  1. Өтеу кестесін үш жарым жылға, яғни 2021 жылғы маусымнан 2024 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту;
  2. Қол қоюдан кейін бір және екі жыл өткен соң орындалуы мүмкін жыл сайынғы ұзарту жөніндегі екі опцион; олар орындалған жағдайда желіні өтеудің соңғы мерзімі тиісінше 2025 жылдың желтоқсанына немесе 2026 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылатын болады ("Ұзарту жөніндегі опциондар");
  3. 2021 жылғы қаңтарда басталып, 2024 жылғы желтоқсанға дейін төрт жыл бойы (немесе ұзарту жөніндегі опциондар орындалатын болса, 2026 жылғы желтоқсанға дейін алты жыл бойы)  жалғасатын негізгі борыштың ай сайынғы төлемдері бар өтеудің қайта қаралған кестесі;
  4. 2024 жылдың желтоқсанында өтеу мерзімі басталған жағдайда кредиттің қалдық сомасының үштен бір бөлігін ($333 млн) біржолғы төлемі; немесе ұзарту жөніндегі опциондар орындалатын болса, 2025 және 2026 жылдар ішінде тең бөліктермен өтеу; 
  5. Бастапқыда LIBOR ставкасының үстінен 2,50% белгіленген төмен пайыздық маржа (қолданыстағы кредиттік желі аясында – 3,00%). Маржа кредиттік желінің қолданылу мерзімі ішінде тексерілетін таза борыш пен EBITDA арақатынасына байланысты АҚШ долларындағы LIBOR ставкасының үстінен 2,25% - дан 3,50% - ға дейінгі диапазонда құбылады;  
  6. Қаржылық ковенанттар бойынша беріктік қорын ұлғайту.

Банк синдикаты 12-ден 19 несие берушіге дейін өсті. Қаржыландыруды уәкілетті жетекші ұйымдастырушылар (MLA) – Deutsche Bank AG, ING Bank NV, Société Générale, ABN AMRO Bank NV, Bank of China Limited, Crédit Agricole Corporate and Investment Bank, Credit Suisse AG, ICBC London, Natixis және «Совкомбанк» ЖАҚ. Несие желісіне қатысушы басқа несие берушілер – Bank of Montreal, DZ Bank AG, Intesa SanPaolo S.P.A., Mizuho Bank, Sumitomo Mitsui Banking Corporation, HSBC Bank PLC, KFW Ipex-Bank GMBH, Raiffeisen Bank International AG және Citibank N.A.

Deutsche Bank AG агент-банк, ал ING Bank сенімді басқарушы рөлінде жұмыс істеуде.

KAZ Minerals Тобының қаржылық директоры Джон ХЭДФИЛД былай деп мәлімдеді: «Осы келісімге қол қою Топтың қаржылық икемділігін қамтамасыз етеді және біздің несие берушілеріміз тарапынан тұрақты қолдауды көрсетеді. Біз банктер тобының кеңейгеніне және несие желісі бойынша шарттардың жақсарғанына қуаныштымыз».

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов