В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.

null Құндылықтар конкурсы басталды

03.02.2020

Қарау саны: 14

; assetEntryID = 692631

Корпоративтік құндылықтар саласындағы "2019 жылдың үздік жобасы" дәстүрлі конкурсына  қатысушылардан өтінімдер қабылдау басталды. Өткен жылы компанияның бір немесе бірнеше корпоративтік құндылықтарына сәйкес келетін өзінің жеке немесе топтық жобаларын жүзеге асырған KAZ Minerals Тобының барлық қызметкерлері қатыса алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін 2020 жылғы 1 наурызға дейін толтырылған өтінімді konkurs@kazminerals.com мекенжайына жолдау қажет. Тиісті үлгіні сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

"Қатысушы жобаларға қойылатын міндетті талаптарды еске саламыз. Жоба 2019 жылы іске асырылуы тиіс. Жоба компанияның тапсырмасы бойынша емес, қызметкерлердің бастамасымен іске асырылуы тиіс. Әрине, жоба корпоративтік құндылықтарға жақын екенін анық көрсетуі тиіс. Компания үшін жобаның жаңашылдығы, бірегейлігі және практикалық маңыздылығы есепке алынады. Сонымен қатар, жобаны жоспарлауға, әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысқан қызметкерлер ғана байқауға қатыса алады", - дейді Топтың оқыту және дамыту бөлімінің аға маманы Ирина Зубкова.

 

Өткен жылдардағыдай байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласына марапаттау рәсіміне шақырылады. Олар естелік сыйлықтарға және мыс белгішелерге ие болады:

1-орын – 5 белгіше

2-орын – 4 белгіше

3-орын – 3 белгіше

Барлық конкурсанттар қатысқаны үшін бір-бір тану белгішесін алады.

 

Ең қызықты байқау жұмыстары корпоративтік газет нөмірлерінің бірінде және kazminerals.info сайтында жарияланады.

 

Жобаларды қорғау және үздік жобалардың авторларын марапаттау туралы біз бұрынырақ жазған едік. "Жаңа деңгейдегі корпоративтік жобалар" атты материалға сілтеме арқылы өтіп, еске түсіруге болады.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов