В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Юбилейно-Снегирихин шахтасының жұмысы тоқтады

13.01.2017

Қарау саны: 31

; assetEntryID = 710765

Баланстық қоры толығымен игерілгендіктен KAZ Minerals Тобы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Юбилейно-Снегирихин шахтасындағы кен өндіру жұмыстарын тоқтатты. ЮСШ – Топ құрамындағы ең кішкентай кеніш. 2016 жылдың 9 айында мұнда құрамында 7,1 мың тонна мыс бар 392 мың тонна кен өндірілген. 2016 жылғы төртінші тоқсанның өндірістік нәтижелері 2017 жылдың 26 қаңтарында қорытындыланады. Кеніштегі жұмыс вахталық әдіспен жүргізілген.

Кен өндіру тоқтағандықтан шахта ұжымында оңтайландыру болды. 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін шахтада 158 адам жұмыс істеді. Солардың ішіндегі 35 адам «Шығыстүстімет» ЖШС-нің басқа кәсіпорындарына жұмысқа орналасты, 59 адам өз еркімен жұмыстан кетуге бел буды. Оңтайландыру жұмыстары тек 27 адамды қамтыды. Қалған 37 адам қазіргі уақытта шахтаның күзет жұмыстары мен су шығару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етіп отыр. Олардың еңбек шарттарының мерзімдері шахтаны жабу жұмыстары аяқталғанға дейін ұзартылды.

Компанияда бекітілген жоспар бойынша қазіргі уақытта Юбилейно-Снегирихин кен орынын жабу жобасы жасалып жатыр, қорларды есептен шығару, жүретін және тұрақты жабдықтарды компанияның басқа кәсіпорындарына жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2017 жылдың соңына дейін жасалып, ол бекітілгеннен кейін кен орынды тікелей жабу жұмыстары 2019 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады.

Тиісті мемлекеттік органдар бекіткен кен орынды жабу жобасы іске асқаннан кейін жер қойнауын пайдалану контрактісі мемлекетке қайтарылады. Компания шахта үйінділері мен шахтаның жұмысы кезінде пайдаланылған жер учаскелерін қалпына келтіру үшін қажетті жұмыстарды атқарады.

Юбилейно-Снегирихин шахтасында жерасты тәсілімен құрамында мыс-мырыш және қорғасын бар полиметал кені өндіріліп келді. ЮСШ шыққан кен Николаев кен байыту фабрикасында өңделді. Шахта «Шығыстүстімет» ЖШС құрамына кіреді және ШҚО Глубокое ауданында орналасқан. Кен орны 1959 жылы ашылып, 1975 жылы барлау жұмыстары жүргізілгеннен кейін мемлекет балансына берілді. Ол 2002 жылы іске қосылды.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов