В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Іс жүзіндегі өнертапқыштық

08.11.2016

Қарау саны: 22

; assetEntryID = 713399

"Шығыстүстімет" ЖШС Ертіс шахтасында резервті желдету қондырғысы орнатылды.  Қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес шахта бір типтегі екі желдету қондырғысымен, яғни негізгі және резервті қондырғылармен жабдықталуы тиіс. 

Негізгі қондырғы тау-кен қазбаларын таза ауамен қамтамасыз ету үшін қолданылса, резервті қондырғы адамдарды жер бетіне алып шығуға тура келген апаттық жағдайларда, негізгі қондырғы істен шығып, шахтаға таза ауа беру керек болса қосылады.

«Ертіс полиметал комбинаты кезінде шахтада бір типтегі ВЦД-31,5М екі желдету қондырғысы жұмыс істеп тұрған. Кейін оның біреуін Жезқазғанға жіберді. Сосын оның орнына басқа типтегі желдеткіш орнатылды. Кейін 10 жыл бойы тек негізгі желдеткіш қана жұмыс істеп тұрды. Ал бұл дұрыс емес», - дейді Данияр Сүлейменов, Ертіс шахтасының желдету қызметінің бастығы.

Бұл көп жылғы проблеманың шешімін табу үшін ЕӨК желдету және механикалық қызметтері бірлесіп жұмыс істеді. Сөйтіп, шешім табылды - Орлов және Артемьев шахталарынан алынған желдету қондырғыларынан Ертіс шахтасына арналған желдеткіш жасалды. Себебі олар көрсеткіштері мен сипаттамасы жағынан бірдей. Бетон құю және резервті желдету қондырғысын орнату кезіндегі құрастыру жұмыстарын Сервистік өндіріс кешені жүргізді.      

Қажетті есептер мен өлшемдерден кейін резервті желдету қондырғысы жасалды. Жинақтама келесідей болып шықты: білік Орлов шахтасынан келген желдеткіштен алынды, ал доңғалақ "Артемнан" келді. Жинақтама түріндегі желдеткіш барлық сынақтардан өтіп, жұмысқа дайын. 

«Сонымен қатар, Ертіс шахтасының негізгі желдету қондырғысына арнап білік пен доңғалақ сатып алынды. Оның құны 50 млн теңгеге жуық. Бұл аз сома емес. Бұл дегенмен қызметкерлерді лайықты еңбек жағдайларымен, ал шахтаны үздіксіз жұмыспен қамтамасыз етуге қажетті ұзақ мерзімді инвестиция», - дейді Данияр Сүлейменов.

Анықтама

ВЦД-31,5М ортадан тепкіш желдеткіштері теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан 228-дан 323 ºК дейінгі ауа температурасында, 150 г/м3 шаң деңгейінде, 98%-ға дейінгі ылғалдылықта жұмыс істейтін шахталарында жұмыс істеуге арналған. 

Ол қораптан, ротордан, бағыттаушы аппараттан, жылдамдық датчигінен, муфтадан, муфтаның қоршауынан, бақылау және басқару аппаратурасы бар электр жетегінен құралады.

 

Жанна Мұзапарова

Алтайский кенті

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов