В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Игілікті іс

13.02.2017

Қарау саны: 32

; assetEntryID = 709291

Орлов шахтасының қызметкерлері өздерінің сыйақысын қатерлі ісікке шалдыққан қызға арнады. Су ағызу қондырғылары мен жабдықтарды монтаждау учаскесі өткен жылдың төртінші тоқсанының нәтижелері бойынша үздік қосалқы учаске атанды. Қызметкерлер өзінің сыйақысын Арина Иваненконың еміне жұмсауды ұйғарды. Кішкентай қыз мидың қатерлі ісігіне шалдыққан. 

«Біз Иваненколар отбасын жақсы білеміз. Ауыр хабарды естігенде ешкім шет қалмады. Барлығымыз шамамыз келгенше Арина көмектесуге тырыстық. Ал жылдың 4 тоқсанында үздік атағанымызды естігенде бұл шешім бірден ойға оралды. Барлық  дерлік жігіттер сыйақыны Иваненко отбасына берейік деген ұсыныс айтты. Қалғандары бұл бастаманы қызу қолдай кетті. Шынымды айтайын, басшы ретінде жігіттердің барлығы қосылады дегенге күмәнмен қарадым. Бірақ әріптестерімнің бойында мейірімділік қасиет жетерлік екеніне көзім жетті. Ұжымымды мақтан тұтатымын. Ал, Аришамызға тезірек сауығып кетсін деген тілек жолдаймыз», - деді Руслан Сүлейменов, Орлов шахтасының су ағызу қондырғылары мен жабдықтарды монтаждау учаскесінің бастығы.

Ариша бүкіл кент үшін мейірімділік мен жігерліктің символына айналды. Еш келіспестен барлық жезкенттіктер бүлдіршінге көмектесе бастады. Ал ОӨК үшін бұл ерекше маңызды іс болды. Себебі Аринаның ата-анасы KAZ Minerals-тың қызметкерлері. Кешеннің басшылығы да бұл игі бастаманы қолдады. Ал қызметкерлер нағыз штаб пен қолдау тобын ұйымдастырды.

Көрші ел, Ресейде тұрып жатқан жезкенттіктер де шет қалмады. Әртістер туған ауылдарына келіп, арнайы гала-конценттке тегін қатысты. Гала-концерттен жиналған қаржы Аришаның ата-анасына тапсырылды. 

«Көрсетіп жатқан көмектеріңіз үшін рахмет! Сіздердің шешімдеріңіз туралы естігенде көзімізге жас келгені рас, - деді Аринаның әкесі Павел Иваненко су ағызу учаскесінің сыйлығын алған кезде. - Мәселе ақшада да емес. Біздің адамдардың кеңдігіне қайран қаламын. Сіздер сыйақыларыңызды береді дегенді естіген жан жарым Татьяна жылады. Қазіргі уақытта бәріне қиын екені рас. Рахмет сіздерге! Барлықтарыңыздың денсаулықтарыңыз жақсы болсын! Балаларыңыз аман-есен болсын!».

Жезкенттіктер мұнымен тоқтап қалған жоқ және бұдан әрі де көмек қолын созуға дайын. Олар Топтың басқа кәсіпорындарының қызметкерлері де қолдау көрсетеді деген үмітте. Бұл біздің командалық жұмыстың тағы бір жеңісі болар еді!

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов