В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Геологтардың марапаты

03.04.2017

Қарау саны: 47

; assetEntryID = 705912

Сәуір айының алғашқы жексенбісінде геологтар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Бұл салаға қатысы жоқ адамдар геологтардың жұмысын романтикаға толы деп ойлауы мүмкін. Алайда іс-жүзінде геология-маршейдерлік қызметтің жұмысы өте ауыр және жауапты. Сол себептен бұл мерекедегі марапаттар да лайықты екені сөзсіз.  

"Шығыстүстімет" ЖШС өндірістік кешендерінің басшылары, партиялық және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері геологтар мен маркшейдерлерді құттықтады. Грамоталар мен естелік сыйлықтар Қайырлы Жанабековке, Бахыт Нуркинаға, Ернат Заманбекке, Бауыржан Бақыттықожаұлына табысталды. 

"Шығыстүстімет" ЖШС-нің жетекші геологы Наталья Ефремова ҚР индустрия және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Ал Орлов өндірістік кешенінің бас геологы Николай Лысенкоға жер қойнауын зерттеуге қосқан жеке үлесі үшін "Жер қойнауын барлаудың үздігі" атағы және тиісті төс белгісі берілді.  

Біле білсеңіздер...

Жалпы қолданбалы геологиямен геологтардан басқа тау-кен жұмысшылары мен үгітушілер де айналысады. «Тау-кен жұмысшысының ауыр сөмкелері, кәсіби құралдар мен жабдықтар және осылардың барлығын бірнеше килеометр бойы тасу мені қрқытпайды, - дейді Манар Чентаев. - Бұл шахтадағы қалыпты жұмыс қой. Кейде бізді геологтардың орынбасарлары деп те атайды. Себебі біз шахтаның қалай жұмыс істейтінін, өндірістегі басым бағыттарды, қандай қауіптер бар екенін жақсы білеміз».

«Үгітушінің жұмысы негізінен 4 сатыдан тұрады - бұл сынамаларды кептіру және арнайы дискілі станоктағы 3 сатыда ұнтақ күйіне дейін жеткізу, - дейді Дәулетиярова Нұржамал. - Жұмысым өзіме ұнайды. Бір қарағанда бір сарынлы сияқты көрінгенмен, ол өте қызық. Біздің жұмысымыз өте маңызды. Өйткені біз алдағы химиялық және рентгенспектралды талдауға баратын геолгиялық сынамаларды дайындаймыз. Соның арқасында қай бағытта, қандай сапамен жұмыс істеп жатқанымызды көре аламыз». 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов