В составе KAZ Minerals - карьеры, подземные рудники и фабрики по обогащению медной руды, добываемой в Казахстане и Кыргызстане

null Геология майталманы

14.06.2016

Қарау саны: 0

Оны қалжыңдап "динозавр" деп атайды. Оның геологтар арасында да, компания деңгейінде беделіне ешкім күмән келтірмейді. Ол жас геологтардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Оның еңбек өтілінің өзі 60 жылға жуық. Юрий Гаврилович Бондаренко "Шығыстүстімет" ЖШС Орлов өндірістік кешенінің геология бөлімінде жұмыс істейді.

Ол бүкіл өмірін осы салаға арнады. Геологиясыз тағдырын елестете алмайтынын айтады. Орлов шахтасында 22 жыл бойы бас геолог болып қызмет етті. Ал бастапқыда мұның бәрі жастық жалынның лебі еді.

«Әскерден келген соң жоғарғы оқу орнына, дәл осы геология бөліміне құжат тапсырам деп шештім. Өйткені бұған дейін бір жылдай осы салада жұмыс істеп көргенім бар еді. Дегенмен ең қатты ұнағаны таукен-металургия институтындағы жігіттердің барлығы әскери киіммен жүретін. Мен де солай жүргім келді. Студенттердің барлығы сымдай тартылған жігіттер еді. Өкінішке қарай мен оқуға келгенше олардың әскери киімдерін алып тастапты. Сөйтіп, мен әскери форма киіп үлгермедім. Әрине, бұл ғана қызықтырған жоқ мені. Бұл уақытта барлық жерде "Алтай", "Таулы Алтай", "Кенді Алтай" деп айтып жататын. Міне, солай мен осы салаға келдім. Бес жыл сегіз айдан соң оқуды тәмәмдап, осында, яғни Орлов шахтасына келдім», - дейді Юрий Гаврилович.

Юрий Бондаренко өзінің еңбек жолы туралы бұл екі-үш жылдай уақыт ретінде емін-еркін айтып отыр. Дегенмен оның өтілі 58 жылдан асып кетті.

Ол жұмысқа енді кіріскенде Орлов кен орны жұмысын жаңа бастаған еді. Қазіргідей технологиялар жоқ болатын.

«Ол кезде қазіргідей бұрғылау да жоқ болды. Басқа технологиялар қолданылатын. Бұрғылауды айтамыз ғой, бұл уақытта шахтаға қауға шелекпен түсетінбіз. Дегенмен киіміміз, қорғау құралдарымыз сақадай сай еді. Ең бастысы геологиялық балғамыз қасымызда болатын. Бірақ біздің заманымызда оқытудың деңгейі жоғары, тәжірибелік жағы көбірек болды. Қазіргі жас мамандарды да компьютер арқылы ғана емес, нақты кәсіпорындарға апарып, тәжірибеден өткізу керек деп ойлаймын. Мәселен, біз әр семестрден кейін және оқу жылы аяқталғанда тәжірибеден өтуге міндетті түрде баратынбыз», - деді Юрий Бондаренко.

Ардагеріміздің күш-қуатына риза боласын. "Қол құсырып отыру құртады" деген ұстанымда ол. Тек қана жұмыстың арқасында тәнің мен миын шынығады. Ал қолы босағанда Юрий Гаврилович бақшаны баптап уақыт өткізеді. Бір сөзбен айтқанда бос отырмайды.

«Білімім мен тәжірибем керек болғанша жұмысымды атқаруға дайынмын. Әрине, бүкіл бақшанын жерін қазып шықсам шаршаймын аздап. Ал жұмыс.... Егер күні бойы ештеңе істемей отырсан жұмыста, онда шаршайсын әрине. Ал біздікіндей қарбалас салада ерігуге уақыт жоқ. Уақыт зымырап өте берді. Үлкен қалада зейнеткерлерге ермек болар жерлер бар шығар. Біздің ауылда ондай жоқ. Біз үшін жастарға тәлім-тәрбие беруден артық ештеңе жоқ», - деп ойымен бөлісті ардагер-геолог.

Кейінгі геологтар үшін Юрий Бондаренко нағыз аңыз адам. "Мен оның күш-қуатына таң қалудан шаршамаймын. Бәріміз мұндай жаста осындай сергек болсақ жақсы ғой. Бұл кісінің беделіне біз ешқашан күмән келтірмейміз. Әрдайым одан кеңес сұрап отырамыз. Гаврилычқа қарап біз бой түзейміз",  - деп атап өтті Николай Ильич Лысенко, Орлов өндірістік кешенінің бас геологы.

Биыл Юрий Гаврилович 80 жасқа толып отыр. Компания ұжымы мен Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлері оны құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейді.

Татьяна Маер, ОӨК, Жезкент

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов