В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Еңбек жарысының саңлақтары

30.01.2017

Қарау саны: 18

; assetEntryID = 710053

"Шығыстүстімет" ЖШС 2016 жылдың 4 тоқсанындағы еңбек жарысының нәтижелерін шығарды. Орлов кен байыту фабрикасы мен Ертіс шахтасы үздік кәсіпорындар атанды. Орлов фабрикасының қалдық шаруашылығы үздік цех болып танылды. Лайықты сыйлықтарын алу үшін Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлеріне табиғи құбылыстармен күресуге тура келді. 

Марапаттар негізгі 13 номинацияда тапсырылды. "Үздік шебер", "Үздік басшы", "Үздік маман" және "Кәсібіндегі үздік" номинацияларында жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар үздік бригадалар мен учаскелер де марапатсыз қалмады. 

«2016 жылдың желтоқсан айында менің Орлов кен байыту фабрикасында жұмыс істеп жүргеніме 25 жыл толды. Бұл номинация менің аздаған еңбегімнің жоғары бағасы деп білемін. Әрдайым жанымнан табылып, жұмысымда көмек көрсеткен адамдарға алғысым шексіз. Ұжымның қолдауынсыз жүктелген міндеттерді орындау мүмкін болмайтын еді. Артқан сенімдеріңіз үшін алғысым шексіз», - дейді ОБФ жетекші инженер-технологы, "Үздік шебер" номинациясының жеңімпазы Евгения Кокорева.

 

«Мен үшін бұл жұмысқа деген үлкен ынталандыру. Жұмысыңды елеп, ескеріп жатқаны қуантады. Бұл біздің учаскенің алғашқы марапаты емес. Болашақта талай жеңістер бар екеніне сенімдімін», - деді Ертіс шахтасы №2 учаскесінің бастығы Ерлат Молдақанов. Оның учаскесі "Шығыстүстімет" ЖШС-нің "Үздік учаскесі" болып танылды. 

 «Бүгін бұл сыйлықтарды иелеріне тапсыру мен үшін үлкен қуаныш пен абырой. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында компаниямыз дамып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Барлықтарыңызға қауіпсіз жұмыс пен отбасыларыңызға бар жақсылықтарды тілеймін», - деді "Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлер жөніндегі директоры Динара Дәуренбекова жеңімпаздарды марапаттау кезінде. Айта кететін жәйт, Динара Русланқызы "Үздік басшы" номинациясында жеңімпаз атанды. 

"Шығыстүстімет" ЖШС еңбек жарысының нәтижелері бойынша марапаттау әдетте Усть-Таловка кентінде ұйымдастырылып, қонақтарды Артемьев өндірістік кешені қарсы алатын. Себебі, АӨК барлық кәсіпорындарға бірдей қашықтықта орналасқан және қажетті орын да бар. Алайда соңғы марапаттау рәсімі кезінде Орлов өндірістік кешенінің директоры Дидар Нұрекин келесі салтанатты шараны ОӨК-нің жаңа акт залында өткізуді ұсынды. 2017 жылғы 1 тоқсанның нәтижелері бойынша марапаттауды Жезкентте өткізу бастамасын жиналғандар қызу қолдады. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов