В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Депутаттықты шахтердің жұмысына ауыстырған

21.04.2017

Қарау саны: 36

; assetEntryID = 704913

Депутаттық мандатын шахтердің "тормозогына" ауыстырған қанша адамды білесіз? Ал мен сондай адаммен таныстым. Қамбар Жексембаев Ертіс шахтасында бекітуші болып жұмыс істейді. Егде жасына қарамастан, ол қазір 63-те, ол жас әріптестерімен қатар өзінің жұмысын тыңғылықты атқарып жүр. 

Шахтердің жұмысына аз да болса қатысы бар кез-келген адам шахтада зейнет жасына дейін шыдап жұмыс істеу өте қиын екенін жақсы біледі. Көпшілік қызметкерлер жасына келгенде денсаулығына байланысты жеңілдеу жұмысқа ауысып жатады. Себебі шахтада шу мен шаңның арасында жұмыс істеуге тұра келеді. Ауыр заттарды көтеретін кездер де аз емес. 

- Әрине, осы жасқа дейін шахтада жұмыс істеу қиын. Шахтерлерді 50-55 жаста зейнетке шығарса дұрыс болар еді. Бұрын әскери және құқық қорғау органдардың қызметкерлерін сияқты кейбір мамандық иелерін ертерек зейнетке шығаруға мүмкіндік беретін арнайы тізімдер болған. Бұл өте дұрыс еді. Біздің салалық министрлік осы мәселені тағы бір мұқият қарастырғаны жөн сияқты. Мен жастайымнан спортпен айналыстым, футбол ойнап, шаңғымен жүгірдім. Темекі де шекпеймін. Мүмкін соның әсері болар. Сонымен қатар қорғаныс құралдарын да үнемі пайдаланым. Оларды бостан босқа бере бермейді ғой. Жас кезіңде сезбеуің мүмкін, ал қартайған шақта бәрі-бір салдарын сезінесің. Мәселен, менің әлі күнге дейін көзім жақсы көреді. Оны соңғы болған медициналық комиссия да дәлелдеді, - дейді Қамбар Жексембаев.

Қамбар-аға Ертіс шахтасына 2001 жылы келді. Бұған дейін ауылда жұмыс істеді. Тіпті бір кезде аудандық кеңесте депутат та болған екен. Кейін қиын-қыстау уақыт басталып кетті ме? Әйтеуір, отбасын асырау мақсатымен шахтаға жұмысқа орналасты. Бұл шешімге өкінген кезі болмапты. Әріптестерімен бірге тау жыныстарының астында қалғанда да дегенінен қайтпады. Оңалтудан өтіп, қайта жұмысқа келді. Бірақ бұл жағдайды еске алғысы келмейді.  

- Қазір жұмыс істеу жақсы. Жұмысқа қажетті барлық материалдар уақытылы және тиісті көлемде беріледі. Бекіту учаскесі жұмыс кестесінен кешікпей жұмыс істеп жүр. Менің әрдайым айтатын сөзім - жаман жұмыс жоқ, жұмыс істей алмайтын жұмысшы бар. Мүмкіндік бар болса, оны жіберіп алмай жұмыс істеу керек. Осы жұмыстың арқасында балаларымды оқытып алдым. Біреуі дәрігер, енді біреуі шахтада жұмыс істейді. Қазір бригадир, - дейді Қамбар аға.

Айтпақшы, Қамбар Жексембаев Ертіс шахтасындағы жалпы шахталық бекітуді бастағандардың бірі. Кезінде қауіпсіздікті күшейту үшін осы бағыт ашылып, ол осы жерге сұранып келеді. 

- Бұл өте жақсы кісі. Жастарға әрдайым көмектесіп жүреді. Оның арқасында бар білгенімізді үйрендік. Ешқашан жасын сылтауратып жұмыстан қашқақтамайды, - дейді Қайрат Мұстафин, Ертіс шахтасының бекітушісі.

Зейнеткерлікке кетіп бара жатса да Қамбар Жексембаев бос отырмаймын дейді. Несие алып, омарташылықпен айналыспақшы. Ол оның байырғы арманы. Әрине, енді немерелерге де көп көңіл бөле алады. Қазір бес жасар немересін шахмат ойнына баулып жүр. 

Ермек Дюзкенев,

Алтай кенті

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов