В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Денсаулық жайлы бес минут

31.05.2017

Қарау саны: 44

; assetEntryID = 703761

Мамандардың айтуынша ең мықты, шыныққан деген адамның денсаулығы аяқ астынан сыр беру мүмкін. Әдетте мұндай жағдайға түрлі себептер алғышарт болады. Адамдар денсаулықтың нашарлауына не себеп болатынын білуі тиіс. Директордың бастамасы бойынша Орлов өндірістік кешенінде "Денсаулық жайлы бес минут" акциясы басталды. 

Бұл жұмыс ауысымы алдында өтетін қысқаша нұсқамалықтар. Бұл нұсқамалықтарды медицина қызметкерлері өткізеді. Олардың басты міндеті қызметкерлерге кәсіби және жалпы аурулардың себептері мен асқыну қауіпі туралы айтып беру. 

- Мысалы, артериалық қысым туралы айтамыз. Қандай қысым қалыпты, қандай қысым қауіпті екенін, оның жоғарылауына не себеп болатынын жеткіземіз. Шылым шегудің, ішімдіктің, артық салмақтың қатері туралы да сөз болады. Адамдар аурудың айқын және жасырын белгілерін білуі тиіс. Сонымен қатар, дәрігерлер келгенге дейінгі іс-әрекеттен де хабардар болған абзал, - дейді ОӨК денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі Анар Теңізбаева.

Шахтерлер ауысым алдында жиналатын орында дәрігерлерді көреміз деп әсте ойламағаны байқалды. Дегенмен мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. 

- Бұл өте жақсы бастама. Біз қарапайым жұмысшымыз ғой. Сондықтан Медицина жағынан хабарымыз жоқ. Оның үстіне әлі жасымыз келген жоқ деп сенімді болып жүреміз. Алайда бұл дұрыс емес. Егер әріптесіміздің жүзі бозарып немесе қызарып кетсе не істейміз? Ал бұл денсаулықтың нашарлағаны деген сөз. Өзімізге және әріптестерімізге мұқият болғанымыз жөн, - дейді Орлов шахтасы ТЖМ-ның машинисті Владимир Головойчук.

Дәрігерлер адамдардың барлығы өз денсаулығына дұрыс қарай бермейтініне қынжылады. Бір қарағанда адамның денсаулығы мықты көрінгенмен, сыртқы факторлардың оған қалай әсер ететінін ешкім болжай алмайды. 

- Мұндай факторлардың арасында ауа райына тәуелділік те, тамақтанудың сапасы да болуы мүмкін. Күнделікті өмірдегі қалыпты жағдайлар шахтада кері әсерін тигізуі ықтимал. Біздің қызметкерлердің жас шамасы орта есеппен 35-55 жас. Бұл жасқа тән аурулардың статистикасы да бар. Ол инсульт, микроинсульт және инфаркт сияқты қауіпті аурулар, - дейді Анар Теңізбаева.

Дәрігерлер мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Келесі жолы қан тамырының асқынған синдромы туралы сөз болады. 

 

Татьяна Маер,

Жезкент

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов