В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Бозшакөлдің алтын дауысы

19.02.2018

Қарау саны: 62

; assetEntryID = 698727

12 ақпанда Бозшакөлдің демалыс орталығында Ғашықтар күніне орай «Бозшакөлдің алтын дауысы» атты караоке-конкурс ұйымдастырылды. Бұл күні караоке залында ине шаншар жер болмады. Бұған конкурсқа деген қызығушылық па, әлде көктемнің жақындап қалғандығы әсер етті ме? Белгісіз. Конкурсқа қатысуға «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің қызметкерлерімен қатар мердігерлік «САС-Kazakhstan» компаниясының және «Глобус» күзет агенттігінің өкілдері өтініш берді.

Конкурсты вахталық қалашықтың әкімшілігі және демалыс орталығында жұмыс істейтін «САС-Kazakhstan» компаниясының қызметкерлері ұйымдастырды. Бастапқы кезеңде қатысушылар ұялғандай әсер қалды. Бірақ Бозшакөл орталық талдау зертханасының іс жүргізушісі Ерлан Нығметов көрермендердің көңілін көтере білді.

Конкурстың нәтижесі бойынша ІІІ орынды «Глобус» күзет агенттігінің қызметкері Азамат Алтынбеков, ІІ және І орындарды «САС-Kazakhstan» компаниясының қызметкерлері Амангүл Хадид пен Алқагүл Абайхан жеңіп алды. Ал бас жүлдені және «Бозшакөлдің алтын дауысы» атағын Бозшакөл КБК қызметкері Мақсат Мәмбетов қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.

Сайысқа орталық талдау зертханасының іс жүргізушісі Ерлан Нығметов, кеніштің аға маркшейдері Арнұр Шоланов және «САС-Kazakhstan» кадр бөлімінің маманы Вероника Бобенко қазылық етті.

Қуандык Рахметов, Бозшакөл

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов