В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Бозымшақтың парамедиктері

21.02.2018

Қарау саны: 33

; assetEntryID = 698660

Парамедик. Бұл термин АҚШ-да қолданылатын «парапрофессионал» сөзінен қалыптасқан. Оның мәні – кәсіпқойдың көмекшісі. Яғни, жоғарғы білім жоқ, бірақ арнайы курстарда білім алып, қажетті көмек көрсете алатын маман. Бозымшақ КБК-дегі медицина қызметкерлерінің көмекшілері 2017 жылы пайда болды. Бұл жоба бірден KAZ Minerals Тобы деңгейінде қолдау тауып, «парамедиктер» өткен жылы KAZ Minerals корпоративтік құндылықтарының аясында іске асырылған жобалардың арасында үздік атанды.

Қызметкерлерден құралған парамедиктер тобы Бозымшақта түрлі жағдайларда, яғни өндірісте және одан тыс жерлерде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде, жазатайым оқиғалар кезінде, оның ішінде Бозымшақ КБК дейінгі және одан қайтар жолдағы оқиғалар кезінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсету үшін пайда болды.

«Дәрігерлер келгенге дейін алғашқы 30 минутта уақытылы көрсетілген медициналық көмек жарақаттанудың салдарын айтарлықтай азайтады. Оның ішінде адам өлімі ықтималдығы, зардап шеккендер арасында мүгедектік деңгейі төмендейді, емдеудің уақыты азаяды. Тыныс алу тоқтағанда дәрігерлер келгенге дейінгі көмектің оңтайлы уақыты – бар болғаны 5 минут, ал улану кезінде – 10 минут, жарақаттанғанда – 30 минут», – дейді Юрий Югай, «KAZ Minerals Bozymchak» компаниясы медициналық қызметінің бастығы, әрі жоба бастамашысы.

Медицина маманының пікірінше, бұл жоба корпоративтік құндылықтарды және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік мәдениетті дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес. «Жоба дәрігерлер келгенге дейінгі алғашқы дұрыс медициналық көмек көрсету арқылы нақты медициналық проблеманы шешуге бағытталған», - дейді ол.

Жобаның аясында өндірістік кешеннің және Бішкектегі кеңсенің қатардағы қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі арнайы оқудан өтті. Жалпы компанияның 70 қызметкері, оның ішінде көліктердің 20 жүргізушісі қолданбалы медициналық білім алды.   

«Оқыту барысында алған білімдерім мен дағдыларымды іс жүзінде пайдаланам. Бозымшаққа барар жол алыс және жолда әртүрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Енді біз алғашқы көмек көрсете аламыз», – дейді Сергей Лесных, көлік жүргізушісі.

Оқыту аяқталғаннан кейін корпоративтік парамедиктер тексерістен өтіп, Қырғыз Республикасы Қызыл ай Ұлттық қоғамының сертификаттарын алды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектері бар арнайы сөмкелер берілді. Парамедиктер тобы Бозымшақ КБК екі вахтасында және Бішкектегі бас кеңседе жұмыс істейді. Әрбір 2 жыл сайын парамедиктер қосымша оқытудан өтіп, аттестация тапсырады. Мақсаты – алған куәліктерін растау.

Елена Трегубова, Бішкек

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов