В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Бозымшақтағы форум

02.06.2017

Қарау саны: 42

; assetEntryID = 703569

Бозымшақта үшінші рет корпоративтік тау-кен форумы болып өтті. Оған KAZ Minerals Тобы Тау-кен жұмыстары басқармасының бастығы Йохан Барнард,  KAZ Minerals Бозымшақ компаниясының бас директоры Ильяс Тулекеев және Бозымшақ, Ақтоғай және Бозшакөл тау-кен байыту кешендерінің мамандары қатысты.  

Форумның алғашқы күні KAZ Minerals Тобы Тау-кен жұмыстары басқармасының бастығы Йохан Барнард пен KAZ Minerals Бозымшақ компаниясының бас директоры Ильяс Тулекеев қонақтар алдында сөз алды. Ильяс Валерьевич Бозымшақ КБК-нің өндірістік көрсеткіштері туралы айтып, кешеннің стратегиялық жоспарларымен бөлісті. 

Форумға қатысушылар КБК-нің барлық өндірістік нысандарында болып, жұмысшылар қалашығының инфрақұрылымымен танысты. Форумының соңғы күні Бозшакөл мен Ақтоғайдың өкілдері де ақпарат жеткізді. Олар өз жобаларының өндірістік көрсеткіштеріне кеңінен тоқталып, қауіп-қатерлерге және болашаққа деген өз көзқарастарымен бөлісті. Ең бастысы - барлық қатысушылар тәжірибе алмаса алды. 

Форум қонақтар мен Бозымшақ КБК командалары арасындағы достық футбол матчымен аяқталды. Бұл жарыста алаң иелері жеңіске жетті. 

Іс-шараның ресми бөлімі аяқталғанда біз Йохан Барнардтан оның форум туралы және Бозымшаққа жасаған сапары туралы пікірін сұрадық:

- Бозымшаққа келген әр сапарымда қызықты, әрі таңқаларлықтай дүниелер орын алады, - деді ол. - Бұл жолы да солай болды. Мен бірден керемет жасалған арканы және стелаларды көрдім. Комбинаттың аумағындағы абаттандыру жұмыстары да байқалып тұр. Адамдар да мәдениетті, мейірімді бола түскен сияқты. Компанияның жаңаша көзқарасына қосылып жатқандары қуантады. Ал форумға келер болсақ, ол біздің мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға оң әсерін береді үміттенемін. Біз ортақ істі атқарып жатқандықтан осындай кездесулер өте қажет. 

Елена Трегубова,

Қырғызстан

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов