В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Бозымшаққа геологтар келді

01.11.2016

Қарау саны: 22

; assetEntryID = 713683

Қырғызстанның белгілі геолог-ғалымдары Бозымшақ КБК-не келді. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы тау-кеншілері мен геологтарының қауымдастығында "Жер қойнауы туралы" заңның жобасы әзірленіп жатыр. Бұл маңызды құжатқа қатысты ұсыныстар қолданбалы сипатта болуы үшін қауымдастық мүшелері елдің тау-кен кәсіпорындарын аралап жүр. Олар алғашқы болып Бозымшақ КБК-не ат басын бұрды. 

"КАZ Minerals Bozymchak" компаниясының басшысы Ильяс Тулекеев пен КБК-нің жетекші мамандары қонақтары карьердегі, кен байыту фабрикасындағы және қалдық сақтау орнындағы жұмыстармен таныстырды. Қонақтарды мазалаған сауалдарға "Бозымшақ" КБК директоры Сергей Провалов, техникалық директоры Есіл Әлпиев, карьердің бас инженері Игорь Волков, бас кенші Арслан Кошанов, кен байыту фабрикасының директоры Алексей Ящук және тағы басқа мамандар жауап берді.

Кәсіпорынды аралаған геологтар өздерінің пікірлерін білдірді. Орозбек Дуйшеев, Қырғыз Республикасы тау-кеншілері мен геологтарының қауымдастығының төрағасы: «Бұл біздің Бозымшаққа жасаған екінші сапарымыз. Мұнда қыруар жұмыс тындырылғанын көріп отырмыз. Кен байыту фабрикасының құрылысы аяқталып, ол іске қосылды. Тіпті ол толықтай жобалық қуатына жеткен. Кәсіпорынды нағыз кәсіпқой маман басқарып отырғаны көрініп тұр. Өкінішке қарай мұндайды басқа кәсіпорындарда көрмейсің. Кадрлар бар мәселені шешеді деген Иосиф Сталиннің сөзі осы жерде көрініс тапқан».

«Мұнда барлық нәрсеге көз қуанады. Барлық жерде тәртіп орнаған, өндірістік процесс үздіксіз жүріп жатыр. Біз нағыз еңбектің ортасына түстік, сұрақтарымызға сауатты жауаптар алдық. Өз ісіне берілген адам басқарған кәсіпорын осындай болады. Біздің елдің тау-кен саласындағы басты проблема - көп жерде жұмыстан хабары жоқ адамдар отыр. Ал мұнда қызметкерлерге жағдай жасалған, олар жұмыстарын атқарып, лайықты демдерін ала алады», - дейді Маркел Ибраев, қауымдастық мүшесі және Қырғызстанның тәжірибелі тау-кен инженерлерінің бірі. 

«Біз қызмет бабына орай көптеген кәсіпорындарды аралаймыз. Сол себепті салыстыра аламыз. Мен еш жерде өндіріс мәдениеті осыншама жоғары кәсіпорын көргенім жоқ. КСРО ыдырағалы бері мұндай деңгейдегі кәсіпорынға бірінші рет келуім, - деді Сағынаалы Барсанаев, қауымдастық мүшесі, тау-кен саласында жаңа технологияларды енгізуде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының кандидаты. – Мен мамандығым бойынша тау-кен жарушысымын. Компания бұрғылау-жару жұмыстары барысында қоршаған ортаға зияны жоқ мүлдем жаңа технологияны қолданатынын білдім. Басқа кәсіпорындардың бұл жерден үйренері көп екен». 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов