В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Бірінші күрделі жөндеу

11.09.2019

Қарау саны: 133

; assetEntryID = 692839

Ақтоғай КБК-нде Hitachi EX3600 (EX02) ірі габаритті экскаватор-тиегіші алғаш рет күрделі жөндеуден. Осылай 2015 жылдың шілдесінде КБК техникасына техникалық қызмет көрсетуге кіріскен Ақтоғайдың тау-кен техникасына қызмет көрсету жөніндегі цехінің (ММА) командасы кен өндіруді қолдауда жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

«Күрделі жөндеу жобасын жоспарлау жөніндегі маман Аңсар Медеуов үйлестірді. Оның ерекше дағдыларының арқасында техникалық қызмет көрсету бойынша кешенді жұмыстар уақытында, бюджет шеңберінде және оқыс оқиғаларсыз орындалды»,- деді Клемент Тёрнер, ММА қызметінің бастығы.

Мұндай экскаваторларды күрделі жөндеуді 20 000 мотосағаттар өтелген кезде жүргізу тағайындалған. Нақты уақытта, Ақтоғай карьеріндегі өндірістің қарқындылығын ескеріп, бұл шамамен 3,5-4 жыл. Техниканы жөндеуді жоспарлау механикалық жұмыстарға дейін көп уақыт бұрын басталады. MMA жөндеуді жоспарлау жөніндегі инженері Аңсар Медеуов қосалқы бөлшектерге тапсырыс беруден бастап жөндеуді нақты аяқтағанға дейінгі барлық жұмыстарды бақылады.

«Қосалқы бөлшектерге тапсырыс жасау бойынша жұмыс бір жарым жыл бұрын басталған. Күрделі жөндеу экскаватордың негізгі түйіндерін, компоненттерін ауыстыруды болжайды: гидромоторлар, цилиндрлер, айырғылар, электрлік бөлік және т.б. Барлық қосалқы бөлшектерге Қазақстандағы ресми дилер арқылы Жапониядағы ресми өндірушіге тапсырыс берілген. Жөндеу карьердегі арнайы бөлінген алаңда жүргізілді. Өйткені ММА боксына бұл экскаватор сыймайды», - деп түсіндіреді Ансар.

Тікелей экскаватордағы жөндеу жұмыстары 25 күнді құрады. Мұқият жоспарлаудың, ұсақ-түйекке дейін ойластырылған ұйымдастырудың және команданың үйлесімді жұмысының арқасында, күрделі жөндеу дәл уақытында аяқталды. Сонымен қатар, жұмысшылардың, сол сияқты карьердегі қоршаған ортаның барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Қазір экскаватор өндіріске қайтарылған, мұнда ол әрбір жұмыс сағатына 42 720 АҚШ доллары мөлшерінде әлеуетті пайда әкелуде.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов