В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Бейресми кездесулер

24.04.2017

Қарау саны: 28

; assetEntryID = 704844

Көктемнің жылы күндері қаланың сыртына шығып, табиғат аясына демалудың таптырмас мүмкіндігі. Адамдар қаланың әбігерінен кетуге тырысады.  Корпоративтік іс-шараларды, оның ішінде корпоративтік демалыс ұйымдастыру Ертіс өндірістік кешеніндегі игі дәстүрге айналған. Осындай кездесулердің арқасында әріптестер бір-бірін жаңа қырларынан таниды. 

Жақында ЕӨК директоры Роман Ханның бастамасымен кешеннің бас мамандары, бөлімшелер мен учаске басшылары табиғат аясында кездесті. 

- Менің мақсатым - ЕӨК командасын, яғни Ертіс шахтасының, Белоусов фабрикасының учаске бастықтарын және кешеннің басқармасы бөлім басшыларын жұмылдыру. Әріптестерім жұмыстан тыс жағдайда кездескеніне қуаныштымын. Мұндай кездесулер болашақта барлық міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Кімде-кім жақсы демалса, жақсы жұмыс істейді деген қағидат бар ғой, - дейді Роман Александрович.

Ертіс жағалауында орналасқан саябақтардың біріндегі Өтно ауылдағы демалыс барлық әріптестердің көңілінен шықты. 

- Осындай бейресми жағдай белсенді демалыс ұйымдастыру жұмыстың қарбаласынан арылуға мүмкіндік береді. Маған өте ұнады. Болашақта осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса деймін, - дейді Арман Нұрғалиев, Ертіс шахтасы №3 өндіріс учаскесінің бастығы.

- Мұндай әсем жердегі саябақта уақыт өткізу керемет қой. Бірлескен демалыстың арқасында шахтадағы әріптестермен қарым-қатынасымызды нығайтуға болады.  Себебі бәріміздің істегеніміз ортақ іс, - дейді Дулат Камзинов, Белоусов КБФ сүзгілеу-кептіру бөлімінің бастығы.

Жанна Мұзапарова,

Белоусовка кентінде

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов