В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Басшының қабылдауы

29.08.2017

Қарау саны: 65

; assetEntryID = 701583

Бозшакөлде жаңа дәстүр пайда болды. Енді айына екі рет КБК қызметкерлерінің проблемалары мен мәселелерін «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің бас директоры Сергей Леу тікелей өзі қарайтын болады. Бұл дәстүрдің қалай пайда болғаны және не үшін керек екендігі туралы біздің мақаладан оқыңыздар.

- Сергей Владимирович, КБК-нің қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесу идеясы қалай пайда болды? 

- Бұл идея аяқ астынан пайда болған жоқ. Жалпы жүйелі түрдегі кездесулер қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы дұрыс қарым-қатынастың үлгісі. Өндірісті тұраулау кезінде біз бұл мәселеге көп көңіл бөле алмағанымыз рас. Ал қазір жағдай басқаша. Қазір біз қызметкерлерді тыңдап, олардың проблемаларына және ұсыныстарына мұқият қарай аламыз. Өзіңіз білесіз, мұнда вахталық әдіс. Сол себепті адамдардың жағдайы жайлы болуы тиіс. Біз вахталық қалашықты аббатандыру мен көгалдандыру мәселелеріне айрықша көңіл бөліп отырмыз. Жұмыстан кейін қызметкер үйіне келгендей әсер алуы керек. Яғни, біз оған үйдегідей жағдай жасауымыз керек. Жақында жазғы күркелер орнаттық, жасыл төбелер пайда болды, кебйір жерлерде субұрқақтары жұмыс істеп тұр. Қайындар аллеясын егеміз деп жоспарлап отырмыз. Бір сөзбен айтқанда бұл бағыттағы жұмыс жүріп жатыр. Дегенмен кері байланыстың орны бөлек. Қызметкерлердің не толғандырады? Соны анықтап, тиісті қадамдар жасау қажет. Осы кездесулердің маңызы сол. 

- Жақсы, Бозшакөлдің қызметкерінде бір ұсынысы немесе сұрағы бар дерлік. Ол не істеуі керек? 

- Ең қатынастары бөліміне келуі немесе қоңырау шалуы керек. Еңбек қатынастары бөлімінің басшысы қойылған сұрақтарды, келген немесе хабарласқан адамның атын-жөнін, байланыс мәліметтерін жазып алады (кейде ұжымдық сұрақтар да болады). Сосын қашан және қай жерде кездесу болатынын айтады. Жалпы кездесулердің тәртібі бар. Біз айына екі рет сәрсенбі күндері кездесеміз. Егер кездесудің уақыты мен күні вахтаға сәйкес келмесе қызметкердің орнына әріптестері бара алады. Немесе өзінің вахтасы кезінде болатын кездесуге келе алады. Мұндай кездесулерден басқа әрбір департаментте ай сайын жұмысшылар жиындары өтеді. Оларды қызметтер  мен департаменттердің басшылары өткізеді. Бұл кездесулердің нәтижесі арнайы хаттамаға енгізіледі. Олармен танысу үшін қызметкерлерді басқару қызметіне хабарласу қажет. 

- Өткен кездесулерге көз жүгіртсек, қызметкерлерді қандай мәселелер толғандырып жүр екен? 

- Айталық, еңбек жағдайы зиянды болып табылатын мамандықтар тізімі. Денсаулық сақтау министрлігінің жауабына сәйкес бұл тізімде мамандықтардың саны ондай көп емес болып шықты. Дегенмен жұмыс беруші жұмыс орнын аттестациядан өткізіп, мұндай мамандықтардың қосымша тізімін жасай алады. Біз мұндай жұмыстарды Тау-кен департаментінде қолға алдық. Бұл құрылымда аталмыш тізімге газ-электрдәнекерлеуші мамандығы енді. қазан айында осындай жұмыстарды кен байыту секторы бойынша аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар қызметкерлерді компания есебінен мемлекеттік және жеке меншік ЖОО-да білім алу мәселесі де толғандырады. Бұл мәселені Топ-менеджмент деңгейінде, оның ішінде жыл сайынғы Тікелей желі барысында да талқыланған еді. Менің ойымша жақын уақытта бұл мәселе өз шешімін табады. Ең бастысы - біз бұл мақсатта қаражат бөлетін болсақ, онда қызметкер компанияда кем дегенде 3 жыл жұмыс істеп, бөлінген қаражатты өтеуі керек екендігін түсінгені абзал. 

Сондай-ақ қызметкерлер арнайы киім мәселесі жайлы да сұрап жатады. Айталық, көктемгі-күзгі курткалар бола ма дейді. Бұл мәселенің шешімі де алыс емес. Кадрлар ағымы да реттеліп қалды. Қазір оның үлесі бар болғаны 10%. Ал тау-кен өнеркәсібіндегі норматив 25%. Бұл жұмысшы мамандықтары арасындағы көрсеткіш. Тікелей басшылар мен мамандар арасындағы қызметкерлердің келіп-кету деңгейі 7%, ал норматив 15%. Топ-менеджменттегі көрсеткіш те нормативтен төмен (0-2%). Айтылған мысалдарға қарап проблемалық мәселелерді шешудегі қарқын жаман емес деуге болады. Сондықтан мен де, Бозшакөлдегі басқа басшылар да сындарлы сұхбатқа дайынбыз.   

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов