В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Бала күнімнің өзінде мен карьерлік арнайы техникаға ұқсас ойыншықтармен ойнайтынмын

26.12.2016

Қарау саны: 17

; assetEntryID = 711470

Ол шахтерлар қалашығының тумасы. Ал бүгінгі күні бүкіл Ақтоғай кен байыту кешенінің өндірісін тұралауға және оның коммерциялық деңгейге шығуына жауапты. Өзінің балалық шағы, кәсіби жолы және жұмыстағы тәсілдері туралы Ақтоғай КБК директоры Тодд Далман айтып берді.

Сіз Қазақстаннан алшақ жерде дүниеге келдіңіз. Бұл жерге қалай тап болдыңыз?

Мен Бьютт шахтерлардың шағын қалашығында туып, өстім. Балалық шағым карьермен байланысты болды. Тіпті құмда ойнайтын ойыншықтарымыз арнайы техниканың көшірмесі еді. Біздің қалашықта «Anaconda Mining Company» деген тау-кен компаниясы бар болатын. Екі атам да сол жерде еңбек етті. Колледжде оқып жүріп, мен де карьерге жұмысқа орналастым. Сол сәттен бастап менің өмірім тау-кен саласымен тығыз байланысты. Мен өндіріс туралы өзіміздің кәсіпорында жүріп-ақ көп білдім. Себебі, ол жердегі барлық өндірістік алаңдарда жұмыс істеп үлгердім.  Кейін Индонезияға үш жылға көшіп барып, халықаралық маман ретіндегі тәжірибемді жинақтай бастадым. Сол елде ескі әдіс-тәсілдерге үйреніп қалған жерде заманауи жабдықтармен жұмыс істеу қаншалықты қиын екенін көрдім. Бұл құнды тәжірибе болды мен үшін!

Сосын мен Канадада Shell компаниясының битуминоз құмын өндіретін карьерінде жұмыс істедім. Битуминоз құмы – ол бұрғылаумен емес, ашық әдіспен өндірілетін мұнай. Ол жерде тәжірибелі қызметкерлер жоқтың қасы еді. Бұл айтарлықтай проблема болды. Себебі арнайы техниканың тілін тек жергілікті агрономдар ғана білетін еді. Бізге мамандарды шаштараздар мен мұғалімдердің арасынан іздеуге тура келді. Сондықтан қауіпсіздік техникасын сақтау саласында қиындықтар жиі болып тұратын. Бұл мені қауіпсіздік техникасына мұқият болуды үйретті. Мен өндіріс жөніндегі басшы болсам да, қауіпсіздік жөніндегі инспектор қызметін жиі атқаратынмын. Сол кезден бастап бұл рөл менің санамда сақталып қалды.

Канададағы 4 жылдан кейін мен Конго Республикасына жұмысқа бардым. Бұл жерде Бозшакөлдегі жұмыстар басталар кездегіге ұқсас карьер болды. Бізге көп жылғы тежелуден кейін карьерді қалпына келтіру керек еді. Одан кейінгі ел – Малайзия. Мені алтын өндіретін шағын кен орынға шақырды. Содан кейін менің Ақтоғайдағы жұмысым басталды. Мұнда мен алғаш рет кен орынды басынан бастап құруға қатыстым.

Сонда әрбір жаңа жұмыс орныңыз кезекті сынақ іспеттес болды ғой?

Дәл солай. Жаңа жұмыс та, түрлі жобалар да, оларды іске асырудың кезеңдері де, жаңа тансық мәдениет те сынақ болды. Мен үшін өзім жұмыс істейтін елдің мәдениеті өте маңызды.

Индонезия, Малайзия, Африка. Сіз жылы климатты жақсы көретін сияқтысыз. Ақтоғайдағы жағдайыңыз қалай?

Ақтоғайдың ауа райы менің туған қалама өте ұқсас екен. Мен осындай табиғатта өскем. Сондықтан жағдайым жаман емес.

Ақтоғай сіз қатысқан басқа жобалардан несімен ерекшеленеді?

Ақтоғай – ол басынан басталған жоба. Мұндайда адамдар үнемі жаңа жағдайларға бейімделуі керек. Құрылыс кезінде көп нәрсе дұрыс болмады. Бірақ байқағаным адамдар үнемі көмекке келеуге дайын. Ешкімді іздеп әуре болмайсын.  Жобада кез-келген проблеманы шешуге көмектесетін адамдар үнемі қасыңнан табылады. КБК-де қоян-қолтық жұмыс істеп жүрген команданы әрдайым сезесін. Еңбек етіп отырған ортамыздағы көңіл-күй де керемет. Оны біздің қызметкерлер қалыптастырады.

Тіл айырмашылығына қарамастан да ма?

Мен әзірге орысша жақсы сөйлей алмайтындығыма өкінемін. Дегенмен аудармашылардың көмегі зор. Олар ауа-райына қарамастан әрдайым қасымызда. Бұлай жұмыс істеу әркімнің қолынан келе бермейді. Мен орысша аздап сөйлеймін, аздап түсінемін (орысша айтты) – міне, орысша бар білерім осы. Ал әріптестерім менімен ағылшынша сөйлесуге тырысады. Тіл табысып жатырмыз әйтеуір.

Ақтоғайда қандай бір дәстүрлер бар ма?

Кез-келген дәстүр астың айналасында қалыптасады. Солай емес пе? Меніңше әкімшілік командасы өте дұрыс істейді. Себебі, олар тек вахтадағы адамдарды ғана емес, алыстағы жандарды да тамақтандырып отырғанын түсінеді. Ал мерекелер қарсаңында ерекше ас мәзірін әзірлегенде тіптен керемет. Айталық, ертен АҚШ-да рахмет айту күнін тойлайды. Ол кезде біздер, американдықтар, кешкі асқа индейка күтіп отырмыз. Асхана ұжымының бізге осындай қамқорлық жасауы өте ұнайды.

Ақтоғайда жақсы тамақтандырады деңіз? Жобада тағы қандай ерекшеліктер бар?

Ақтоғайда ең жоғары санаттағы жабдықтар пайдаланылатынын айтып өтпеске болмас. Бізде табысқа жетудің барлық алғышарттары бар. Арнайы техника паркімізде Caterpillar мен Hitachi сияқты жетекші өндірушілердің техникасы бар.  Оны қойып, жеңіл автокөліктеріміз қауіпсіздік бойынша 5 жұлдызға ие (редакциядан: Euro NCAP  - жаңа автокөліктерді бағалаудың еуропалық бағдарламасының нұсқасы бойынша ең қауіпсіз көліктер). Біз техниканың тиімділігмен қатар, оның қауіпсіздігіне де көңіл аударамыз. Бұл басты қағидат.

Қымбат сияқты ғой.

Иә, арзан емес. Дегенмен ұзақ мерзімді болашаққа салсақ, бұл ең дұрыс жол. Барлығы өтеледі.

Тағы бір маңызды жәйт –біз оқыту мәселесіне көп көңіл бөлеміз. Өйткені, үздік жабдықтар дұрыс тәсілдерді талап етеді. Бұл өте маңызды дүние. Ұзақ мерзімді табыс болуы үшін бізге үздік жабдықта жұмыс істейтін үздік операторлар қажет. Ақтоғайдың барлық қызметкерлері білім алғанда бірнеше сатыдан өтеді.Біріншіден, кіріспе оқыту. Біз жоба туралы, Ақтоғайдағы барлық өндірістік алаңдар туралы айтамыз. Екіншіден, әр адам өзінің жұмыс орнындағы арнайы оқыту кезеңінен өтеді. Бізге қызметкер жұмысқа кіріспес бұрын өзінің жұмыс орны туралы барлық техникалық ерекшеліктерін білуін анықтау маңызды. Сондай-ақ, біз түрлі қауіптердің әсері бойынша оқыту өткіземіз, олардың шығу жағдайларын айтамыз, адамдарға тәуекелдерді бағалауды үйретеміз. Бұл әрбір жаңадан келген адам өтетін тренингтер. Сосын  таңдаған салаға байланысты әр қызметкер түрлі тренингтерге қатысады. Айталық, карьердің жұмысшылары үшін бізде симуляторлар курсы бар. Симулятор – өте тиімді. Оны меңгерген адам шын техниканы да басқара алады.  Симулятордың жұмысы нақты жұмысқа өте қатты ұқсайды.

Сонымен қатар қызметкерлерімізде қауіпсіз іс-әрекет мәдениетін қалыптастыру жолында ауқымды білім беру блогы бар екенін атап өткім келеді. Біз қызметкерлердің мұндай ауқымды өндіріс барысында қандай тәуекелдер мен қауіптер бар екенін білгенін қалаймыз. Ал өз тарапымыздан қауіптердің алдын алу үшін бәрін жасап жатырмыз.  Бұл мәселеге кешенді түрде кірістік. Сондықтан қауіпсіздік жөніндегі тренингтер жиі өткізіледі. Жалпы жаңа қызметкер өзінің алғашқы вахтасын оқытумен өткізеді деуге болады.

Үшіншіден, жұмыс жағдайы. Мұнда жақсы жабдықтар бар, күрделі білім беріледі – мұның бәрі өзіңді кәсіпқой ретінде көрсетіп, мансап жолында өсудің таптырмас мүмкіндігі. Тиімді жұмыстың ақтоғайлық құпиясы үш құрамдастан тұрады: жоғары сапалы заманауи жабдықтар, дұрыс білім беру және өзінің әлеуетің іске асырғысы келетін және іске асыра алатын адамдар.

Ақтоғайда қиындықтар болды ма?

Қиындық емес, сынақтар десе дұрыс шығар. Жаңа жобаларда үнемі оңай емес. Жаңа жабдықтарды орнату мен реттеу үшін, сондай-ақ, түрлі адамдар бір команда болып жұмыс істеуі үшін уақыт керек. Күтпеген жағдайлар болатыны да сирек емес. Меніңше бұл қалыпты нәрсе.

Тағы бір ерекшелік – Ақтоғайдың орналасқан жері. Ең жақын деген ірі қалаларға дейінгі жол 12 сағатты алады. Егер үйде бір нәрсе ұмытып кетсең, жәй ғана ат басын кері бұрып, алып келу оңай емес. Бір қызығы бұл командалық рухты қалыптастырады екен. Себебі, ұмытып кеткен затыңды біреуден сұрап алу керек.

Өз басыма туған-туыстардан алыс болу өте қиын. Отбасымыз үшін маңызды бір күндер бар. Сол кезде оларды ерекше қатты сағынамын. Менің әйелім және бойжеткен қыздарым АҚШ-да тұрады. Ал менің тау-кен саласында жүргеніме көп болды. Мен «жердегі» жұмыстың мәнін білемін. Интернет пен мобильді технологиялар заманында өмір сүріп жатқанымыз қандай жақсы. Тым болғанда сол арқылы туғандарыңды көріп тұрасын.

Біз әріптестерімізбен бір-бірімізді әрдайым қолдап жүреміз. Қандайда бір оқиғаларды, айталық, туған күндерді немесе басқа мерекелерді атап өтеміз. Командамыз ірі – әр апта сайын 40-қа жуық жаңа маман келеді. Қазір біз 1100 адамбыз!

Бос уақытта не істейсіз?

Мен үнемі музыкалық аспапты меңгергім келетін. Сондықтан қазір гитарада ойнауды үйреніп жүрмін.

Жақсы көретін тағы бір ісім – ағаш жону. Үйімде өз қолыммен жасаған жиһаздарым да бар. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов