В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Автоматтандырылған жұмыс

15.09.2016

Қарау саны: 42

; assetEntryID = 716249

Белоусов кен байыту фабрикасында диірмендерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (БАЖ) енгізілген. Мұндай жүйе "Шығыстүстімет" ЖШС басқа фабрикаларында қолданылып жүр. Ал ББФ компанияның көне кәсіпорындарының бірі және мұнда жабдықтарды ауыстыру кезең-кезеңмен жүріп жатыр. 

«Басқарудың автоматтандырылған жүйесінсіз жабдықтар қызып, мойынтіректер істен шығып кететін. Электр және механикалық жабдықтар жұмысында көрнекілік жоқ еді. Оны қойып, диірмен қосалқы станциядан қолмен іске қосылатын еді. Бұл қызметкерлердің қауіпсіздігіне кері әсер ететін. Себебі іске қосу кезінде қажетті агрегаттарға жету қиын болатын», - дейді Дәулет Шокенов, Ертіс өндірістік кешенінің бас энергетигі.

БАЖ – бұл есеп құралдарының, бекіткіштердің, көрнекі панельдердің, диірмендерді және тиісті жабдықтарды (сорғылар, классификаторлар, май станциялары) басқару жүйесі мен панельдерінің кешені.

Бұл жүйенің басты міндеті - шар диірмендерінің және тиісті жабдықтардың үздіксіз жұмысын, кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

«Бұл жүйенің арқасында жедел түрде апаттық жағдайлардың алдын алуға болады. Мәселен, мойынтіректерде май таусылса, жүйе автоматты түрде оның жұмысыны тоқтатады. Сол арқылы жабдықтың істен шығуына жол бермейді. Ал егер электр жүйесінің қысқа тұйықталуы болса, жабдықтар өшіріліп, электр қозғалтқыштар бұзылмайды. Егер тиісті жабдықтар істен шықса,  БАЖ барлық жабдықтарды біртіндеп тоқтатып, басқару панеліне ақауларды шығарып, оларды тіркейді», - дейді  Дәулет Нұрланұлы.

Ал электрондық базаның арқасында жүйе өзіне қажетті статистиканы жүргізеді. Мамандардың айтуынша БАЖ жоспардан тыс тоқтауларды азайтып, жөндеу жұмыстарының шығындарын қысқартады. Сонымен қатар, тораптар мен механизмдердің жұмыс мерзімдерін ұлғайтады, оңтайландырады. 

Бұл жүйені 2012 жылы енгізе бастады. Қазіргі уақытта ол толығымен сынақтардан өтіп, Белоусов кен байыту фабрикасында сәтті қолданылып келеді. 

 

Жанна Мұзапарова,

Белоусов кенті

 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов